Дәрістер - оқу сабағының бір түрі, оның мақсаты мазмұндалатын пәннің теориялық сұрақтарын логикалық байланыс түрінде қарастыру. Дәрістердің негізгі мәні оқу сабақтарының барлық түрлерінің, оның ішінде студенттердің өздік жұмыстарының сипатын, негізгі мазмұны мен бағыттарын анықтай отырып, ғылыми білімнің негіздерін қалаудан көрінеді.
Берілген пәнді жемісті оқудың басты шарты практикалық-сарамандық сабақтарды өткізу Дәрістерді жазып отыру қажет (минимум - негізгі жағдайларды). Олар түбегейлі сұрақтар мен түсініктердің байланысын игеруге, теориялық сұрақтардың жауаптарын табу жолына, жаттығуларды орындауға, жаттығулар мен есептерді шешуге бағдар алуға негізгі мәселені айқындауға маңызды сұрақтар мен түсініктерді бөліп қарауға көмек болады. Сонымен қатар дәрістерде экономикалық ғылым мен іс-тәжірибенің мәселелері, Қазақстан Республикасы және басқа да әлемдік кеңістіктегі елдерге байланысты нақтылы статистикалық мәліметтер беріледі. Сондай-ақ дәрісті жазу студенттерге семинар сабағына дайындалуға уақытын үнемдеуге, аз уақыт ішінде күрделі сұрақтарды игеруге мүмкіндіктер туғызады. Студенттің практикалық сабаққа белсенді қатысуы есептер мен тестік жаттығуларды шешуге, графиктерді құруға, экономикалық жұмбақтар мен тапсырмаларды орындауға, пікір-сайыстарға қатысуға және экономикалық тілдің қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді.
Практикалық және зертханалық сабақтар- оқу сабақтарының бір формасы, ол оқушының өз бетімен дамуына, дағдылар қалыптастыруына бағытталған. Пән бойынша практикалық сабақтар сарамандық сабақ түрінде өтеді, бұл сутденттердің ғылыми әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға және көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.
Практикалық (сарамандық) сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі, студенттердің сабаққа жүйелі дайындалуын, олардың жауаптарын тыңдауды, теориялық білімдерді есептер мен ситуацияларды шешу арқылы бекітуді талап етеді.
Практикалық сабақтар пәннің барынша күрделі сұрақтарын тереңдете оқуға ықпал етіп, студенттердің өздік жұмыстарын қортындылаудың негізгі формасы болып табылады. Осы сабақтар кезінде мәселелерді сауатты анықтап, өздерінің ойлары мен тұжырымдарын еркін білдіруді үйренеді, кәсіпқой біліктілікке үйрететін ситуацияларды қарастырады. Осының бәрі қазіргі заманғы маманға қажетті дағдылар мен білімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді..
Студенттер барлық жұмыстарын берілген уақытта орындап, тапсырулары керек. Кешігіп орындалған жұмыстар сәйкесінше автоматты түрде төмендетіледі. Берілген курстың тақырыптарын қарастырғанда студент сәйкес әдебиеттерді оқулары керек. Бұдан басқа, студенттерге келесі мерзімді баспалардағы қосымша материалдарды қарастыру ұсынылады: Транзитная экономика, АльПари, Информационный бюллетень, Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы, Труд в Казахстане және т.б.
Жұмыстарды орындаған уақытта келесі ережелерді сақтау керек:
Жұмыстардың сұрақтары әдістемелік материалдарда көрсетіледі;
Жұмысты оқушы дәптерінде немесе альбом беттерінде, жазу барысын қатаң сақтай отырып, орындайды.
Жұмыстың басында мазмұнын немесе жоспарын көрсетеді.
Жұмыстың аяғында жұмысты орындаған кезде қолданылған әдебиеерді көрсету қажет.
Әдістемелік нұсқауға сай орындалмаған жұмыс қайтарылып беріледі
СОӨЖ «БҰ» пәнін оқу кезінде әрбір студент СОӨЖ орындау керек. Бұл шығармашылық тапсырма, оның бір түрі -эссе болып табылады.
Эссе берілген тақырыпқа «прозалық этюд» түрінде болады. Эссенің тақырыбын оқытушы ұсынады, немесе студент ұсынылған тақырыптардан таңдап алады.. оны жазудың мақсаты таңдалынған тақырыпты барынша толық қысқа түрде ашып көрсету. Эссені дайындау үшін магистранттан оқу курсы шеңберінде алынған білімді ғана емес, сонымен қатар, арнайы сұрақтарды зерттеу, статистикалық материалдармен жұмыс істеуді, қаржылық нарықтардың қызмет ету мәселелері бойынша пікірталастардың материалдарын зерттеуді, қаржылық нарық пен қаржылық жүйенің өзара байланысы мен қатынасын, сондай-ақ, осы қарастырылатын тақырыпқа байланысты жалпы мәселелерді түсінуді талап ететін сұрақтар беріледі.
Студент эссені дайындау барысында барлық мүмкін ақпараттық қайнар көздерін, оның ішінде ИНТЕРНЕТ жүйесіндегі мәліметтерді қолдана алады, бірақ сәйкес сілтеме жасайды. Егер ұсынылған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар болса, оның бәрі қарастырылып, сәйкесінше аргументтелуі тиіс.
Егер ұсынылған тақырып сандық мәліметтерді қажет етсе ( нарықтың параметрлері, қатысушылар саны, сегменттер саны және т.б) , онда барынша жаңа сандар, қайнар көздері көрсетіліп келтіріледі
Кейбір тақырыптарды ашу үшін экономикалық және қаржылық талдау жүргізу қажет, бұл жағдайда эсседе талдаудың қортындылары мен осы қортындылар жасалған маңызды элементтер ғана беріледі.
Эссенің мәтінін екі әдіспен: қолжазба немесе компьютерде теріп өткізуге болады. Эссе А4 ақ қағаздың стандартты бетінің бір жағында рәсімделеді. Эссе орындағанда беттің шеттерінің келесі параметрлері қатаң сақталуы керек: сол жағы-25-30 мм, оң жағы- 10 мм, төменгі және жоғарғы мөлшері-20 мм болады. Қазал жол бес белгіге немесе 15 -17 мм тең болуы керек. Тақырыпшалар мәтінен жоғарға және төменгі жағынан бір жолмен бөлінеді.
Қолжазба мәтіні қаламсаппен, анық жазылуы тиіс. Қолжазба түріндегі эссенің әрбір бетінде 28-30 жол болады, әрбір жолда орта есеппен 60-65 белгі болса, сөз арасындағы әрбір алшақтық бір белгі болып саналады. Қолжазба мәтініне №3 трафарет пайдаланылады. Қолжазба түріндегі эссенің жалпы көлемі қосымшаларды қоспағанда 6 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың бетерінде ешқандай шимайларболмауы тиіс, жол арасында қосымша жазылған сөздер, сызылған сөздер, түзетулер рұқсат етілмейді. Сонымен қатар жалпы қабылданаған сөздерден басқа сөздерді, сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.
Компьютерде тергенде эссе Microsoft Word мәтіндік редакторында теріледі , шрифт Times New Roman, размер 14, жол арасындағы алшақтық бірлік. Компьютерлік мәтіндегі эссенің көлемі 4-5 бет. Беттерді оң жақтағы жоғарғы бұрышта номерлеу керек..
Эссе қысқаша мазмұннан немесе жоспардан басталуы керек. Эссе берілген тақырып бойынша әдебиеттерге шолумен аяқталады.Бұл тізімде оқулықар, оқу құралдары, мерзімдік баспа материалдары барлық мәліметері көрсетіліп жазылады.
Эссенің аяғында қосымшалар келтіріледі, олар эссенің мәтіні болып саналмайды, бірақ белгілі бір қызығушылық танытуы мүмкін (графиктер, схемалар, алғашқы статистикалық мәліметтер, кестелер).
СӨЖ «БҰ» пәнін оқу кезінде кредиттік жүйеде оқитын әрбір студент реферат түрінде СӨЖ орындайды. СӨЖ орындауға кірісер алдында студент, өзінің рефератының тақырыбын зерттеуі қажет. Реферат А4 ақ қағаздың стандартты бетінің бір жағында рәсімделеді. Қолжазба түрінде болады және компьютермен теріледі.. Компьютерде тергенде реферат Microsoft Word мәтіндік редакторында теріледі , шрифт Times New Roman, размер 14, жол арасындағы алшақтық бірлік
Реферат орындағанда беттің шеттерінің келесі параметрлері қатаң сақталуы керек: сол жағы-25-30 мм, оң жағы-10 мм, төменгі және жоғарғы мөлшері-20 мм болады. Қызыл жол бес белгіге немесе 15 -17 мм тең болуы керек. Тақырыпшалар мәтінен жоғарға және төменгі жағынан бір жолмен бөлінеді.
Рефераттың жалпы көлемі қосымшаларды қоспағанда 6 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың бетерінде ешқандай шимайларболмауы тиіс, жол арасында қосымша жазылған сөздер, сызылған сөздер, түзетулер рұқсат етілмейді. Сонымен қатар жалпы қабылданаған сөздерден басқа сөздерді, сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.
Реферат қысқаша мазмұннан немесе жоспардан басталуы керек. Рефераттың соңында тізімде оқулықтар, оқу құралдары, мерзімдік баспа материалдары барлық мәліметері көрсетіліп жазылады және мерзімі мен қолы қойылады.
Бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстарын бағалауда біріншіден, студенттің өз бетінше талдау және қорытынды шығаруға ұмтылуы, екіншіден, жұмыс тақырыыбын, графикті, кестелерді орындаудағы тиянақтылығы қаралады. Сондай-ақ, статистикалық көрсеткіштерді пайдалану керек.