Қазақстан ислам мәдениеті мұсылмандары мен білімін діни басқармасы қолдау қоры тәлімгер тағылымы


Дәрісті бастау, оның мөлшері мен тәртібі туралы бөлім



бет6/14
Дата23.01.2020
өлшемі395,81 Kb.
#56379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ТӘЛІМГЕР ТАҒЫЛЫМЫ

Дәрісті бастау, оның мөлшері мен тәртібі туралы бөлім


Ұстазымыз шейх Бурһанаддин (р.а.) дәрісті бастауды сәрсенбі күнге қалдыратын. Бұл жөнінде бір хадисті риуаят етіп, дәлел қылушы еді. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Сәрсенбі күні басталған іс, әлбетте, соңына жетеді», – деп айтқан.

Әбу Ханифа (р.а.) да осылай жасайтын. Имам Ағзам бұл хадисті (санадпен) өзінің ұстазы шейх ұлық имам Қаууамаддин Ахмад ибн Абдурашидтен (р.а.) риуаят етіп: Сенімді кісіден естігенім бойынша, Әбу Юсуф әл-Һамадани (р.а.) әрбір жақсы істі сәрсенбі күні бастайтын. Өйткені сәрсенбі күні нұр жаратылған. Бұл кәпірлер үшін сәтсіз, мұсылмандар үшін берекелі күн болып табылады. (Әсілінде, барлық күндер Алла тағала құзырында тең. Және кейбір күндер мен уақыттарды сәтті не сәтсіз деуге дінде ешбір дерек жоқ).

Енді дәрісті бастағандағы сабақтың мөлшеріне келсек:

Әбу Ханифа (р.а.) шейх қазы имам Омар ибн имам Әбу Бәкір әз-Заранжари (әз-Зарнужиден) (р.а.) баяндайды: «Біздің машайыхтарымыз (р.а.) айтатын: «Бастаушы шәкірт үшін дәріс мөлшері оңайлықпен екі рет қайталағанда жаттап алатындай шамада болуы керек. Сосын әр күні бір сөзден қосып отырады. Сонда тіпті дәріс ұзақ болып не көбейіп кетсе де, екі қайталағанда меңгеріп алады. Дәрісті жұмсақтықпен жүргізе отырып, дәрежелеп көбейте береді. Ал, дәріс әуел баста ұзақ болса, шәкірт оны он рет қайталауға мәжбүр болады. Сондай-ақ, кейін дәріс бітуге таяғанда да осынша рет қайталауға дағдыланады. Шәкірт бұл әдетін тек көп әрекет етумен ғана тоқтата алады.

Сондықтан: «дәріс бір әріп, ал қайталау мың рет», – деп айтылған (Бұл сөздің мағынасы – аз дәріс алып, оны көп қайталау; Осыған ұқсас ғалымдардың: «Бір кітапты екі рет оқу, екі кітапты бір рет оқудан пайдалы», – деген сөздері бар)».

Білім алушы дәрісті өзінің түсінуіне оңайынан (білім түрінен) бастағаны жөн. Шейх имам ұстаз Шарафаддин әл-Ъақили (р.а.): «Бұл мәселеде мен үшін ең дұрысы – менің машайыхтарымның (ұстаздарымның) әдеті. Олар бастаушы шәкіртке кең мағынада айтылған шағын мәтіндерді таңдаушы еді (яғни қалың кітаптардың қорытынды мазмұнын қамтитын кіші көлемдегі кітаптар). Мұндай кітаптар түсінуге де, жаттап алуға да оңай. Жалықтырмағандықтан, әрі адамдар оны көп пайдаланады.

Дәрісті жаттап не көп рет қайталаған соң, оны жазып қою керек. Бұл өте пайдалы. Шәкірт түсінбеген дәрісін жазбағаны дұрыс. Бұл шәкірт табиғатына жалқаулықты дарытады. Сондай-ақ, зеректілігі жоғалып, уақытын да босқа зая етеді.

Шәкірт ұстазының дәрісін түсіну үшін ойлану, пікірлесу және көп қайталап, бар ынтасын салуы қажет. Дәріс аз болып, оны көп қайталайтын болса, сабақ түсінікті келеді.

Сондықтан екі әріпті жаттау, екі қаптай (мағлұматты) естігеннен жақсырақ, екі әріпті түсіну, екі қаптай (мағлұматты) жаттаудан жақсырақ, деп айтылған.

Шәкірт дәрісті түйсінуде немқұрайлық танытып, басында ынта білдірмесе, соған әдеттеніп қалады да, кейін жеңіл дәрісті де түсінбейтін болады. Сондықтан сабаққа селқос қарамай, керісінше ынталанып, Алла тағалаға дұға жасап, мінәжат етуі қажет. Расында Алла тағала дұға жасаған пендеге жауап береді және үміттенгенді құр алақан қалдырмайды.

Шейх ұлық имам Қауамаддин Хаммад ибн Ибраһим ибн Исмаил әс-Саффар (әл-Ансари) (р.а.) қази Халил ибн Ахмад әс-Сархасиге (бір деректе Сарахси) былай деген екен:

Ілімге қызмет қыл, әкелер берекет.

Ұдайы дәрісті жалғасын әрекет. Бір нәрсе жаттасаң, және оны қайтала, Соңынан пысықта бірнеше қайтара. Жазып ал білгенді, қайталай қарауға, Үнемі дәрісті алуға жарарға. Білімді жоғалтып алмастай бекініп, Одан соң кірісіп кете бер жаңаға. Өткенді қайталап жүр-дағы, жаңа бір Білімді игеріп жүресің тағы да.

Басқа да жандарға ілімді үйрет сен,

Ақылман жандармен достық құр арада.

Білімді жасырсаң, ұмыт боп кетесің. Ақымақ, надан боп көрініп өтесің. Қиямет күнінде от-жүген тағылар, Денең де азапты алауда жағылар.

Білім іздеуші дәрісті қайталағанда, пікірталастарда және ой айтқанда ынсапты, байсалды және ойлы болуы керек.

Сонымен бірге, бүлік шығарудан және ашуға бой алдырудан аулақ болуы тиіс. Өйткені дәрісті қайталау мен пікірталас жүргізу – кеңесу болып табылады. Ал кеңесу дұрыс шешімді табу үшін қажет. Бұл тек ойланумен, байсалды байыптылықпен және ынсаппен жүзеге асады. Ал, ашу мен араздыққа жол жоқ. Шәкірттің ниеті қарсыласын жеңу немесе ашуын шығару болса, мұндай пікірталас дұрыс емес. Тек дұрыс жауап табу үшін ғана пікірталас жасауға болады. Пікірталас барысында көз бояушылық пен айла-тәсіл қолдануға болмайды. Ол тек, егер пікір таластырып отырған адам дұрыс жауап алу үшін емес, қырсығып отырған болса ғана рұқсат етіледі.

Мұхаммед ибн Яхия (р.а.) алдынан ауыр мәселе шығып, оның жауабын таппаса: «Сен не нәрсені сұраған болсаң, ол міндет болды, мен де оны қарап шығамын, әрбір білімдіден асқан білім иесі бар», – дейді екен.

Шәкірттердің бір-біріне сауал қойып, пікір таластыруы тек сабақ қайталағаннан әлдеқайда пайдалы. Өйткені мұнда әрі қайталау әрі қосымша мәлімет алу бар. Сондықтан: бір сағат пікірталасу бір ай қайталағаннан абзал, – деп айтылған.

Бірақ пікірталас ынсапты да мінезі жақсы әріптеспен арада ғана болғаны абзал.

Шәкірт! Қырсық әрі мінезі жаман серікпен пікір таластырудан сақ бол. Өйткені адам болмысы өзгермелі, ал мінезі жұқпалы келеді. Көршіліктің әсері тиеді.

Халил ибн Ахмедтің (р.а.) мына екі жол өлеңінде үлкен мағына жатқаны сөзсіз:

Білімнің шарты бар: кім қызмет етсе оған, Ей, барша адамзат, сен қызмет ет соған!

Білім іздеуші әркез ілімдегі нәзік мәселелер төңірегінде ойланып жүруі қажет. Және соған дағдылануы тиіс. Өйткені нәзік мәселелердің шешімі ойланумен табылады. Сондықтан: «Ойлан, табылады», – деп айтылған. Сонымен бірге, сөйлер алдында да ойлану керек. Сонда айтқан сөз дұрыс болады. Өйткені сөз жебе секілді, нысағана дөп тию үшін атпас бұрын тура бағыттау қажет.

Фиқһ негізінде: «Пікірталасқа түсуші фақиһтың ойланып барып сөйлеуі – үлкен негіз», – деп айтылған.

Сондай-ақ: Ақылдың басы – сөздің нақты және ойланып айтылуы», – делінген. Данышпан:

Сөз саптауда бес нәрсені кеңес қылам саған мен, Құлақ ассаң саған кеңес берушіге жаныңмен.

Сөйлер сөздің себебі мен уақытынан құр қалма,

Қалай және қанша сөйлеу керектігін орнын да, – дейді.

Мағынасы: «қалай» дегеніміз: сөйлеу тәсілі, яғни дауысты бәсеңдету немесе көтеріңкі ұстауға қатысты. Сондай-ақ, баяу және жұмсақ немесе қатаң және өктем сөйлеу. «Қанша» дегеніміз: жағдайға қарап қысқа немесе егжей-тегжейлі сөйлеу мөлшері.

Білім алушы кез келген жағдайда және әркез барлық адамнан пайда ала білуі қажет. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Даналық (хикмет) мүміннің жоғалтқан дүниесі, қайдан тапса, оны алады», – деп айтқан. Сондай-ақ: «Тұнығын ал да, лайын таста», – деген нақыл сөз бар.

Менің шейх имам ұстаз Фахр әд-Дин (әл-

Кашаниден) (р.а.) естігенім: «Әбу Юсуфтың (р.а.) күңі Мұхаммедтің (р.а.) қолында аманатта еді. Мұхаммед (р.а.) күңнен: «Әбу Юсуфтен фиқһ бойынша (қолында тұрғаныңда) бір нәрсе үйрендің бе?», – деп сұрады. Күң: «Жоқ, тек ол кісі үнемі саһмуд даури сақит (екі адам арасында айналып тұрған үлес түсіп кетуші. Бұл фиқһта белгілі мирас мәселесіне қатысты)», – деуші еді», – дейді. Осы сөзді Мұхаммед (р.а.) жаттап алады. Бұл кезде Имам Мұхаммед бір мәселенің шешімін таппай жүрген болатын. Әлгі сөзбен мәселенің шешімін табады. Осылайша ол әрбір адамнан пайда алуға болатындығын біледі.

Сондықтан да болар, Әбу Юсуфтен (р.а.): «Білімге қалай қол жеткіздіңіз?», – деп сұрағанда, ол: «Пайдалануда немқұрайлық танытпадым және біреуге пайдалы болуда сараңдық етпедім», – деген екен. Ибн Аббастан (р.а.): «Қалайша білімге қол жеткіздіңіз?» – деп сұрағанда, сахаба: «Сұраушы тілмен және парасатты жүрекпен», – депті.

Білім іздеушілер бұрынғы заманда «Бұл мәселе жайлы не айтасың?» деген сөзді көп қолданатындықтан, «не айтасың» деп аталған екен. Әбу Ханифа (р.а.) мата сатушы болып жүрген кезінде дүкенінде дәрісті көп қайталау және әркімдерден сұрау арқасында фиқһты үйренген екен. Сондықтан білім және фиқһ үйрену кәсіппен бірге жүреді. Әбу Хафс әл Кабир (р.а.) әрі кәсіп етіп, әрі дәрісін қайталаушы еді.

Білім іздеуші, тіпті отбасын асырау үшін еңбек етіп те дәрісін оқып жүрсін, сабағын қайталап, жалқаулық етпесін. Денсаулығы бар әрі ақыл-есі түзу адамның білім алуды, фиқһ үйренуді тәрк етуінде ешбір үзір жоқ. Өйткені ол Әбу Юсуфтен (р.а.) өткен кедей болмас. Ол кісіге кедейлік фиқһ үйренуіне тосқауыл бола алмады. Ал, кімнің мол дүниесі болса, білім жолында жұмсаған ізгі дүниеге не жетсін?!

Бір ғалымнан: «Білімге қалай қол жеткіздіңіз?», – деп сұрағанда, ол: «Әкемнің байлығының арқасында. Әкем дүниесімен білім мен фазилет иелеріне қайырымдылық көрсететін», – депті. Жомарттық – білімнің көбеюіне себеп. Өйткені бұл ақыл мен білім нығметіне жасалған шүкіршілік. Ал, шүкіршілік көбеюге себеп болады.

Әбу Ханифа (р.а.): «Расында мен білімге Алла тағалаға хамд (мақтау) айту және шүкіршілік жасаумен жеттім. Білімнен бір нәрсе түсіне қалсам және бір фиқһ мәселесін немесе даналықты тапсам: «әлхамду лилләһ», – деуші едім, сонда білімім артатын», – деген.

Білім іздеуші тілімен, жүрегімен, дене мүшелерімен және мал-дүниесімен шүкіршілік етуі қажет. Және де түйсінуі, білім мен сәттілік Алла тағаладан деп білуі, Алла тағаладан һидаят сұрап дұға жасап, мінәжат етуі керек. Расында Алла тағала өзінен тура жол сұрағанды һидаятқа бастайды. Хақ жолындағылар, олар әһли сүннат уал жамағат Хақ, Мубин, Һади, Ъасым Алла тағаладан ақиқатты сұраған. Сондықтан Алла тағала оларды тура жолға салып, адасушылықтан сақтаған.

Ал, адасушылар өздерінің ойлары мен ақылдарына (сүйеніп) таңырқап, ақиқатты әлсіз жаратылыс болған ақылдан іздеген. Себебі ақыл барлық нәрсені біле алмайды. Бұл көздің барлық нәрсені көре алмайтындығы секілді. Сондықтан олар әлсіз, өздері адасып және өзгені де адастырды.

Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ғапыл – білмей амал еткен адам, ақылды – ақылымен амал еткен адам», – деген.

Пайғамбар (с.ғ.с.): «Кімде-кім (ақиқатты танып білуде) өзінің қауқарсыздығын таныса, Раббысын таниды. Өзінің әлсіздігін таныса, Алла тағаланың құдіретін таниды», – деген.

Адам өзіне және ақылына сүйенбей, Алла тағалаға тәуекел етіп, Одан тура жолды сұрайды. Құранда Талақ сүресінің 3-аятында: «Ал, кімде-кім Алла тағалаға тәуекел етсе, Алла тағала оған көмекке келеді және оны тура жолға бастайды» – делінген.

Кімнің мал-дүниесі болса, сараңдық етпесін. Сондай-ақ, сараңдық атаулыдан Алла тағалаға сыйынуы керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сараңдықтан ауыр дерт бар ма?!» – деген.

Әбу шейх ұлық имам Шамсиаддин әл-Халауани

(р.а.) кедей кісі болатын. Ол тәтті тағамдар сататын және тәттісінен фақиһтарға беріп: «Балама дұға етіңіздер», – деуші еді. Оның жомарттығының берекеті, сенімі және мінәжатымен баласы да сол мәртебеге жеткен.

Білім іздеуші мал-дүниесіне кітаптар сатып алсын. Және кітап жаздырсын, бұл білім алуға және фиқһ үйренуге көмек болады.

Мұхаммад ибн Хасанның (р.а.) мал-дүниесі көп болатын. Тіпті, мал-дүниесіне қараушы үш жүз сенімді өкілі болған. Ол барлық дүниесін білім мен фиқһқа жұмсаған. Тіпті, өзіне бірде-бір бағалы киім қалдырмайды. Оны ескі киімде көрген Әбу Юсуф

(р.а.) қымбат бір киім жібереді. Мұхаммед (р.а.) киімді қабыл алмай: «Сендерге ертерек берілді, бізге кейінірек беріледі», – деген екен.

Оның сыйлықты қабылдамауының бірден-бір себебі, һадияны қабылдау сүннет болса-дағы, бұл әрекет оны қор етіп көрсетеді деп білуінде болар.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мүмін өзін қор еткізіп қоймауы керек», – деген.

Шейх Фахраддин әл-Арсабинди (р.а.) тасталған қауынның қабықтарын жинап, оларды жуып жейді. Мұны бір күң көріп, иесіне айтады. Ол кісі дастархан жайып ғалымды қонаққа шақырады. Ғалым қабыл етпейді.

Білім іздеуші де үлкен мақсатты болуы және ешкімнің мал-дүниесінен дәмесі болмауы тиіс. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Дәметуден сақ бол, ол келіп тұрған кедейлік», – деген. Яғни, адам келешектегі кедейліктен қауіптеніп дәмете бастайды. Ал, шындығында дәметудің өзі кедейлік.

Білім іздеуші өзіндегі мал-дүниеге сараңдық етпесін.

Оны өзіне және басқаға жұмсасын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамдар кедейліктен қорқумен кедейлікте» (бұл дана сөзді хазірет Әли (р.а.) жеткізген), – дейді. Адамдар әуелгі кезде кісілердің дүниесінен дәметпеу үшін бірінші кәсіп үйреніп, сосын білім алатын болған. «Кімде-кім өзгенің дүниесімен шектелсе, кедей болады», – делінеді бір даналық сөзде.

Ғалым аса дәметуші болса, ол үшін білімнің қадірі қалмайды. Сосын ақиқатты айтпайтын болады. Сондықтан шариғат иесі (с.ғ.с.): «Алла тағалаға қорлыққа жақындататын дәметушіліктен сыйынамын», – деуші еді.

Мүмін тек Алла тағаладан үміт етуі және тек Алла тағаладан қорқуы керек. Бұл шариғат шеңберінен аттап өту немесе өтпеудің көрінісі. Кімде-кім пендеден қорқып, Алла тағалаға күнә жасаса, ол Алла тағаладан басқа біреуден қорыққаны. Ал, пендеден қорықса да, Алла тағалаға күнә жасамаса және шариғат тыйымдарына мән берсе, Алла тағаладан басқа ешкімнен қорықпаса, ол Алла тағаладан қорқушы. Үміт мәселесі де осылай.

Білім алушы өзінің әрбір дәріс қайталауын санап жүруі қажет. Белгілі бір межеге жетпейінше оның жүрегі жай таппайды. Білім іздеуші кешегі сабағын бес рет, алдыңғы күнгі сабағын төрт рет, одан алдыңғы күннің сабағын үш рет, одан алдыңғы сабақты екі рет, ал одан алдыңғы сабақты бір рет қайталауы қажет. Бұл тәсіл есте сақтауға оңай. Сонымен бірге, шәкірт бойында дәрісті қайталаудан жүрексіну сезімі болмауы керек. Өйткені сабақ оқу және оны қайталау зор күш-жігермен жүзеге асырылады. Дәріс қайталауды қиындатардай, өзін шаршатып дауыстап оқымауы керек. Істердің ең жақсысы орташасы.

Әбу Юсуф (р.а.) фақиһтармен бірге фиқһ сабағын қайталап жүреді. Оның күйеу баласы үйінде еді. Әбу Юсуфтың (р.а.) әрекеттеріне таң қалған ол: «Оның бес күннен бері аш екенін білемін. Соған қарамастан күш-қайратпен және үлкен жігермен пікір таластырып отыр», – деген екен.

Білім іздеушіде үзіліс болмауы керек (сондықтан оқушыларға жазғы демалыста дәрістерін қайталау міндет). Білім жолындағы үзіліс – үлкен апат. Біздің ұстазымыз Ислам шейхы Бурһанаддин (р.а.): «Менің дәрістес серіктерімнен биік болуым, білім алу кезінде демалысқа шықпауымда», – деген екен. Ислам шейхы әл-Асбижани білім алып жүрген кезде патшаның құлауы себепті он екі жылдай оқуын тоқтатуға мәжбүр болады. Кейін білімдегі ізденістерін жалғастыру үшін өз серігімен іліми жарысқа түседі. Екеуі он екі жыл дәріс алады. Серігі шафиғи мәзһабының Ислам шейхына айналады. Ол әу баста шафиғи мәзһабының адамы еді.

Ұстазымыз шейх қази имам Фахрул-Ислам Қазихан: «Фиқһ үйренушіге фиқһ кітаптарының бір нұсқасын жаттап алуы және үнемі қайталап жүруі қажет. Сонда бұдан кейін естіген фиқһи мәліметтерді жаттап алуы жеңіл тиеді», – деп айтып отыратын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет