Қазақы үй іші.
Аружан (газет оқып отырады),
Қарагөз (ұршық иіріп отырады)
Айгерім (тоқуыш тоқып отырады, Сая жанында отырады)
(Даладан Ұлжагн кіріп келеді)
Ұлжан: Үшаттылы салт аттылар келе жатыр . Сәнді киінген, бет алыстары біздің үй, шамасы, арнайы қонақ тәрізді.
(Саяжан ұялып лып етіп тұрып кетеді)
Қарагөз: Ол не қылған қонақтар екен, құдайы қонақтар мекен, мүмкін саяхатшылар шығар.
Аружан: «Құдайым би қылмасаң да би би түсетін үй қыл» деп тілек тілген халықтың баласымыз. Арнайы қонақ болса, болар. Алдынан шығып, күтіп алалық. (Орнынан тұрып есікке беттей бергенде, қонақтар есендесіп кіріп келеді)
Аружан: О Аллам. Байеке бұл сенбісің? Бүгінгі күн бір құтты болдау. Балалық шағымнан бірге өскен серігім!
Касо: Ассалаумағалеукум Мәке! Көріспегелі көп айдық жүзі болды. Аманбысыз. Ауыл аймақ мал жан аман ба?
Аружан: Шүкір аман. Табалдырықта тұрмаңыздар, жаман ырым,Төрлетіңіздер, Төрлетіңіздер. Жайғасып отырыңыздар. «Қонақпен еріп, құт, ырыс келеді» деген, бәйбіше, қазан көтер, шай қамда.
Касо:Рақмет Мәке. Біз «арнайы қонақпыз», асығысымыз жоқ.
Аружан: Тамақтан алып отырыңыздар. Жөніңді айта ғөй Бәке
Касо: Есіңдеме Мәке осы перзентттен зарыққан шағымызда бірге Аллаға құлшылық етіп едік қой.Алла бірімізге ұл бірімізге қыз берді. Сіздің қызыңыз Ай десе аузы бар күн десе көзі бар тәрбиелі ару болып өсті. Біздің ұлда ер жетті, жар аларлық жасқа келді. Перзенттерімізді ата дәстүрімізбен сәби күнінде атастырып қойып едік,сол сөзімізді іске асыратын сәт кеоген сияқты. Өзіңіздің алдыңыздан өтуге келдік?
Аружан:
(Саяға қарайды, Қарагөзге қарайды) Дұрыс айтасыз. Осы мәселені өзімде ойлап жүр едім. Қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шоқтырмай өсірген қызым. Сізге бермегенде кімге беремін. Сіздің балаңыз нағыз ер нағыз жігіт. Қызымды бердім
Қарагөз: Онда неге тұрмыз тойдың күнін анықтайық.
Қарақат: Әп бәрекелді. Мың жылдық құда болуымыз құтты болсын. Құдағи( Қарақат Қарагөз құшақтасады)
Қарагөз: Қызымыз жақсы жерге бара жатыр, мен өте қуаныштымын. Жас шаңырақтары берік болсын деп бата беріңіздер.
Аружан: Бата береді
Қарақат: Құдалар тқс қағыстырыңыздар
(Қағыстырады)
1 Акт бітті
2 Акт
( Касо Айгерім Өлең айтады)
Саяның шашын өріп отырады Айгерім.
Қарақат: Қызым дайынсың ба?
(Сая қобалжып отырады)
Қарақат: қызым уайымдама,жақсы жерге бара жатсың, текті ұрпақтың келіні боласың. Қайын атаң білдей бір ауылдың ауылбасы. Бұл неке құтты болмақ.
(Қарақат көзін сүртеді жыламсырап) Барған жеріңе тастай батып судай сің қызым. Сол әулетті бақытты етемін деп бар. Сен үлкен әулеттің келіні болған соң жауапкершілік көп болады. Қызым ақылды бол.
Жүре ғой
(Алып партаның арғы жағына әкетеді)
Тақтада басқалар билеп жатады.(музыка өшеді)
Тамада біреу :Қадірменді қонақтар қызымызды шығарып салатын уақытта келіп қалған сияқты. Жеңгелер алып келіңіздер қызды.
САяны әкеледі. Сая отбасымен қоштасады
Аружан шекесінен сүйіп сөз айтады.
Касо мен Айгерім екі жағынан ұстап щығарып салады. Еркін алып кетеді