39. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлерін түсіңдіріңіз. Азаматтық құқықта мерзім ұғымы заңдық салдармен байланысты сәт немесе шектеулі кезең деп түсіндіріледі (АК 172 бабы). Демек, заң табиғаты тұрғысынан алып қарағанда, мерзім дегеніміз зандық факт болып табылады.
Әдебиетте мерзімді оқиға деп аталатын, яғни адамдардың еркінен тыс болатын құбылыстарды зандық фактілер категориясына жатқызады.
Мерзімнің түрлері. Азаматтық құқықтық мерзімдерді әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Тағайындауына байланысты үш түрлі болады (17, 28, 178 баптар);
1) Нормативтік;
2) Шарттық (жақтардың келісімімен айқындалады, мысалы, 277бап);
3) Соттық (сот шешімімен қаралады).
Мерзімдер өзінің құқықтық табиғатына орай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі;
2) Субьективті құқықты жүзеге асыру мерзімі;
3) Үзіп тастау мерзімі;
4) Кепілдік мерзімдер;
5) Кінәрат қоятын мерзімдер;
6) Азаматтық-құқықтық міндеттерді орындайтын мерзімдер;
7) Азаматтық құқықтарды қорғайтын мерзімдер.
40. Талап қою мерзімін түсіндіріңіз. 177-бап. Талап қою ұғымы
1. Талаптың ескiруi – адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденiң бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкiн болатын уақыт кезеңi.
2. Талап қою мерзiмдерi және оларды есептеу тәртiбi заңмен көзделедi және оларды тараптардың келiсуiмен өзгертуге болмайды.
178-бап. Талап қою мерзiмдерi
1. Талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi.
2. Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 177, 179-186-баптарының ережелерi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, талап қоюдың арнаулы мерзiмдерiне де қолданылады.
41. Меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарын түсіндіріңіз. 195-бап. Меншiк иесi болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары
1. Меншiк құқығымен қатар заттық құқықтарға:
1) Жердi пайдалану құқығы;
2) Шаруашылық жүргiзу құқығы;
3) Оралымды басқару құқығы;
3-1) бөтеннің жылжымайтын мүлкін шектеулі түрде нысаналы пайдалану құқығы (сервитут);
4) Осы Кодексте немесе өзге заң актiлерiнде көзделген басқа да заттық құқықтар.
2. Заттық құқықтарға, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, мүлiкке меншiк құқығының басқа тұлғаға ауысуы осы мүлiкке басқа да заттық құқықты тоқтату үшiн негiз болып табылмайды.