Азаматтық құқық ұғымын сипаттап жазыңыз


Заттық құқықтарға ие болу негіздерін түсіндіріңіз



бет18/37
Дата14.02.2023
өлшемі90,05 Kb.
#168646
түріКодекс
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Байланысты:
Азаматтық сессия

43. Заттық құқықтарға ие болу негіздерін түсіндіріңіз.
Заттық құқық — нысаны зат болып табылатын субъективтік азаматтық құқық. Заттық құқықты иеленуші тұлға оны қандай да бір іс-әрекетке, басқа міндетті тұлғалардың жәрдеміне жүгінбей-ақ, өз бетінше дербес жүзеге асырады. “Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі” бойынша, заттық құқықтарға мыналар жатады: меншік құқығы, жерді пайдалану құқығы, шаруашылықты жүргізу құқығы, мүлікті басқару құқығы.
Мүлікке заттық құқық осы мүліктің меншіктенушісі болып табылмайтын тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін. Затқа меншік құқығының басқа тұлғаға көшуі осы мүлікке өзгедей заттық құқықтың тоқтатылуы үшін негіз болмайды. Заттық құқықтарға, заңдарда өзгеше көзделмесе немесе Заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншік құқығы туралы нормалар қолданылады. Заттық құқық – абсолют құқық. Заттық құқық нақты міндетті адамдарға қарсы заңмен қорғалатын міндеттемелік құқықтан өзгеше түрде барлық және әрбір адамнан, яғни осы құқықты кез келген бұзушылардан қорғалады. Мұның мәнісі – нақты адамның заттық құқығына нұқсан келтіруден барша адам тежелуге міндетті, ал меншік иесінің өз кезегінде өзінің заттық құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіретін іс-әрекеттерді тоқтатуды, бұзылған құқықты табиғи түрде қалпына келтіруді, яғни өзінің иелігінен шығып кеткен затын қайтарып беруді барлық және әрбір адамнан талап етуге құқығы бар. Мұндай талаптар “заттық құқықтық талаптар” деп аталады.
44. Ерлі- зайыптылардың ортақ меншігінің мазмұнын түсіндіріңіз.
223-бап. Ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi
1. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкi, егер бұл мүлiк ерлi-зайыптылардың үлестi меншiгi болатыны, не олардың әрқайсысына тиесiлi немесе меншiк құқығында тиiстi бөлiктерде ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi екенi олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бiрлескен меншiгi болып табылады.
2. Ерлi-зайыптылардың некеге тұрғанға дейiн тиесiлi болған, сондай-ақ олардың некеде тұрған кезiнде сыйға тартылған немесе мұрагерлiк тәртiппен алған мүлкi олардың әрқайсысының меншiгi болып табылады.
Қымбат бағалы және басқа әсемдiк заттарын қоспағанда, жеке пайдаланудағы заттар (киiм-кешек, аяқ киiм және т.б.), некеде тұрған кезде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынғанымен, оларды пайдаланған жұбайдың меншiгi деп танылады.
Егер некеде тұрған кезде ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң есебiнен сол мүлiктiң құнын едәуiр арттырған қаражат жұмсалғаны (күрделi жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.б.) анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен меншiгi деп танылуы мүмкiн.
3. Ерлi-зайыптылардың бiрiнiң мiндеттемелерi бойынша жаза өз меншiгiндегi мүлiкке ғана, сондай-ақ бұл мүлiктi бөлiсу кезiнде ерлi-зайыптылардың бiрiне тиесiлi болатын ортақ мүлкiндегi өз үлесiне ғана қолданылуы мүмкiн.
4. Ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiк құқықтарының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдарымен белгiленедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет