Қазақша Тәрбие сағат: 1 Қазан Халықаралық қарттар күні



Дата15.09.2017
өлшемі197,93 Kb.
#32455
Қазақша Тәрбие сағат: 1 Қазан - Халықаралық қарттар күні (Қарттарым – асыл қазынам)

Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт

– дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай

жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1- қазан қарттар

күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда

жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері

ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп,

көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның

өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы

ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні

саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға

жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары

бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай «» атты кеш

өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың

мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры

Жанасбаев Жиренбай ағайға береміз.

Жүргізуші:

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің

қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген

отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы

түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында

оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін,

олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік,

кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне

ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы,

адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік

қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама

қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын,

әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.

Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің

мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.

Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт

адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.

Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек.

Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді

қымбатты «қонағы» болса, ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп

ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-

анасы оның отбасының құты болып табылады.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр

кезде де бақытты.

Ән: «Әке туралы жыр» орындайтын: Майлыбай Айнұр

1-оқушы: Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутаңдаған жанары,

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ, көңілі кең даладай,

Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.

2-оқушы: Ақиқатты айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылып дариялар.

Неменеңе жетістің, бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп әнеки жағада тұр.

Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,

Сонда орнайды жетімдік басымызға.

Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,

Бір күлшесін бөліскен ашымызға.

Неменеңе жетістің, бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр...

3-оқушы: «Реніш» (Мұқағали Мақатаев)

Әй, балам – ай,

Шамалы – ау түсінігің,

Қандай болар, білмеймін кісілігің...

Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені

Жауар күндей қабағын түсіруін!

Әй, балам – ай, шамалы – ау түсінігің...!

... Жоқ, балақай!

Мен сендей боп өспедім!

Мына мінез – мінезім емес менің.

Адамдардан қарым алу үшін

Не көрмедім, өмірде не кешпедім.

Аяры жоқ адуын жауыздықтан

Алып шықтым арымды тамыздықтап.

Амалым не жастықтың кер тұлпарын

Тасқа қамап тастадым ауыздықтап.

Қиып түсер қыршын ем алмасы көп,

Қидым бәрін сен өксіп қалмасын деп.

Мінезің – ай, балам – ай, мінезің – ай,

Кетпегей – ді мерт етіп, жарға сүйреп.

Жүргізуші: Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен

– билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы

тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат

аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.

Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл

игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым

салады. Бұның бәрі – тәрбие. В. А Сухамлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де,

ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл »,- деп айтқан.

Би: Аққу биі

Көрініс:

Оқушы: Бүгін біздің сүйікті атамыз Мақалбай бізде қонақта. Ол бізге бар мейірін, бар

ақылын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата, ендігі сөз өзіңізде.

Мақалбай ата: Ата – анаңды құрметтесең,

Сенде жақсылық игілік көресің

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер

Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ

Әке – асқар тау,

Ана – бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ.

Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,

Қартайғанда сені де етер ізет.

Маған мынаны айтып беріңдерші, балаларым.

Дүниеде не қымбат?

Не қатты?

Не тәтті?

Жеті тойымсыз бен жеті жұрты атап беріңдерші?

Балалар жауабы тыңдалады.

Мақалбай ата: Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен екенсіңдер ғой!

Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер?

Оқушылар жауабы тыңдалады.

1-оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.

2-оқушы: Үлкенге қарсы шықпа

3-оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.

4-оқушы: Атаға бөлінгендер адыра қалады.

Көпті қорлаған көмусіз қалады.

5-оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.

6-оқушы: Ауылыңда қария болса,

Жазып қойған хатпен тең.

7-оқушы: Кәрі келсе асқа,

Жас келсе іске.

8-оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.

9-оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария.

10-оқушы: Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.

11-оқушы: В. А Сухомлинский: «Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола

біліңдер»

12 – оқушы: Махмуд Қашғари: «жақсы үленді қадірлесе – құт болар.»

13- оқушы: Махмуд Қашғари: «кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі»

14- оқушы Фарид – ад – дин Аттар: «қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу

үшін жас кезінде қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл.»

15- оқушы: Өткен менен кеткенді,

Көп жасаған қарт білер. Шал ақын.

16- оқушы: А. Поп: «Кішіпейілдіктің кетімсіздігі – ақылдың жетімсіздігі.»

17- оқушы: Г. Плеханов: «Кішіпейілділік талаптылыққа тура пропорционал»

Мақалбай ата: Ал, балаларым, жарайсыңдар! Енді өздеріңе ақ батамды берейін.

Сабағыңды оқы беске,

Жақсылығың жетсін көпке

Балалар үйінің қуанышы бол,

Бауырыңның жұбанышы бол.

Сенімін ақта үлкендердің,

Түлесін көктеп мекенің!

Жүргізуші:

Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.

Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген,

тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Ия, ұрпағының өсіп, жетіліп, айналасына

үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?

Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы – “Ұрпағым” деп шыр-пыр

болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл- біздің ең ұлы

ұлттық қасиеттеріміздің бірі. Ал ұрпақтың ата-ана алдындағы борышын

өтеу үшін жасап жатқан ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып,

зейнеткерлерге жағдай жасау. Президентіміздің жыл сайынғы халыққа

жолдауында арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен

қатар өсіп келеді.

Ән: «Қариялар азайып бара жатыр» орындайтын:Аятбек Айдана

Page 9 of 13

4-оқушы:

Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем

Атам менің әманда,

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

Қалдыратын ұлтқа

Жалған сөзге төзбеймін.

Жеткізеді мұратқа,

Тек шындықты көздеймін.



Page 10 of 13

5-оқушы:

Атам менің әманда

Әділетті бол деген,

Ата сөзі санамда

Жүрмін тура жолменен

Ей, тәкаппар дүние

Маған да бір қарашы

Танимысың сен мені?

Мен қазақтың баласы

Атаң болса анаңмен

Алтыннан соққан қорғанмын

Санаң болса ақылды,

Ешкімнен кем болмадың

Інің болса мақалшы

Семсер қылыш білегің

Ақылды қыз, ақылды ұл-

Өкпе, бауыр, жүрегің.

6-оқушы:

Page 11 of 13

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!

Ән: «Ана» орындайтын:Пернебай Сәния

Жүргізуші:

Жас ұлғайып, кәрілік кезеңге аяқ аттау – қазақ қауымын қай уақытта да

ойлантып, толғандырған. Өзі де дәулетті әулеттен, не ішем, не кием деп бас

қатырмай ән қанатына тербелген Біржан сал:

«Әудем жер баса алмаймын аяғымнан,

Ұстаймын екі қолдап таяғымнан.

Кәрілік келіп қалдың қай жағынан?»-деп жырласа, Абай атамыз да: «Қартайдық,

қайғы ойладық, ұлғайды арман», - деп күңіренген.



Page 12 of 13

Ащы айқайымен Сыр бойын ұйқыдан оятқан ер Нартай да:

«Қартайдым, елім, қартайдым,

Келе де береді жантайғым»,- демеп пе еді.

Ия, кәрілік дегенің, бажайлап көрсең, қуанышы аз кезең сыңайлы. Дегенмен

өлі арыстаннан тірі тышқан артық дегендей, бір-

бірімізге ұзақ ғұмыр тілеп, «жүз жаса», «жағың түскенше,

жаманшылық көрме», «шөбереңнің алақанынан су іш» деп жатамыз.

7-оқушы:

Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету,

қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.

Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-

міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір –

қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.

Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып

тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап

күтіп, бағып-қағатын болады.

8-оқушы:

Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде

төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні

атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі:

-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.

- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап

отырмын, – депті баласы. «Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар

емес пе? Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан

безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты

қарғысқа ұшыраған.

Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», – демекші, өзінің

перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс

айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.

9-оқушы:

Бүгінде кейбір жастар ата-анаға ақша жағынан қарасуды өздерінің перзенттік

борышын өтегендік деп біледі. Мұны әке-шешесін аңыратып, ат ізін салмай кеткендер

мен жалғыз басты қарттарын кәрілер үйіне тапсыруға дәті барған жүзіқараларға

қарағанда адамшылыққа баласақ та, оның да оңып тұрмаған қате түсінік екені айқын.

Ата-анаға қажетті – баласынан күтері жалғыз материалдық жәрдем бе екен? Қайта,

ата-анасы баласымен бірге тұруға болмаған күнде, жиі-жиі көрісіп, жүзбе-жүз отырып

әңгімелесіп, мейірін қандыруды, баласын, келіні мен немерелерін көріп, көңілдері

көншуін, олардың сый-құрметін көріп, тәңірге шүкіршілік етуді аңсамай ма?! Дүниеге

бала әкеліп, оны азаптанып өсіріп, енді соның қызығын, қызметін көре алмай, тірідей

Page 13 of 13

суынып, қайырылмай кеткен баласын аңсай-аңсай, дүниеден өткен кәрі әке-шеше

қайғысынан артық қайғы бар ма?!

Абайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», – дейтіні содан шығар.

Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой.

Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына

көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін

жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді.

Жүргізуші:

«Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне,

балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек

жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген

жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!



Тақырыбы: «Қарты бар ел-қазыналы ел»

Мақсаты:  1.Даналық ұғымдар,мақал-мәтелдер,нақыл сөз,салт-дәстүрлерді дәріптеуге,тәрбиеленушілердің  өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық тәлім-тәрбие беру.   

Міндеті: Атаның  қасиетті  сөздерінен бастау алып, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін, тарихын біліп, бүгінгіміз бен келешегіміздің мән- мағынасын тәрбиеленушілерге ұғындыру.

    Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, буфер.

     Қазақстан  Республикасының -  әнұраны  орындалады.

   Тәрбиеші  сөзі:

         Құрметті   қонақтар, көрермендер, ақ  жаулықты  аналар  мен  ақылгөй дана  қариялар!

     Бүгінгі  балауса шағын  балалар  орталығының  «Қарты  бар  ел- қазыналы  ел»  атты  ашық  тәрбие  сағатына  қош  келдіңіздер!

   «Ауылыңның  маңында  төбе болса,  ерттеулі   тұрған  атпен тең. Ауылыңда  ақылгөй  қария  болса , жазып  қойған  хатпен  тең»  деген  екен  біздің  бабаларымыз. Иә, өткенімізді  осы  үлкендерсіз  елестету  мүмкін  емес.Біздің  бүгінгі  нұрлы  өміріміздің, алаңсыз  күлкі,  тәтті  ұйқымыздың  да  бейбіт   сақшысы  бола  білген,  самайларын  қырау  шалып,  жүздерін  уақыт  әжімі  торлаған  данагөй  қарияларымыз  бен ақ  жаулықты  әдемі  әжелеріміз  емес  пе?

             Тақпақ;

Бекзат;

1. Әжем  менің  әлі  де,

     Ұқсамайды  кәріге.

     Шай қайнатып  береді,

     Қажет  болса  бәріне.

2.Іңкәр;

   Әжем  менің ақ  әжем,

Көп  жасаған,  жан  әжем,

Ауырғанда  мен  үшін,

Бір  сүйгені  дәрі әжем.

3.Айсұлтан;

  Аппақ  күміс сақалды,

 Жақсы  көрем  атамды.

4.Жасмин;

   Менің  әжем  бал  әжем,

   Айтқан  сөзі  дәл  әжем.

Ән. «Қошақаным».

1.Жазда  апамның  ауылына,

   Барып едім  қыдырып.

   Бір  қошақан  алдымнан,

Шыға келді  жүгіріп.

  Қайырмасы;

Ақ  маңдайы  Ай ма екен,

Шекер ме екен, бал ма екен.

Кеттім  оны  сағынып,

Қошақаным  қайда екен.                                                                                                               

2.Анаң  кетті жайлауға,

   Оны іздеп қайғырма.

  Анаң  бізге  келеді,

  Ақ сүтінен  береді.

  Қайырмасы;

Ақ маңдайы  Ай  ма екен,

  Шекер ме екен, бал ма екен.

  Кеттім  оны сағынып,

  Қошақаным қайда екен.

«Ата көрген  оқ  жонар».



IV. Сайыскер  қарттар   немерелерімен  бірге  келіп  мұндағы  мақал- мәтелдің бірінші  жолы  айтылады,  оны  сайыскер  қарт пен  немересі  жалғастыруы  керек.

1.Атадан  жақсы  ұл  туса,

   Есіктегі басын  төрге  сүйрер.

   Атадан  жаман  ұл  туса,

   Төрдегі  басын  көрге  сүйрер.

2.Туған  жердей  жер  болмас,

    Туған елдей   ел болмас.

3.Өзге  елде сұлтан  болғанша,

    Өз  еліңде  ұлтан бол.

4.Білімдіден  шыққан сөз,

    Талаптыға болсын  кез.

5.Заманың  түлкі боп қашса,

    Сен тазы боп  шал.

 V.Би. «Чунга- чанга».

VI.Әр  ұлттың  өзіндік  ерекшеліктері,  салт- дәстүрі,  тілі,  ұлттық   мәдениеті  болатыны  белгілі.  Біздің  тәрбиеміз  де  ананың  ақ  сүтінен,   ана   әлдиінен  және  атаның  қасиетті, баталы  сөздерінен   бастау  алады. Халқымыздың  әдет- ғұрпын,  дәстүрін,  тарихын  біліп, оны  қастерлеп,  бүгініміз  бен  келешегіміздің  нәрлі  қайнарына  айналдыру – әрқайсымыздың  азаматтық  борышымыз.

        Шарты  «Білім  мен  парасат».

Сұрақтарға  жауап  алынады,  тапсырма  үш   тапсырмадан  тұрады.  Құрметті  ұстаздар,  көрермен,  ақ  жаулықты   әжелер,  менің   қолымдағы  табақшадан   сұрақтарды  алуларыңызды   өтінемін.Салт- дәстүрлер  сөздеріне  байланысты  сұрақтарға  жауап  беру;

1.     Ерулік  дегеніміз  не?  Оның  мақсаты  қандай?

      Жауап;

      Ауыл  арасына  жаңа  үй  көшіп  келсе,  сол  ауылда   бұрыннан   тұратын   адамдар  жаңа   үй  иелерін  ерулікке  шақырады,  яғни  ас   пісіріп  табақ  тартады. Бұл жаңадан  көшіп  келушілерді   бөтенсіретпей  өз  ортасына  тартудың,  сыйласудың  үлкен  белгісі.

«Сауын  айту»   туралы   не  білесіз?

2.Жауап;

     Бір  елде  ас,  үлкен  той  болатын  болса,  ол  күні   бұрын  жан-  жаққа  хабарланып  сауын   айтылады. Бұл жай  шақыру  емес,  әр ел  салт- дәстүрмен,  яғни  батыр,  палуанымен,  жүйрік  атымен,  ақын- жыршысымен келсін дегенді  білдіреді.Асқа, тойға  келгендер  бір- бірінен асып  түсуге тырысатын болған.

3.Бие  сүтінен ашытылатын,  қазақ халқының  ұлттық тағамдарының  ішіндегі  ең бағалы сусыны қалай   аталады?  Соның ішінде сірге жияр  туралы  айтып  берсеңіз?

Жауап;

 Қымыз-  жаңа сауылған бие сүтін,  саумалды  сүзгіштен өткізіп,  жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы қымыздың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут  пісіп, аузын байлап немесе  тығындар  ұстаған. Алғаш рет қымызды ашытарда бие сүті сабаға, арнаулы ашытқының  немесе қордың  үстіне құйылады. Қор  дегеніміз- былтырғыдан қалған  жақсы ашыған қымыз.



   «Ауруға ем, сауға қуат, дәрі-қымыз» деп Жамбыл  атамыз айтқандай  қымыз  адамның  денсаулығына  өте пайдалы  сусын.

   Қымыздың түрлері  бар;  уыз қымыз,  сары  қымыз, құнан қымыз,  бал қымыз,  сірге жияр қымызы т.б.

    «Сірге жияр  қымызы».

Күзді  күні  бие ағытарда  соңғы қымыз  бірнеше  күн жиналады. Салт бойынша  көрші- маңай, туған-туыс шақырылып,  ет  асылып  сірге жияр  қымызы  ішіледі.

4. Қолкесер  деген  қандай  дәстүр?

  Жауап.  Біреудің  соғымын  сойысқан  соғымшыға  үй  йесі «қолкесерің» деп  сыбағалы  етін  береді.Қолкесер  білетіндердің айтуынша соғым  союшының  байқаусызда  қолын  кесіп алса соның  төлеуі  ретінде  шыққан  көрінеді.

5.Салбурын  дегеніміз  не?

Жауап. Бұл -  аңшылық  термин. Аңшы , саятшы жігіттердің топ  болып,  бірнеше күн бойы  аңға  шығуын «салбурын» деп  атайды.   Мұңы  аңшылық  мерекесі  десе де болады.  Мұнда алған  аң бәріне бірдей  тең  бөлінеді. Салбурын аңшылардың  ерлігін,  ептілігін,  азаматтығын  сынайтын  жол.

 6.Көгентүп  туралы не  білесіз?

     Жауап.  Бір- біріне  жақын  туыс,  жұрағат  адамдардың  баласына  ескерткіш,  сый  ретінде  берілетін  мал. Бұл бала үшін  сый,  қуаныш  болса,  оның  ата- аналары  үшін  құрметтеудің  белгісі десе  де  болады.

            «Ұлағатты  ұлттық  ұғымдар».

Мына  сандардың  біреуін  таңдап,  артындағы  тапсырмаға   жауап  беру  керек.

1.     3 арсыз; ұйқы,  күлкі, тамақ.

2.     3 би;  Төле би, Әйтеке  би,  Қазыбек  би.

3.     3 бәйтерек;Сәкен,  Ілияс,  Бейімбет.

4.     7 ата; Әке, бала, немере, шөбере,  немене,  шөпшек,  туажат.

5.     7 күн; Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,   жексенбі.

6.     3 қуат;Ақыл,  жүрек,  тіл.

Жауап  бергендеріңізге  көп  рахмет.

(Марапатталады).



VII.Би.”Қамажай”.

Құттықттау  сөз  кезегін  Мектеп  директоры  Сыздықов   Берік  Өндірісұлына  беріледі.Келесі сөз кезегі бүгінгі мерекеміздің иелері аталар мен әжелерге беріледі. Келесі  сөз  кезегі  Бидал  Анар  Исаханқызына   беріледі.Тәрбие  ісі  меңгерушісі  Утепова  Динара   Юрисқызына  беріледі.  Осымен  «Қарты  бар  ел- қазыналы  ел»  атты  ашық  тәрбие   сағатымыз  аяқталды.Келгендеріңізге  көп   рахмет!    

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет