Азаматтық кодекстің 1-ші бабында көрсетілгендей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субьектілердің бірі азматтар



бет8/12
Дата07.02.2022
өлшемі177,5 Kb.
#89783
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Тұлғалар құқығы
Сүндет той сценарий, Сүндет той сценарий
Заңдық жауапкершілік дегеніміз – арнаулы органдар немесе лауазымды тұлға түріндегі мемлекет пен құқық бұзушының арасындағы тиісінше айырулар мен құқыққа қарсы әрекеті үшін жағымсыз салдарға төзу міндеті жүктелетін құқық нормасын бұзудан туындайтын құқықтық қатынас. Жеке сипаттағы (мысалы, бас бостандығынан айыру), мүліктік (мысалы, айыппұл) немесе ұйымдық сипаттағы (мысалы, жұмыстан шығару) шектеулер осындай зардаптар болуы мүмкін.
Әлеуметтік жауапкершіліктің ерекше бір түрі ретіндегі заңдық жауапкершіліктің белгілері мыналар: а) мемлекет құқық нормаларында белгілеген; ә) мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенеді; б) арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар іс жүргізу тәртібімен қолданады; в) құқық бұзушы үшін нақты теріс зардаптардан көрінеді және қосымша міндеттер жүктеумен байланысты; г) тек қана жасалған құқық бұзушылық үшін туады және қоғамдық бетіне басумен байланысты.
Заңдық жауапкершіліктің мағынасы мен мақсаты субъектілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қорғау болып табылады. Заңдық жауапкершіліктің міндеттері осыдан туындайды. Біріншіден, құқық бұзушылыққа кінәліні жазалау (жазалау міндеті). Екіншіден, құқықты қалпына келтіру және келтірілген зиянды өндіріп алу, ысыратып өтеу (қалпына келтіру міндеті). Үшіншіден, құқықтық санада заңды мінез-құлық мотивтерін қалыптастыру және заңдық жауапқа тартылушы субъектінің де (жеке ескерту), құқық қатынастарының басқа субъектілерінің де (жалпы ескерту) жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу.
Құқық бұзушылықтардың түрлеріне қарай заңдық жауапкершілік былайша жіктеледі:
Қылмыстық, тек қана қылмыс үшін және қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңдарына сәйкес соттың үкімі бойынша ғана қолданылатын ең қатаң түрі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет