Азаматтық құқық ұғымын сипаттап жазыңыз


Ортақ меншік ұғымы және оның түрлерін сипаттап жазыңыз



бет26/37
Дата14.02.2023
өлшемі90,05 Kb.
#168646
түріКодекс
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
Байланысты:
Азаматтық сессия
Тәңірберген Жанерке (БӨТ), Физиканы медицинада қолдану негіздері Катпаева К.А (копия), бөж Нұрайка есептер қр қылмыстық, хим.ж Нози БӨЖ-2, 28 сертификат (1)
58. Ортақ меншік ұғымы және оның түрлерін сипаттап жазыңыз
1. Екi немесе бiрнеше адамның меншiгiндегi мүлiк оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады. 
2. Мүлiк меншiк иелерiнiң әрқайсысының меншiк құқығындағы үлестерi белгiлене отырып (үлестiк меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн. 
3. Мүлiкке ортақ меншiк үлестiк меншiк болып табылады, бұған мүлiкке ортақ меншiк құру заңда көзделген реттер қосылмайды. 
4. Ортақ меншiк екi немесе бiрнеше адамның меншiгiне мүлiк түскен кезде пайда болады, оны өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге болмайды (бөлiнбейтiн заттар), өйткенi ол заңға сәйкес бөлiнуге жатпайды. 
Бөлiнетiн мүлiкке ортақ меншiк заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады. 
5. Бiрлескен меншiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша, ал келiсiмге қол жетпеген жағдайда - сот шешiмi бойынша ортақ меншiкке осы адамдардың үлестi меншiгi белгiленуi мүмкiн. 
6. Жылжымайтын мүлiкке меншiк кондоминиум нысанында пайда болуы мүмкiн, бұл жағдайда жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкте емес бөлiктерi ортақ үлестiк меншiк құқығымен жылжымайтын мүлiк бөлiктерiнiң иелерiне тиесiлi болады. 
Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесi оның жылжымайтын мүлiктiң өзiне тиесiлi бөлiгiне бөлек меншiгiнен ажырағысыз. 
Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi мен оны ұстауға арналған шығындарға қатысу дәрежесi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүлiктiң дара (бөлек) меншiктегi бөлiктерiнiң мөлшерiне байланысты болады. 
Кондоминиумның әр алуан түрлерiнiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалуы мүмкiн. 
7. Инвестициялық пай қорының активтерiне ортақ үлестiк меншiктiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заң актiсiмен айқындалады
59. Олжа ұғымын сипаттап жазыңыз 
Олжа – жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан адамға немесе заттың меншiк иесiне немесе оны алуға құқығы бар өзiне белгiлi басқа адамдардың бiреуiне дереу хабарлауға жəне табылған затты оған қайтаруға мiндеттi.
Егер зат үй-жайдың iшiнде немесе көлiкте табылған болса, ол сол үй-жайдың немесе көлiктiң иесi болып табылатын адамға тапсырылуға тиiс. Мұндай ретте осы иеленушi затты тапқан адамның құқықтарын иеленiп, оның мiндеттерiн мойнына алады.
Егер табылған затты алуға құқығы бар адамның өзi немесе оның тұрған жерi белгiсiз болса, затты тауып алушы олжа туралы iшкi iстер органдарына немесе қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппаратына мəлiмдеуге мiндеттi.
Затты тауып алушы оны өзiнде сақтауға не iшкi iстер органдары- ның, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмi аппаратының немесе олар көрсеткен адамның сақтауына тапсыруға құқылы. Тез бұзылатын затты немесе сақтауға кететiн шығындар оның құнына сəйкес келмейтiн затты та- уып алушы түсiм сомасын растайтын жазбаша дəлелдемелер алып, сата алады. Табылған затты сатудан түскен ақша сақталуға жəне зат- ты алуға заңды құқығы бар адамға қайтарылуға немесе бұл заттың өзi үшiн белгiленген тəртiп пен жағдайларда басқа адамдардың меншiгiне берiлуге тиiс.
Егер олжа туралы iшкi iстер органдарына немесе қаладағы ау- дан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппаратына мəлiмденген кезден бастап алты ай өткенше жоғалған затты алуға заңды құқығы бар адам анықталмаса жəне затқа өзiнiң құқығы туралы оны тапқан адамға не iшкi iстер органдарына немесе қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппаратына мəлiмделмесе, затты тауып алушы оған меншiк құқығын алады.
Егер затты тауып алушы тапқан затын меншiгiне алудан бас тарт- са, ол коммуналдық меншiкке өтедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет