Азаматтық құқық ұғымын сипаттап жазыңыз


Міндеттеме ұғымы және оның пайда болу негіздерін сипаттап жазыңыз



бет27/37
Дата14.02.2023
өлшемі90,05 Kb.
#168646
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Байланысты:
Азаматтық сессия

60. Міндеттеме ұғымы және оның пайда болу негіздерін сипаттап жазыңыз
Міндеттеме – материалдық игіліктердің тауарлық қозғалысына дейін орын алатын салыстырмалы құқықтық-қатынас болып табы- лады жəне бұған орай, бiр тұлға (борышқор) басқа тұлғаның (не- сие берушiнiң) пайдасына белгілі бір материалдық игіліктерді беру жөніндегі белгілі бір əрекеттерді жасауға міндетті болады, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы.
Міндеттемеге екі тарап қатысады – өкілетті жəне міндетті тарап- тар. Материалдық игіліктердің қозғалысының белсенді əрекеттерсіз орын алмайтындығы себепті, өкілетті тарап міндеттеменің орында- луын міндетті тараптан талап ету құқығына ие. Міндетті тарап болса, екінші тараптың пайдасына белсенді іс-қимылдарды жасауға міндетті болып табылады.
Өкілетті тарапқа талап ету құқығы тиесілі болады, ал тараптың өзі несие беруші деп аталады. Міндетті тарап – борышқор, оның міндеті – борыш. Кейде əрбір тарап бірмезетте талап ету құқығына жəне борышқа ие болатын міндеттемелерде кездесуі мүмкін жəне бұл ретте, əрбір тарап бірмезетте несие беруші жəне борышқор болып та- былады. Талап ету құқығы мен борыш міндеттеменің заңи мазмұнын құрайды. Борышқордың əрекеті оның объектісі болып табылады.
Міндеттемелердің əралуан болуы себепті, оларды белгілі бір не- гіздерді басшылыққа ала отырып, жүйеге келтірген орынды.
61. Міндеттемені үшінші жақтың орындауы негіздерін сипаттап жазыңыз
Егер заңдарда немесе шартта көзделсе, сол сияқты үшiншi жақ тиiстi шарт арқылы тараптардың бiрiмен байланысты болса, мiндеттеменi орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшiншi жаққа жүктелуi мүмкiн. 
2. Егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан немесе оның мәнiнен борышқордың мiндеттеменi жеке өзi орындау мiндетi туындамаса, несие берушi борышқор үшiн үшiншi жақ ұсынған орындау iсiн қабылдауға мiндеттi. 
3. Несие берушiнiң борышқор мүлкiнен ақы өндiрiп алуы салдарынан өзiнiң бұл мүлiкке құқығынан (иелену, пайдалану, кепiлге салу құқығы және басқа құқықтары) айрылу қаупi төнген үшiншi жақ несие берушiнiң талабын борышқордың келiсiмiнсiз өз есебiнен қанағаттандыра алады. Бұл ретте мiндеттеме бойынша несие берушiнiң құқығы үшiншi жаққа көшедi және осы Кодекстiң талапқа көну туралы ережелерi (осы Кодекстiң 339-347-баптары) қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет