Азаматтық құқық ұғымын сипаттап жазыңыз


Міндеттемені мерзімінен бұрын орындау негіздерін сипаттап жазыңыз



бет28/37
Дата14.02.2023
өлшемі90,05 Kb.
#168646
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Байланысты:
Азаматтық сессия
Тәңірберген Жанерке (БӨТ), Физиканы медицинада қолдану негіздері Катпаева К.А (копия), бөж Нұрайка есептер қр қылмыстық, хим.ж Нози БӨЖ-2, 28 сертификат (1)
62. Міндеттемені мерзімінен бұрын орындау негіздерін сипаттап жазыңыз 
Кәсiпкерлiк қызметке байланысты мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауға мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындау мүмкiндiгi заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында көзделген, не iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеменiң мәнiн туындаған реттерде ғана жол берiледi.
63. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерін түсіндіріңіз 
Қамтамасыз етудің қандай да бір əдісін тараптардың өзара келісімі бойынша не заңдағы арнайы нұсқауға орай қолдануға болады. Кепіл, айып төлеу, мүлікті ұстап қалу сияқты əдістер міндеттемелердің кейбір түрлеріне қатысты заңнамада арнайы қарастырылса, ал өзгелерін қамтамасыз етуге бұл əдістерді қолдану тараптардың келісімінде бекітілуі мүмкін.
Қамтамасыз етудің барлық əдістері негізгі қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатысты қосымша (акцессорлық) сипатқа ие бола- ды жəне олар тек шынайы талапты ғана қамтамасыз етуі мүмкін. Олар негізгі міндеттемеге ілесе жүреді. Атап айтқанда, негізгі міндеттемедегі талап ету құқығын беру жəне борышты аудару орын алған ретте қамтамасыз ететін қосымша міндеттеме бойынша да құқықмирасқорлығы жүргізіледі.
Негізгі міндеттеменің тоқтатылуы қосымша міндеттеменің де тоқтатылуына əкеледі. Егер негізгі міндеттеме жарамсыз деп таныл- са, бұл автоматты түрде қосымша міндеттеменің де жарамсыздығына əкеледі жəне керісінше, қамтамасыз ету əдісі жарамсыз деп танылған ретте негізгі міндеттеме күшін сақтап қалады. Банктік кепілдік деп аталынатын қамтамасыз ету əдісі ғана бұл қағидадан тыс жатыр деуге болады.
Айып төлеу – борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шарт- пен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп таныла- ды (ҚР АК 293-бабы).
айыппұлдық айып төлеу – толықтай көлемде бір мезетте шығындар мен айып төлеуді өндіріп алады;
балама айып төлеу – несие берушінің таңдауы бойынша не айып төлеу не шығындар өндіріліп алынады;
айрықша айып төлеу – тек айып төлеу ғана өндіріліп алынады;
есепке жатқызу айып төлеуі – айып төлеуде жəне шығында өндіріледі, бірақ соңғысы айып төлеумен жабылмаған бөлігінде өндіріледі.
Егер заңнамада немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, жалпы ережеге сəйкес айып төлеу есепке жатқызу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет