Қазанның жетісі
БЖБ №1
Қазақ әдебиеті 9-сынып І тоқсан 1-бөлім
«Атадан қалған асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқылатын шығармалар:
Ж. Баласағұн «Құтты білік», Шешендік өнер: Майқы би, мен Мөңке бидің шешендік сөздері, Әнет баба «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?»
Оқу мақсаты
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу
Бағалау критерийі
көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады;
шығарманың идеясы бойынша кейіпкерлер жүйесін анықтайды
1-тапсырма. Автордың адам бойындағы құндылықтарды не жоятыны туралы берген түсініктемесін оқи отырып, өз нұсқаңызды жазып көріңіз
Жүсіп Баласағұнның ойы
|
Сенің ойың
|
- біріншісі – ақыл, оны ашулану, өшігу күңгірттендіреді;
- екіншісі – достық, оны күншілдік бұзады;
- үшіншісі – ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды;
- төртіншісі – жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер етуі мүмкін;
- бесіншісі – бақыт, ал оны қызғаншақтық бүлдіреді.
|
- біріншісі- ақыл, ...
- екіншісі- достық, ...
- үшіншісі- ұят, ...
- төртіншісі- жақсы тәрбие, ...
- бесіншісі- бақыт, ...
|
Дескриптор
- үзінді бойынша өз нұсқасын жазады;
- шығармашылықпен орындайды.
2-тапсырма . Майқы би шығармасындағы кейіпкерлер жүйесін анақтап, сипаттаңыз.
Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұнқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан мал бақпас туады,
Тілазардан қылжақбас туады,
Таздан жарғақбас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады.
Бағалау критерилері
|
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады;
|
1
|
- үзінді бойынша өз нұсқасын жазады;
|
4
|
- шығармашылықпен орындайды.
|
1
|
Шығарманың идеясы бойынша кейіпкерлер жүйесін анықтайды
|
|
-кейіпкерлерді анықтайды;
|
2
|
- кейіпкерлер бейнесін сипаттайды.
|
2
|
Барлығы:
|
9 балл
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |