Азаматтық сектор қоғам мен мемлекетке қалай көмектесе алады?


Динара Хайрикенова, модератор



бет2/3
Дата25.12.2016
өлшемі386,22 Kb.
#4670
1   2   3

Динара Хайрикенова, модератор: Көп рахмет, Ира. Мен айтылғандарды аздап түйіндеп кетейін, сосын басқаларға өз ойын айтуға мүмкіндік беремін. Ираға сөз сөйлеу туралы ұсыныс тастаған мен едім, себебі маған бұл қызық болып көрінді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шын мәнінде қалай жүзеге асырылатыны, оның тиімділігі туралы мәлімет аз. Өйткені, Василий Валерьевич айтып кеткендей, мемлекет үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік маңызды қызметтерді тұрғындарға ұсыну жағынан көмектескенін қалайды. Міне, осы тұста, үкіметтік емес ұйымдар мұны жақсырақ, тиімдірек жасай алады деген ой туындайды. Сөйтіп, біз әріптестерімізбен ұзақ сөйлестік. Басқармалармен сөйлесіп үлгерген әріптестеріміз, шын мәнінде жағдай мүлдем басқа деген қорытындыға келіп отыр. Осыдан сұрақ туындайды. Шынымен бұл аймақтық ерекшелік пе, ал Павлодар жай ғана осы ерекше жағдай орын алып отырған орын дегенге қатысты ұзақ дауласуға болады. Бірақ мұндай жағдай тек Павлодарға ғана тән емес деп қарастырайық. Егер қазіргі күні мемлекет өз-өзіне қойған міндеттер көлемін, жоғарыдан түскен қандай-да бір саяси тапсырма, міндеттерді немесе әлеуметтік-экономикалық күн тәртібін басқарма арқылы айтарлықтай тиімді орындап жатса, онда онсыз да аз қалған, соншалықты көп нәрсе жасап жатпаған үкіметтік емес ұйымдардың бізге қажеті қанша? Онда неге олар әлі күнге дейін қазіргі күйінде қалып отыр? Иә, мен Ирамен келісемін, мүмкін, шынымен, олар өздерінің жұмыс тәсілін қайта қарауы керек шығар. Осы жерде отырған барлық қатысушылардан әңгімеге араласуларын сұраймын, сондай-ақ біраз адамдарды қайтарып алғым келеді. Біз қазір үкіметтік емес сектор туралы өте көп айта аламыз. Алдында айтып кеткеніміздей, үкіметтік емес сектор – азаматтық қоғамның бір бөлігі. Мен таң қаламын және маған қызық, біз әр уақытта ҮЕҰ ретінде бас қосқанда, біз, тіпті, басқа топтарға, бастамашыл топтарға, белсенділерге мүлде қызық емеспіз. Ал бірақ олардың өмірі үкіметтік емес сектормен қатар өрбіп жатыр. Бұл да ойланарлық. Пікірілеріңізді білдіріп, сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймын. Осы жерде қойылған сұрақтар төңірегін назарға алсаңыздар. Ал мен сөз кезегін Шыңғыс Лепсібаевқа беремін.

Шыңғыс Лепсібаев: Қайырлы күн, қадірменді әріптестер. Меніңше, тақырып өте қызықты, кейбір тұстары дау туғызатындай. Азаматтық белсенділік, қоғамдық ұйымдар жалпы не үшін керек деген жайлы сөз қозғасақ, бұл жерде үш мүдделі тарап бар. Бірі – мемлекет. Мемлекетке ҮЕҰ не үшін қажет? Біріншіден, мемлекетке тән емес, міндеттерді шешу үшін керек, себебі мемлекет өте көп дүниелерді өз мойнына алғысы келмейді, сондықтан бұлармен қоғамдық ұйымдар айналысса, қолайлы әрі тиімді болады. Екіншіден, бұл – біраз адамдарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі. Өкінішке орай, біздегі ҮЕҰ-дарда қанша адам жұмыс істейтіні есімде жоқ, бірақ онда едәуір адам бар.

Көрермендерден: Шындығында, жұмыс істеп жатқандар мыңға жуық.

Шыңғыс Лепсібаев: Мыңға жуық. Келісемін, шамамен осындай шығып қалады. Бұл салада өте көп еріктілер бар екенін ұмытпауымыз керек, ол да жұмыспен қайталама қамтылу болып табылады. Қоғамдық-саяси үдерістердің бұл құрылымы мемлекетке не үшін керек дегеннің үшінші себебі, өз беттерімен бірдеңе жасап жүрген адамдардың үлкен шоғырымен қарым-қатынас жасағаннан гөрі, мейлі ол ресми тіркелген қозғалыс болсын, қандай-да бір ресми ұйыммен жұмыс істеген анағұрлым оңайырақ. ҮЕҰ сондай-ақ қоғамға керек. Не үшін керек? Қандай-да бір қоғамдық-маңызды мәселелерді шешу үшін қажет. Сондай-ақ азаматтық белсенділіктің құрылымды көрінісі. Оған қатысып жүрген адамдарға не үшін керек? Ең алдымен, өзінің қандай-да бір әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін. Мысалы, мен біреуге көмектескім келеді. Кейбіреулер өздерімен өздері көмек көрсетумен айналысқысы келмейді, олар бірігіп, қайырымдылық көмек қалталарыныңы жанында фотосуретке түскісі келеді. Мен мысалға айтып отырмын. Біреулер мансап қуып, қызмет баспалдағымен көтерілгісі келеді, айта кетейін, мұндай мақсатта пайдалану өте жиі кездеседі. Үшінші бір керемет себеп – ақша табу. Егер рұқсат етсеңіздер аздап осы тұсына тоқталып өтейін. Маған соңғы баяндама форматы өте жақсы ұнады. Университеттің студенттік комитетінен бастап, қоғамдық ұйымдармен он бес жыл бойы жұмыс істеп келемін, бір кездері облыстық жастар қауымдастығының жетекшісі, тіпті, Қазақстан жастарының конгресі, «Азаматтық альянс» директоры болғанмын. Сондықтан Павлодардағы ҮЕҰ-дармен болып отырған жағдайды жақсы білемін. Қазақстанның үш аймағында ғана қоғамдық ұйымдар айтарлықтай дамып, жақсы жұмыс істеуде. Ал Павлодар осы үш аймақтың қатарында нық тұр. Бізде Павлодардан Қазақстанның Скаут қозғалысы, Ұлттық еріктілер желісі сынды ұлттық ұйымдар бар. Павлодар қаласының ішкі саясаты қалай жұмыс істейтінін білемін және сенімдімін. Меніңше, Павлодардың ҮЕҰ-дарын көп жыл бойына Павлодар облысының ішкі саясат басқармасына үлгі етуге болады.

Көрермендерден: Павлодардың ішкі саясатын ба әлде ҮЕҰ-дарын ба?

Шыңғыс Лепсібаев: ҮЕҰ-дарды Павлодардың ішкі саясатына үлгі ету керек, яғни павлодарлық ҮЕҰ-дардың кәсіби шеберлігін, аянбай жұмыс істей білуін үлгі етіп, олардан көп нәрсе үйренуге болады. Мемлекет ҮЕҰ-дарсыз да бәрін өзі істей алады деген тұжырымдамадан шығатын болсақ, әрине, тіпті, дәлелдеудің де қажеті жоқ. Себебі мемлекет ҮЕҰ-дарсыз-ақ кез келген дүниені әлдеқайда тиімді жүзеге асыра алады. Алайда бұл жерде сұрақты өзімізге қою керек. Бізге азаматтық қоғам қажет пе? Және келесі сұрақ: бізге жергілікті өзін-өзі басқару қажет пе? Үшінші: бізге азаматтарымыздың өздері бір нәрсе жасағаны керек пе? Егер бұл керек болса, онда біреуге мүмкіндік беру керек қой. Егер біз мүмкіндік бермейтін болсақ, онда дөңгелек үстелдер құрудың қажет жоқ. Онда барлығы мемлекеттік бағдарламалар аясында жасала берсін, қоғамды шақырудың қанша қажеті бар. Рахмет.

Елена Швецова: Қайырлы кеш. Білесіздер ме, Ирина үкіметтік емес ұйымдар мүмкін керек те емес шығар, мемлекет қандай-да бір функцияларды ҮЕҰ-дарға қарағанда әлдеқайда жақсы орындайды деп айта бастағанда менің жүрегім аузыма тығылды, әлі де қатты соғып тұр. Негізінде, менің сұрағым мынадай: біз бүгін ҮЕҰ-дарды көбірек қарастырып отырмыз ба әлде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты ма? Себебі мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін ҮЕҰ бұлар – оған қатысатын үкіметтік емес ұйымдардың бір бөлігі ғана. Ал мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға өтінім бермей-ақ Қазақстан аумағында, әр аймақтарда бұрыннан бері тиімді жұмыс істеп келе жатқан көптеген үкіметтік емес ұйымдарды білемін. Біраз уақытқа дейін мен де сондай ҮЕҰ-дардың бірінде, Оңтүстік-Қазақстан облысында жұмыс істедім. Егер Оңтүстік-Қазақстан облысындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы айтсақ, ол жақта егер мемлекеттік орган өкілдерімен достық қарым-қатынаста болмасаңыз өтінім берудің мүлдем қажеті жоқ.

Динара Хайрикенова, модератор: Лена, біз мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы ма әлде ҮЕҰ туралы сөз қозғап отырмыз ба деген өзің емессің бе?

Елена Швецова: Мен не үшін айтып отырмын, көптеген үкіметтік емес ұйымдар қазір мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс істемейді. Сонымен қатар бір нәрсенің базасында құрылған басқа қоғамдық топтар да бар. Бүгінгі таңда мемлекет азаматтық қоғамсыз қаншалықты тиімді жұмыс істей алады дегенді сөз етсек, онда тағы да қандай азаматтық қоғам құрғымыз келеді деген сұрақ туындайды. Біз есеп беретін, мемлекеттік тапсырысты алып, оны пайдалы, тиісті түрде орындайтын қоғамды құрғымыз келе ме әлде өзіндік идеологиясы, өзіндік бағыт-бағдары бар және сол баяғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа тәуелді емес тәуелсіз азаматтық қоғамды құрғымыз келе ме?

Көрермендерден: Құрметті әріптестер, мына біз қазақ мемлекетінің өкіліміз. Менің қолымда қазақ кітаптары бар, бірақ мен қазақша сөйлегенді көрмей отырмын. Мен ойымды айтайын. Үкіметтік емес ұйымдар болғанда біз халықтың жағдайын айтуымыз керек. Сондай-ақ тілдің де жағдайын айтуымыз керек. Ал енді ойымды орысша айтайын, бағана Василий Валерьевич жақсы айтты, белгілі бір себептермен үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істемейді деген әңгімелеріңіз, мен осы салада жүргеніме 25 жыл болды, мен бәрін үтір-нүктесіне дейін білемін. Азаматтық қоғамды, үкіметтік емес ұйымды басқару үшін білікті басшы керек. Ол қаржы, есеп-қисап жағын да, басқаларды да жақсы білуі тиіс. Бізде мұндай адамдар баршылық. Сондықтан, бұл жерде кедергі салық инспекциясы жағынан болып отыр, есеп бергенде, барлық қағаздар...



Динара Хайрикенова, модератор: Кешірерсіз, мен бір нәрсе айтайын. Мен өзім бастама жасап өткізетін әрбір дөңгелек үстелде айтып жүрмін. Әр уақытта, мемлекеттер органдар мен үкіметтік емес секторлар жиналғанда бір-біріне бас салып, жеке мүдделерін шешуге тырысады. Сіздер бүгінгі отырыста қойылған сұрақтар шеңберінен аспассыздар деп сенемін.

Көрермендерден: Мен сол сұраққа жауап беріп жатырмын. Үкіметтік емес ұйымдардың көбі неге жұмыс істемейді? Бірінші кедергі – бұл салық инспекциясы, өйткені есеп беру керек, ал бұл есеп ешкімге керек емес. Бұл босқа кеткен уақыт, далаға кеткен ақша. Егер үкіметтік емес ұйым бухгалтерия ұстаса, онда ол үшін 200 мыңнан кем емес ақша керек, ал қай үкіметтік емес ұйым оны төлей алады? Біз бәріміз өз бастамамыз бен азаматтық патриотизм негізінде жұмыс істеп келеміз. Себебі, мен, Семей ядролық полигонынан зардап шегуші ретінде Семей ядролық полигоны мәселелерін жақсы түсініп, онымен айналысамын. Бірақ біз мемлекетке қол созып, көмек күтіп отырған жоқпыз ғой. Біз Үкімет шеше алмаған мәселелерді біз шешкіміз келеді. Біз өзіміз шешкіміз келеді. Ал сол жолда бірінен соң бірі шығып жатқан кедергілер көп. Біз одан өте алмаймыз. Себебі, біріншіден, гранттарға, кез келген қолжетімді қаржыларға құжат тапсырғанда көп уақыт кетеді.

Динара Хайрикенова, модератор: Мен сізден жоғарыда қойылған сұрақтардың біріне жауап беруді сұраймын. Сіз қалай ойлайсыз, бүгінгі таңда, мемлекет үкіметтік емес секторсыз тиімді жұмыс істей ала ма? Бұл бірінші сұрақ. Олардың бәрі үстінде жазылған. Тағы да айтамын, бүгінгі күн тәртібі басқа сипатта. Қазір сіз айтып отырған мәселеңізбен үзілісте Василий Валерьевичке жолығып, көкейіңіздегі сұрағыңызды қоя аласыз. Мен сөз кезегін басқа спикерімізге беремін. Бүгін арамызда Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік өкілі Бауыржан Жаубасов отыр. Іс-шараға дейін Бауыржанмен сөйлескенде мен одан бүгінгі тақырып төңірегінде ой жүгіртіп, түсінік беруді өтінгенмін. Мүмкін біздің сұрағымызға сіз жауап берерсіз. Қазіргі таңда Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің алдында өте маңызды сұрақтар, яғни нақты әр азаматқа қатысты сұрақтар тұр. Ол – сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі, қаржыны ұтымды пайдалану мәселелері, т.б. Сіздің ойыңызша, азаматтық қоғам халыққа қалай көмектесе алады? Бұл көмек қандай формаларда ұсынылуы мүмкін? Рахмет.

Бауыржан Жаубасов: Сәлеметсіздер ме, қымбатты достар. Шақырғандарыңыз үшін рахмет, мұндай талқылауларға, іс-шараларға қатысуға біз ризашылық білдіреміз. Бұл өте маңызды, себебі біз мемлекеттік орган ретінде азаматтық қоғам белсенді болу керек және үнемі мемлекетпен тікелей байланыста болуы тиіс деп есептейміз. Талқылау барысында шешу қажет күн тәртібінде тұрған мәселелер өте көп. Біздің мемлекеттік органды мысалға алсақ, алдында айтқанымыздай, негізгі бағытымыз – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және ең басты міндет – бұл азаматтардың құқығын қорғау мәселесі. Таяу уақыттан бері бізде бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғау жөніндегі арнайы бағдарлама пайда болды. Бұл бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғау екенін жалпы қалай түсінуге болады? Азаматтық қоғамның қажеттігі туралы мәселе көпшілігі үшін даулы сұрақ болғанмен, мемлекеттік сектор ретінде, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы уәкілетті орган ретінде біз үшін өте маңызды құрамдас бөлік болып табылады. Мысалы, біздің мемлекеттік органда қоғамдық кеңес бар. Онда әртүрлі мәселелерді талқылап, тиісті шешімдер қабылдап, ұсынымдар жасаймыз. Әрі қарай ол іс жүзінде жүзеге асырылады, ал біз оны бақылауда ұстаймыз. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынасымыз туралы айтар болсақ, мысал келтіріп өтейін. Кәсіпкерлер палатасынан ешкім жоқ па?

Динара Хайрикенова, модератор: Біз шақырғанбыз, өкілдері келуі тиіс еді.

Бауыржан Жаубасов: Бизнесті қорғау жағынан белсенді қарым-қатынастамыз. Мен неге бизнесті қорғауға ерекше көңіл бөліп отырмын, өйткені бұл - еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту бойынша басымдық беріліп отырған бағыттардың бірі, сондықтан біз бұған жауапкершілікпен қарауымыз керек. Әрі қарай, айтып кеткенімдей, біздің мемлекеттік органның қоғамдық кеңестері орталық деңгейінде де, барлық аймақтық деңгейлерде де бар, ал оның мүшелері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері. Арадағы диалог өте қызу жүруде. Біз нақты шешімдер қабылдаймыз. Бізде мамандандырлыған коллегиялық орган бар, бұл – тәртіптік кеңес, оны мен басқарамын. Осы тәртіптік кеңестің мүшелері де үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері. Біз лауазымды тұлғалардың қандай-да бір заң бұзушылық әрекеті үшін жауапқа тартылуын қарастырамыз. Мысалы, бұл жерде тікелей өзарақатынас бар. Біздің, мемлекеттік қызмет агенттігінің жаңа бастамасына қатысты айтсам, естіген шығарсыздар, қоғаммен, заңды және жеке тұлғалармен ашық келісім жасауды бастадық, мен оны сіздерге жібергенмін.

Динара Хайрикенова, модератор: Иә, бұл ашық келісім Қазақстанның азаматтық альянсы арқылы барлық ұйымдарға таратылды.

Бауыржан Жаубасов: Аталмыш келісімнің мәні – азаматтарды, жеке тұлғаларды, үкіметтік емес ұйымдарды сыбайлас жемқорлықпен кешенді күрес жүргізу ісіне тарту. Бұл бойынша әртүрлі іс-шаралар өткізіп, түрлі бағыттағы жұмыстар жасау жоспарланып отыр. Бұл ашық келісім, сондықтан онымен кез келген адам таныса алады және әрі қарай жемқорлыққа қарсы мемлекет саясатына қолдау көрсете алады. Бұл – мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін оған үкіметтік емес сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың көмегі қажет екенін білдіретін оң белгілердің бірі. Сондықтан қазіргі таңда, біздің мемлекеттік органның ұстанымы мынадай: үкіметтік емес сектор – біздің қоғамдағы, еліміздегі өте маңызды институт, бұл тұста мемлекет пен мемлекеттік органдардың онымен тікелей байланысы жоғары деңгейде болуы тиіс. Өйткені біз өмірлік мәні зор мәселелерді шешеміз. Мысалға, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік сектордың мүддесі ортақ, бұл – еліміздегі өмір сүру деңгейін жақсарту. Тіпті, бір мысал келтірейін. Біздің бір міндетіміз – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Осы міндетті орындау аясында біз әртүрлі мониторингтер, сараптамалар, тексерістер жүргіземіз. Бұл міндеттің маңыздылығы – кез келген азамат немесе заңды тұлға мемлекетпен бетпе-бет келгенде қандай-да бір қызметтің көрсетілуіне барынша көңілі толуы тиіс. Бізге бұл ақпаратты тікелей жеткізетін – үкіметтік емес ұйымдар немесе ҮЕҰ мүшелері, не азаматтардың өздері. Біз оларды осы бағытта қарым-қатынас жасайық, осындай іс-шараларға жиналып, мәселелерімізді ортаға салайық деп шақырамыз. Егер нақты бір бағыт бойынша мәселеңіз бар болса, бізге көмектесіңіз, көңілімізді не нәрсеге баса аударуымыз керектігіне қатысты жөн сілтеңіз. Сондықтан, қойған сұрақтарыңыздың біріне жауап бере отыра, біздің мемлекеттік орган үкіметтік емес сектормен өте тығыз қарым-қатынаста дегенді айтамын. Мұндай қарым-қатынас бүгінгі таңда өте пайдалы және оның келешегі бар деп есептейміз. Құрметті әріптестер, туындаған сұрақтарыңызға қысқаша, көп уақыт алмайтындай жауап беруге дайынмын.

Динара Хайрикенова, модератор: Иә, бұл ұйымның өкілі сарапшылық клуб отырысына осымен екінші рет қатысып отыр. Ал бұл, шынымен, қазіргі күні мемлекеттік орган үкіметтік емес ұйымдармен кездесуге мүдделі екендігінің көрсеткіші. Бауыржан, сізге сөз бермес бұрын қояр сұрағым бар. Мемлекеттік орган өзара қарым-қатынас жасауға барынша дайын екені туралы жалпылама сөздер естіп жатырмыз. Аздап нақтырақ айтуға бола ма? Мүмкін, үкіметтік емес ұйым немесе қарапайым белсенді азаматтар сіздердің жұмыстарыңызға қалай көмек бергені туралы нақты бір мысал бола алатын жетістік тарихын айтып берерсіз.

Бауыржан Жаубасов: Өткен жылы, осы жылдың басында бағалар күрт төмендеп кетті. Азаматтар Ресейден автокөлік әкеле бастады. Құжаттарды жаппай рәсімдеу басталды. Былайша қарасаң, арнайы ХҚКО-ын аштық, барлығы жан-жақты, жеңілдетілген болу керек сияқты. Жол полициясы комитеті бұйрық шығарды. Ол бойынша әкелінген автокөлік құралына қатысты Ресейден қосымша мәліметтер әкелу талап етілді. Бұл үшін қосымша уақыт керек болды, азаматтар көліктерін тұрақтарға қоюға тиіс болды, анда-мұнда жүру керек, сол арада қандай-да бір сызбалар пайда болды. Үкіметтік емес ұйымдар, мысалы, біз «Асаймен» тығыз байланыстамыз, олар бізге келіп, бюрократия орын алуда, қисынсыз кедергілер пайда болуда, азаматтар қосымша уақыттары мен қаржыларын жоғалтуға мәжбүр деген шағым түсірді. Біз бірден іс-әрекетке көшіп, арнайы топты жібердік. Олар тексеріс жүргізді. Шынымен солай екен, тексеріс қорытындысы бойынша кеңесте Жол полициясы комитетінің бұл шешімі заңсыз деген шешім шығарылды. Тиісті ұсынымды ІІМ-не жібердік, содан кейін олар оны тоқтатты. Сосын біз мониторинг жүргіздік, мысалы, ақпанда, 2-3 күн аралығында 400 мыңнан астам азамат автокөліктерін аталмыш процедурасыз рәсімдей алды. Бұған дейін 400-500 мың азамат осындай қиындыққа тап болған. Бізге үкіметтік емес ұйымдар тарапынан белгі беріліп, біз араласқаннан кейін жағдай қалыпқа түсті. Екінші бір мысал тағы бар. «Атамекенмен» қарым-қатынасқа байланысты, бізде ай сайын жиналыс өтеді, оған кәсіпкерлер келіп, мемлекеттік органдармен арадағы қиындықтарға қатысты шағымдарын айтады. Мысалы, Астанада, жақында «Шапағат» базары, кәсіпкер ол жалға алып отырған аумақты базар басшылығы тартып алды деп шағым түсірді. Яғни ол жерде басшылық ауысып, девальцияны желеу етіп, жалға алу ақысын заңсыз көтерген, ескі жүйе бойынша тықсыра бастаған. Алайда біз бәріміз білеміз, бұл – коммуналдық базар, ол жерде мемлекет тарапынан дотация бар. Ол сондықтан да коммуналдық болып отыр, зейнеткерлер мен халықтың әлсіз топтарына баға сонша қымбат болмайтындай. Бірақ бұл жерде базардың саясаты аздап бұрмаланыпты. «Атамекен» тарапынан түскен белгіге сай, тағы да тексеріс жүргіздік. Тексеріс қорытындысы бойынша Кәсіпкерлік басқармасы осы базарға жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарды. Осыдан кейін шағым түсірген кәсіпкер алғыс білдіріп, тауар бағаларын көтермей, өз ісін жалғастырды. Міне, осындай шағын мысалдар, бірақ азаматтардың, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып жатыр. Жалпы біз мұндай жұмысты «Астана» радиосында да жүргіземіз, онда «Білу құқығы» деген бағдарлама жүреді. Мен онда үнемі мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын арттыру бағытында түсінік беремін.

Динара Хайрикенова, модератор: Рахмет. Мен қазір көрермендерге сөз беремін. Сұрақ қойып, пікір білдіруге мүмкіндіктеріңіз бар. Қысқа да нұсқа болуларыңыз сұралады. Содан кейін шараны аяқтауға тырысамыз.

Көрермендерден: Бірінші сұрақ: мемлекет азаматтық қоғамсыз тиімді бола ала ма? Азаматтық қоғамсыз мемлекет жоқ. Бұл тұрғындары жоқ, бос жатқан аумақтағы мемлекет, мүмкін мемлекеттік органдарды сол жаққа қоныстандырса, Марстағы мемлекет шығар. Мұндайды мемлекет деп атамайды. Бірінші сұраққа беру құқығы бізде, оған азаматтық қоғам, яғни біз жауап беруіміз керек. Екінші: азаматтық қоғам институттары бүгінде сұранысқа ие ме және оның қызметіне кім жүгінуде? Осында келе жатқанда ойлағанмын, Елбасының биылғы 30 қарашадағы Жолдауы айтылатын шығар деп күткенмін. Иә, толық сұранысқа ие. Бауыржан дұрыс айтады. Президент Жолдауы бойынша, мысалы, мемлекеттік өндіріс нысандарының көп бөлігі жекешелендіріледі. Міне, осы кезде азаматтық қоғамдық ұйымдардан кім оған бақылау жүргізеді? Өкінішке орай, біз жерде болуымыз керек, мен бар жауапкершілігіммен айтып отырмын, біз әлі жемқорлықтың, алым-жиындардың ауылынан алыс кеткен жоқпыз. Он соққы болды, сосын бір әже тұрып былай деді: «бір-бір соққыдан жасайық, сосын әр шенеунік айнаға қарасын, егер айнадағы келбеті жаман екенін көрсе, өзін бір соғады». Міне осыған қатысты. Екінші бағыт – дағдарыс. Мемлекет басшысы әркімге қалай өмір сүру керектігіне, қандай отбасылық жоспар құру керектігіне қатысты нақты бағдар берді. Ал мүгедектерге, тағы басқа әлсіз топтарға бюджеттен белгілі бір мөлшерде қаржы бөлінеді деді. Сондықтан, міне осы тұста сол қаржылар біздің балаларымызға, көп балалы отбасыларымызға, мүгедектерімізге дұрыс жету үшін прокурордың назары емес, азаматтық назар, азаматтық қырағылық қажет. Азаматтық қоғам қандай-да бір [түсініксіз] дамуларға әсер ете ала ма? Ленинді біреу жақсы көреді, біреу жақсы көрмейді. Қандай-да бір параметрлерді мемлекет орындамаған кезде азаматтық қоғамда төңкеріс жағдай туындайды, яғни мемлекет оған келіп, азаматтық қоғам үшін ол өз рөлін қаншалықты атқарып отырғаны жайлы, төңкеріс болуы мүмкін дегенді айтады. Біз мұны қаламаймыз. Біздің республика өте жақсы, онда 100-ден астам ұлттар тұрады. Біз тату-тәтті өмір сүрудеміз, бәрі бізге қызғана қарайды, сондықтан біздің қоғам жұмыс істеуі тиіс. ҮЕҰ-ға ревизия жүргізу керек, яғни етікші етік тігіп, наубайшы тоқашын пісіру қажет. Зейнеткерлікке шыққаныма он бір жыл болды, мені әртүрлі форумдарға шақырып келеді. Маған атам айтатын, қонаққа шақырса, қалма, ол жерде саған у берсе де, құдай құтқарады дейтін. Сөйтіп, сол шақырған форумдарға барып жүрмін. Мен жедел топ қызметкерімін, жедел топ қызметінің ардагерімін. Мен бұл жерде ешкімге топырақ шашқым келіп отырған жоқ, жас қыздар мен жігіттер, нашақорлықтың алдын алу, патриотизм туралы айтып, біз секілді аталарды шақырады, олар сөз сөйлейді, баспасөз хабарламасы, БАҚ, сөйтіп тендерлерін орындайды, бәрі осы жердегідей. Міне, осының бәрі әлі жалғасып келеді. Өкінішке орай, біз бұдан құтылған жоқпыз. Қазір өзгерістер бар, жаңа заңнама...

Динара Хайрикенова, модератор: Сонда, сіздің ойыңызша, үкіметтік емес сектор үшін күн тәртібінде не тұру керек, мүмкін, азаматтық қоғам шығар?

Көрермендерден: Үкіметтік емес секторға арналған тендер мәселесі қосылған. Тендер болу керек, ардагер келіп алып, патриотизм туралы айтқаны керек емес. Бірақ аздап тақырыпқа, оның астарында не тұрғанына қарау керек. Оны өткізе алатын адамдар жасау керек. Қазір біздің әлем өте осал. Мысалы мен парламентте сөз сөйледім. Алдағы жылдары азаматтық қоғам үшін күн тәртібінде не тұру керек дегенге мен жауап бердім. Біз осының бәрін адамдар үшін жасауымыз керек. Азаматтық қоғам осы жылды қалай өткіздік, менің бюджетім үшін өз ақшамызға өмір сүрдік, нашар деп айтуға болады, ал екінші жағынан, мен бұл жылды жақсы өткіздім, себебі автошеруге қатыстым, Белоруссия ардагерлерімен ... қатыстым...

Динара Хайрикенова, модератор: Қазір әңгіме сіздің жеке тәжірибеңіз туралы болып отырған жоқ. Осы жылды қалай өткізгеніміз туралы мен де, сіз де ұзақ айта аламыз.

Көрермендерден: Мен өз жасыма сай ескерту жасай аламын. Міне, алдында «Семей-Невада» ардагері сөйледі, мүмкін тақырыптан ауытқып кеткен шығармыз.

Динара Хайрикенова, модератор: Өкінішке орай, бізде уақыт шектеулі.

Көрермендерден: Мен Гүлбаршын Қасымовнамын, үздіксіз білім беру қоғамдық қоры. Мен мемлекетке, азаматтық қоғамға, ҮЕҰ-дарға, бизнеске қатысты бір ұсыныс айтқым келіп отыр. «Азаматтық альянс» Шығыс Қазақстанда құрылған кезде. Мақсаты да, міндеті де бар күшті біріктіріп, бірге жұмыс істеу болатын. Менің ойымша, ол не үшін құрылды деген сол негіздерге қайта оралу керек шығар және ең бастысы, байқағанымдай, бізде ортақ жоспар жоқ екен, осы жоспарды үйлестіру керек. Әртүрлі өткізіліп отырған бір іс-шара, сондықтан ҮЕҰ-дар, мемлекет, бизнес бәрі бірлесе жоспарлау керек. Сонда бізде бәрі жақсы болады. Ең бастысы, қарым-қатынас жасау, серіктестік туралы айтып жатырмыз, міне осыған ерекше көңіл аудару қажет, сонда ғана нәтиже болады.

Динара Хайрикенова, модератор: Үлкен рахмет. Енді тағы бір-екі адамды тыңдайық. «КАМЕДА» қоры.

Мадина Каримова, «КАМЕДА» ҚҚ: Біз кәсіпкерлер палатасымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу мәселесі бойынша зерттеу жүргізгенбіз. Кәсіпкерлерге келіп, өзімізді таныстырып, әңгімеге тартқанда олар біздің сұрақтарымызға онша жауап бергісі келмеді, өйткені олардың ойынша, біз мемлекеттік органбыз, ертеңгі күні кесірі өздерінің жұмысына тиіп кетер деген қауіппен олар бізге ештеңе айтқысы келмейді. Алайда кейін олар біз үкіметтік емес ұйым екенімізді білгенде, ал жауаптары олардың тағдырына еш кері әсерін тигізбейтінін, керісінше, оны жақсы әсері болуы мүмкін екенін білгенде барып, ашылып, сұрақтарымызға еркін жауап бере бастады. Мемлекеттік орган – Көлік инспекциясы бәрімізді – сол кәсіпкерлерді, бізді және кәсіпкерлер палатасын шақырғанда, керемет болды. Бұл Көлік инспекциясының кәсіпкерлер алдында есеп беру жиналысы болған екен. Жүргізілген зерттеулердің қаншалықты тиімді, ал берген жауаптарының қаншалықты әсері бар екеніне бизнесмендердің сонда барып көзі жетті. Олар мұндай қоғамдық мониторинг жүргізіп тұру пайдалы екендігін баса айтып өтті. Келесі жылы осы сұрақтарға қуана жауап беретін боламыз деді. Мен мұны не үшін айтып отырмын? Азаматтық қоғам керек, халық өзінің мұқтаждықтары мен шағымдарын мемлекеттік органға қарағанда өзімен тең дәрежедегі бізге еркін айтады. Ал Иринаның айтып кеткен мемлекеттік тапсырыс мәселесіне келсек, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа барлық ҮЕҰ-дар тәуелді емес. Бұл тұста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс лоттарын қалай құру керек деген сұрақты мемлекеттік органдарға қою керек сияқты. Мүмкін бұл сұраққа дұрыс көңіл қойып қарау керек шығар. Сондай-ақ, аймақтарда жұмыс істейтін мемлекеттік шенеуніктерді мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа өтінімді бағалау жөнінен оқыту керек, себебі Ирина бұл жерде түсініксіз жайттар көп болды дегенді айтып өткен еді.

Каталог: documents -> page -> projekt -> 2014
documents -> Орындаған: 9 «Ә» сынып жетекшісі Болатбаева С. М. Астана 2014-2015
documents -> Лекция №7-8 по дисциплине: «Зоопсихология и сравнительная психология» Проф. Гагарин
documents -> Тіркеуден және қайта тіркеуден өткен күні Көшбасшысының аты-жөні
2014 -> Қазақстандық полиция: жазалаушы орган ба әлде
2014 -> Есеп беруші мемлекет: алынған сабақтар мен алдағы міндеттер
2014 -> Дағдарыс тұсындағы тұрғын-үй нарығы
2014 -> Азаматтарға медицина қашан қолжетімді болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет