Қазақстан білім және ғылым министрлігі


Шектеу - сатудың, қарыздың және т.б. шығындардың шекті сомасын бекіту. Шектеу тәуекел деңгейін төмендетудің маңызды құрамы болып табылады. Хеджерлеу



бет79/126
Дата07.02.2022
өлшемі363,12 Kb.
#97329
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   126
Байланысты:
бизнесті ұйымдастыру лекции на каз (1)

Шектеу - сатудың, қарыздың және т.б. шығындардың шекті сомасын бекіту. Шектеу тәуекел деңгейін төмендетудің маңызды құрамы болып табылады.
Хеджерлеу - құнды қағаздар тәуекелдігіне байланысты қаржы операцияларының тәуекел жоюға немесе шектеуге мүмкіндік беретін кез келген әрекет сызбасы.
Жер сілкіну, сел, оба, өрт, апат, тонау түріндегі табиғи апаттар ең қиын болжанатындар санына жатады.
Тәуекелді анықтау үшін келесі әдістер қолданылады:
1) статистикалық
2) сараптық
3) құрама (комбинация).
Статистикалық әдістің мәні мынада, осы өндірісте орын алған жоғалтулар мен пайда статистикасы зерттеледі, осы және басқа экономикалық қайтарылымы, алу шамасы мен жиілігі белгіленеді және және осы негізде болашаққа ең ықтимал болжам қарастырылады. «Қайтарылым» дегеніміз экономикалық рентабельдік немесе шығындардың тиімділігі, пайданың пайда алу үшін қажет шығындарға қатынасы ретінде есептеледі.
Сараптық әдіс тәжірибелі кәсіпкерлер немесе мамандардың көзқарастарын өңдеу жолымен жүзеге асуы мүмкін. Сарапшылар өз бағаларын жоғалтулардың әртүрлі шамаларының пайда болу ықтималдығы туралы мәліметтерін ұсынуы тиіс.
Босатылған және шиеленіскен тәуекел ықтималдығын сараптық бағалау немесе осы кәсіпорынның ең ықтимал жоғалтуларын жай бағалаумен шектелуге болады.
Тәжірибедегі ең қолайлы нұсқа тәуекелді анықтаудың статистикалық және сараптық әдісінен тұратын құрамда әдісі.
Тәуекелдің әртүрлілігі мен оны бағалау әдістері қаншалықты кғп түрлі болса, одан қорғану әдістерінің саны да үлкен.
Тәуекелді азайтудың негізгі әдістері:
 қосымша жұмыс көші, нарық туралы ақпарат, жеткілікті қаржы құралдары бар кәсіпорындар қатарынан әріптестер іздеу;
 тәуекел ең ықтимал болатын тар аумақтағы сыртқы кеңесші-сарапшылардың қызмет көрсетулері;
 қосалқы мәселелерді жоба алдында мұқият пысықтау;
 осы өнімге немесе қызмет көрсетулерге сұранымның, нарық конъюнктурасының даму бет алысын болжау;
тәуекел ықтималдығын болжау, кәсіпорын мүмкіндіктерін салауатты бағалау, бағдарламаның жүзеге асуының балалмалы нұсқаларын жасау;
 тәуекелді жобаның қатысушылары, оны орындаушылар арасында болу;
 болжанбаған шығындардың орнын толтыруға, өзін өзі сақтандыру үшін арнайы резервтік (сақтық) қор жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет