7. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар. Көшпелілер
немесе көшпелі қоғам
дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып белгілі бір
қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың
әлеуметтік-экономикалық
,саяси
қауымдастығы және өркениеті.
Көшпеліліктің шығуы, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты.
Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы —
белгілі бір климаттық жағдайлар, табиғи ресурстарға байланысты.
Көшпелі малшаруашылығының қалыптасуы.
Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері, яғни экожүйесі жергілікті тұрғындардың
шаруашылық түрінің қалыптасуына ежелден-ақ тікелей әсер еткен. Ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының
өзгеруіне қарай біртіндеп егіншіліктен малшаруашылығына көше бастады. Шамамен б.з.б. ІІ мыңжылдықтың
соңындағы қуаңшылық жағдайында егіншілікпен айналысу тиімсіз болды. Қазақстан аумағының басым бөлігін
шөлейт жерлер алып жатыр Су көзі мен
жайылымдық жерлердің тапшылығы
, аумақтағы өсімдіктердің
жеткіліксіздігі табиғи мал азығы қорының тарылуына әкелді. Жер құнарлығы төмендеп, эрозияға ұшырау қаупі
артты. Ол көшпелі малшаруашылығының орнығуына жеткізді. Ұлы далада егіншілікке аса тиімді балама
ретінде көшпелі малшаруашылығы дамыды. Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса
бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б.з.д. IX—VII ғасырларға дәл келеді.
Осы кезден
бастап
, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста
жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан.
Оңтүстік Қазақстан аймағында
ерте заманнан-ақ көшпелі
, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылық пен
тұрмыс орын алған. Төңкеріске дейінгі кезде қазақтардың шаруашылығының басты саласы мал өсіру болды.
Көшпелі қазақтың дәулеті мен атағы жылқысының санымен өлшеніп, есептелетін. Жылқы өсіру көшпелі
шаруашылық жүргізуге аса ыңғайлы етті. Жылқы көшпендіге жаз мезгілінде жақсы сақталатын дәмді де
жұғымды ет, көне замандардан күні бүгінге дейін жеткен сүйікті сусынымыз – қымыз әзірленетін сүт,
көшпендіге өте қажетті берік арқан есуге керекті қыл, аяқ киім үшін былғары беретін.
8.