Азаматтық кодекстің 1-ші бабында көрсетілгендей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субьектілердің бірі азматтар



бет2/12
Дата07.02.2022
өлшемі177,5 Kb.
#89783
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Тұлғалар құқығы
Сүндет той сценарий, Сүндет той сценарий
Азаматтың әрекет қабілеттілігі
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі құқық субьектілігің екінші элементі болып табылғандықтан оған төмендегідей анықтама беруге болады. Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі (азаматтық кодекстің 17-ші бабы).
Азаматтық әрекет қабілеттілігінің маңыздылығы сонда, ол өз әрекеттерінің нәтижесінде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну. Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген зиянның орнын да өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек келісімдер жасау және олар үшін жауап беру ғана емес, кең шеңберде түсінгеніміз жөн, өйткені азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі келтірген зиянды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады.
Азаматтың толық әрекет қабілеттіліг кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни он сегіз жасқа келген кезден бастап пайда болады. Заң құжаттарында он сегізге толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
Он сегіз жасқа толғаннан соңтолғаннан соң азамат азаматтық айналымның толық қатысушысы болып саналады.
Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады.
әрекет қабілеттілігін шектеудің екі түрі бар: 1. Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу; 2. Әрекет қабілеттілігін сот орындарының шешімі негізінде шектеу.
Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу азаматтың жасына байланысты. Сөйтіп, азаматтық құқық теориясында қалыптасқан ережелерге байланысты әрекет қабілеттілігін үш түрге бөлуге болады. Толық, жартылай (ішінара) және шектеулі әрекет қабілеттілігі.
Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі туралы жоғарыда айтылып кеткендіктен, оған тағы қайталап оралудың қажеті жоқ.
Азаматтық Кодекстің 23-ші бабы атап көрсеткендей, он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Сондықтан да, біздің ойымызша, 14 жасқа толмаған жасөспірімдердің әрекет қабілеттілігі жоқ, бірақ аталған жасөспірімдер өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.
14 жасқа дейінгі жасөспірімдердің жасаған мәмілелері жарамсыз деп есептеу үшін көрсетілген ережелер қатаң сақталуы тиіс; біріншіден, жасалған мәміле жасөспірім жасына сәйкес келуі, яғни 14 жасқа дейінгі азамат мемлекеттік тіркеуді қажет ететін мәмілелердің қатысушысы бола алмайды (мәселен, тұрғын үйді сату немесе сатып алу) екіншіден; жасалатын мәміле сол жасалған жерінде орындалуы тиіс, яғни, сатушы жасөспірімге жасалған мәміле бойынша белгілі мүлікті беру, ал сатып алушы сатушығы мүліктің құнын төлеу. Бұл заңи әрекеттер жасалғаннан кейін екі тараптың арасында құқықтық қатынастар жоқ деп есептеледі; үшіншіден, жасалынатын мәміле мазмұны жағынан тұрмыстық болуы тиіс.


2-ші сұрақ

Ежелгі Рим үшін отбасы үлкен маңызға ие болды және қоғамның маңызды бірлігін білдірді. Римдіктердің тағдыры көбінесе оның қандай отбасында туылғанына, оның отбасы қандай мүлік пен мәртебеге ие болғанына және қандай тәрбие ала алатындығына байланысты болды.


Әке отбасының басшысы болып саналды, оның қолында барлық басқа отбасы мүшелеріне билік болды. Отбасының анасы да құрмет пен беделге ие болды, ересек ұлдары оның сөздерін тыңдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет