Адамикапиталға инвестициялар - мақсатты сипаты бар және оның болашақтағы ақшалай табысын айқындайтын шығындардың барлық түрлері.
Акционерлік қоғам - акциялар шығарып орналастыру негізінде келетін акционерлік капитал арқылы құрылатын, корпоративтік бірлестіктің формасы.
Акция -иесіне дивиденд алуға және оған компанияны басқаруға құқық беретін, мерзімсіз бағалы қағаз. Акциялар атаулы, ұсынушыға, қарапайым, мәртебелі болып бөлінеді. Амортизация - капиталдың тозу көлемін бағалау, негізгі капиталдың ауысқан құны. Амортизациялық аударым - негізгі құрал жабдықтардың құнының бөлшегінің тозуын өтеу үшін жасалатын аударым.