Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет16/16
Дата25.12.2016
өлшемі2,92 Mb.
#4841
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Саралап баға беріңіздер.


Шығармашылық әлеуеттің құрылымы (М. Мерзлякованың анықтамасы бойынша)


1. Базалық бөліктер:

- кәсіби мәдениет;

- педагогтың жалпы ізгіліктік мәдениеті.


2.Тұлғаның құндылық-түрткілік және эмоционалдық саласы:

- тұлғаның адамгершілік тәжірибесі мен бағытталуы;

- тұлғаның қажеттілік пен қызығу байлығы;

- әбден жетілуді тілеуі;

- танымдылық мақсаттың болуы;

- педагог тұлғасының шығармашылық бағыттылығы;

- шығармашылық үрдісінде ынтымақтастыққа, өзара бірлескен әрекетке қабілеттілігі.


3. Қабілеттер, яғни, шығармашылық әрекетпен айналысу мүмкіндігі:

- ойлау қабілеті дамуының жоғары деңгейі, оның икемділігі, ерекшелілігі, тереңділігі;

- дәстүрлі міндеттерді жаңаша шешу және жаңа міндеттерді шешуге қабілеттілігі;

- мәселелерді шешу жолдарын жылдам табу және жаңа шарттарға сәйкес әрекет тәсілдерін ауыстыру;

- жаңаны көруге қабілеттілік, соған сәйкес жұмысты қайтадан құру;

- белгіліні өз бетінше және сонылықпен қарастыру;



- өзінің шығармашылық әрекетінің нәтижесін болжай білу қабілеттілігі.


4. Психофизиологиялық сала:

- тәртіпті өзі реттеуге деген қабілеттілік;

- педагогтың жалпы жоғары қабілеттілігі, оның дене күші, үлкен ішкі қуаты;

-психофизиологиялық мүмкіндіктерін дамытудың жоғары деңгейі.



17. тақырып.Инновациялық бағытта қызмет атқаратын мұғалім .



Педагогикалық инновация тақырыбы бойынша схема жасаңыз.

Инновациялық бағытта қызмет атқаратын мұғалімге тән белгілерді атаңыз.

Жеке тұлғаның негізгі әлеуеттері


Эстетикалық әлеуеті:

- тарихи, мәдени

ескерткіштерді сақтау;

- әсемдікті қорғау

сезімінің басымдылығы;

- әсемдік пен сұлулықты

көріп, бейнелей білуі.


Адамгершілік әлеуеті:

- ұлтжандылық;

- еңбексүйгіштік;

- адалдық;

- әділдік;

- жауапкершілік;

- үлкенді сыйлау

қасиеттері.



Танымдық әлеуеті:

- ақыл-ойдың дамуы;

- танымдық белсенділігі;

- өзін-өзі тану

қабілетінің дамуы;

- өзіндік таным

қабілетінің дамуына

мүмкіндіктің болуы.





Қарым-қатынастық әлеуеті:

- өз білгендерін көпшілікке

әр түрлі жолдармен

жеткізе білуі;

- этикет нормалары.

Шығармашылық әлеуеті:

- ізденушілік дағдысының

қалыптасуы;

- өзін-өзі дамытуы;

- өз бетінше шешім

қабылдауы;

- интеллекетуалды

әрекеті;

- спонталдық

шығармашылық әрекеті;

- креативтік ойлауы.


Денсаулық әлеуеті:

- әр түрлі қимыл-қозғалыс

жұмыстары арқылы ден-

саулықты сақтау, қорғау;

- денсаулық сапасын

дамыту іс-шараларын

тиімді жүргізу;

- салауатты өмір салтын

сақтау.

18.Тақырып. Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы мұғалімнің шеберлгі.



1 Жағдаят

Кураторлық сағатта әртүрлі діни ағымдар жайында әңгіме өрбіп жатыр. Бір кезде студенттің бірі «Сіз құдайға сенесіз бе?» деп сұрақ қояды. Сіз қалай жауап бересіз?



2 Жағдаят

Сіздің бір пәніңізден болатын бақылауға студенттердің шпаргалка даярлағанын білдіңіз. Қандай шара қолданасыз?



3 Жағдаят

Бақылау жұмысын орындау барысында оқытушы 2 студенттің бір-бірімен ақылдасып отырғанын байқайды. Қандай шара қолданасыз?



4 Жағдаят

Сабақ барысындағы электронды ойындармен және ұялы телефондармен қалай күресу қажет?



5 Жағдаят

Тәжірибесі жоқ, жас оқытушы университетте элективті пән енгізеді, ол студенттерге өте ұнайды және оқытушы мен студенттер арасында жақсы қарым-қатынас орнайды. Бір күні студенттің бірі: «Сіз бізге тек осы пәнді емес, барлық пәндерден сабақ беріңіз деп өтінеді. Біздің оқытушы өте қатал!» дейді. Қалай жауап қайтарасыз?



6 Жағдаят

Университетте факультет төңірегінде Жаңа жылдық мерекеге байланысты мерекелік іс-шара өтетін болды. Басты рөлге екі қыз бала ұсынылды: біріншісі - үздік оқитын, жауапкершілігі мол, екіншісі - қанағаттанарлық оқитын, бірақ өте қабілетті. Екеуін де реңжітпей, қайсысын таңдайсыз?



7 Жағдаят

Топқа жеке меншік мектепте оқыған жалқау, жауапсыз 11 сыныптан кейін репетитордың көмегімен ЖОО-на әзер түскен «жаңа орыс» келеді. Бірінші курстың эмтихандық сессиясын аяқтаған соң, сынақ кітапшасына қараса кілең үштіктер, олардың өздері көтермелеп қойылған. Осындай нәтижені көріп, студент куратарына шағымданады: «Менде неге барлығы үштіктер, мен бестік болады деп ойладым» дейді. Куратор не деп жауап беру қажет?



8Жағдаят

Университте 2007 жылдан бастап темекі шегуге тыйым салынған, жас куратор – оқытушы өзінің студентінің темекі шегіп тұрғанын көреді. Куратор қандай шара қолдануы қажет?



9Жағдаят

Топта тек репитордың көмегін ғана пайдаланбай, өзін-өзі оқытумен айналысатын және барлық уақытын пән бойынша қосымша оқып, барлық әдістерді және тәсілдерді қолданатын студенттер бар. Бірде сабақ барысында осындай студентердің бірі жас оқытушының қатесін түзетеді. Сіз қандай шара қолданар едіңіз?



10 Жағдаят

1 курс студенті топ кураторына оқытушыны басқа оқытушыға ауыстыру жайында шағымданады, ол материалды дұрыс түсіндірмейді, өткен материал бойынша СӨЖ тапсырмасына көмектесуден бас тартады, осыларды ескере отырып «Дәріс сабағын дұрыстап тындап, түсініп алу керек еді» дейді кураторы. Сіз осы куратордың орнында болсаңыз не істер едіңіз?



11 Жағдаят

Соңғы курстың студенттері кураторына шағымданады, оқытушы сабақта көп сөйлейді, қажетті ештеңе бермейді. Олардың пікірлерінше бұл оқытушы өзінің пәнін дұрыс білмейді. Олар оқытушыны ауыстыруды өтінеді. Осында жағдайда куратор қандай шара қолдануы қажет?



12 Жағдаят

2 курс студенттері кураторына қазақ тілі оқытушысының олармен тек қазақ тілінде сөйлесетінін, олардың ештеңе түсінбейтіндерін айтып шағымданады. Не істеу қажет?



13 Жағдаят

Сіздің шақыртуыңызбен сессия нәтижесі бойынша оқудан шығарылайын деп жатқан (немесе қайтадан сол курсқа қалдырылайын деп жатқан) топтағы бір студенттің ата-анасы келді. Сіз бірнеше рет студент арқылы ата-анасына ескерту жасаған болатынсыз. Анасы осы ескерту жайлы бірінші рет естіп тұрғанын айтады. Осындай жағдайда не істейсіз?





Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет