1.Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторлығын қабылдауы. Әбілқайыр хан тұсындағы Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылуының тарихи себептері орыс патшалығы тұсындағы ғалым саяхатшылардың қолжазба еңбектеріне түскен. Солардың бірі. Л.Мейер өзінің еңбегінде: «Қалдан Серен Түркістан ханын құртуды ойлап, ұтымды сәтін күтіп жүрген болатын. Қазақ хандығының Ресейден қолдау тапқандығын біліп, 1723 жылы Түркістан қаласын алды. Барлық орданы өзіне бағындырғысы келгенімен Орта жүз бен Кіші жүз солтүстік пен батысқа қарай үдере көшті». Бұл «Ақтабан шұбырынды» кезі еді. Л.Мейер өзінің еңбегінде қазақтардың қоныс ауып келгендегі әрекеті туралы баяндай келіп, орыс патшасының қазақ халқын түбі бағындырып, мойынсұндыру туралы отарлық саясат бағдарын байыппен баяндаған пікірі мынадай: «Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүз қазақтарының Елек, Еділ, Жайық бойына көшіп келіп башқұрт, қалмақтарды ығыстырғанымен, өзінен күші басым Орыс мемлекеті түбі өзіне қаратпай қоймас еді» деген пікірін қалдырды. Хан Әбілқайыр өлгенше қалмақ- жоңғарлармен күресіп, Ресей патшасымен одақтасу арқылы айласын асырып, халқын тәуелсіз ұстауға тырысты. Сол үшін бар жігер-күшін салды. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресей қарамағына иек артуының себебін П.И.Рычков:« Өте ақылды Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сол кездегі тығырықтан шығар жол Ресеймен бірге болу екенін білді », – деп көрсетті.
1730 жылы башқұрт Алдар тарханмен бірге қазақ елшілерінен Ресей патшалығына халқымен Ресеймен бірге болу ниеттегі ресми хатын жолдаған Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей протекторлығында болуда жалғыз шешім қабылдамаған.
Башқұрт тархандары дипломатиялық тапсырмаларды да орындады. Елшіліктің құрамында Қалмақ тайшыларымен, Сібір ханзадаларымен қазақ хандарымен т.б. келіссөздерге барған елшілік өкілдерімен бірге жүрді. Қалмақтардың Ресей мемлекетіне қосылуына байланысты жүргізілген келіссөздерге қатысқан. Башқұрт тархандары көбіне Уфадан жіберілген елшіліктер құрамына кірді. Башқұрт тархандары қалмақтардың Ресейге қосылуы қарсаңында да елшіліке жіберілген. Қазақтың Кіші жүзінің Ресейге қосылуы қарсаңында да башқұрт тархандары елшілік қызметке жүрген.
Әбілқайыр хан Уфа қаласына бригадир Бутурлинге, башқұрт тарханы Алдардың бастауымен қазақ елшілері – Құлұмбет Құлтаев пен Сейітқұл Құйданқұловты жібереді. Кіші жүздің Ресейге қосылуы туралы өтінішімен елшілер Уфаға 1730 жылдың маусым айында барады. Бутурлин оларды Петерборға жібереді. Елшілер 1731 жылдың басында Петерборға Әбілқайыр ханның хатын жеткізеді. Елшілермен бірге 1731 жылдың май айында шет елдер іс коллегиясының аудармашысы татар А.И.Тевкелевке қазақтардан «бодан болуға» ант алғызу, Әбілқайыр ханға татар тілінде хат түсірту және аманат алу, башқұрттар сияқты жасақ салығын төлеуге міндеттеу тапсырмасы беріліп, бір топ адамдарымен елшілікке аттандырды. Елшілер құрамында екі геодозист жер бұдырын зерттеушілер – Алекс Писарев пен Михаил Зиновьев, бірнеше Уфа дворяндары мен казактарын бастап, башқұрт тархандары Алдар Есенгелдин мен Таймас Шаимовтар барды.
Бүгінгі таңда тарихшы ғалымдар Әбілқайыр ханның татар тілінде хатқа түсірілген Ресей патшасына жазылған хаттың аудармасының түп нұсқадағы мазмұны мен орысша аудармасының әдейі бұрмаланған түрде берілгенін дәлелдеп отыр.
1730 жылы Әбілқайыр ханның тарихи хатының түпнұсқасы ғылыми айналысқа 2001 жылдан бастап енді. Ол тарихи хатта бодандық туралы немесе Ресейге қосылу туралы ештеңе де жоқ. Хатта отаршылдық пиғыл жоқ, саясаттандырылған сөздермен мағыналық аудармасы өзгертіліп аудармада әдейі бұрмаланып берілгені белгілі болды.
Орыс тарихнамасында Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге бодан болуының үш негізгі себептері ерекшеленеді: бірінші, сыртқы саяси себеп (қазақтардың қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатер); екінші, ішкі саясаттағы келіспеушілік (өзара қақтығыстар); үшінші, Әбілқайыр ханның жеке мүддесі.
Бұл мәселелер бойынша тарихшылар еңбектерінде сараланып, ақтаңдақтары ашылды десе болғандай. Қазақ хандығы Ресейге қосылғанға дейін, қуатты жауынгер заманына лайықты көшпенділер ішіндегі мықты мемлекеттердің бірі болды. Сондықтан Ресейге өздерімен тең қарым-қатынаста болатын одақтас ел керек емес еді. Ресейге патша өкіметіне бағынышты, тәуелді болатын, қазақ елі керек болатын. Сондықтан Ресей патшалығын жан-жақтан жау анталап қыспаққа алған тұсындағы әлсірей бастаған қазақ даласына назар аударды. ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарына дейін де Қазақ хандығы Ресей патшалығын әскери одақтасы санатында көргісі келсе, Ресей Қазақ хандығын тәуелді отар елдерінің қатарында көргісі келген еді.
ХVІІІ ғасырдың І жартысындағы қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты Батыр сұлтан иелігіндегі қазақтарға қауіп Хиуадан, Әбілқайыр хандығы үшін қауіп-орыс империясынан, ал Орта жүзге Жоңғар мемлекеті тарапынан төнгенде ел басыларына ауыз бірлік жетіспеді. Әрқайсысы өздеріне төнген қауіпті сейілтуге күш салуды көздеді. «Бодан болудың жолын ғана қарастырды» деген ойдан қашық болуымыз керектігін, ал сол кезде ел билеген елбасылары қазақ елдігінің сақталып қалуына септігі тиетін одақтас табу мәселесінде түрліше көзқараста болғандығын ғана көрсетті. Таңдаудың өзі дұрыс болғанда да отаршылдық пиғылды көздеген Ресей патшалығы сияқтылар өз мүдделеріне икемдеуге бейім тұрғанын естен шығармау керектігін алға тартқан Арынғазытанушы Ұ.Ахметованың пікірі орынды.
Қазақтың Кіші жүзінің Ресейге қосылуы туралы мәселеде Әбілқайыр ханды жақтаушы тархан, би-батырлар болды. Олар Тама Есет Көкіұлы, Арғын Жәнібек Қошқарұлы, Табын Бөкенбай Қарабатырұлы, Құдайназар т.б. Сұлтан Батыр, қожа-сұлтандар бастаған топ Әбілқайыр ханның Ресейге қосылуы туралы шешіміне қарсы болып, бір жаққа шықты. Екі жақ бір-бірімен айтысып, тартысып ел бірлігіне нұқсан келген тұста Тама Есет Көкіұлының қарсы топқа берген жауабы кезінде Ресейге иек артқысы келген топтарды айыптаған. Оның ішінде Есет тарханды да кінәлаған. Оларға Есет тарханның қайырған жауабы:
...Қытайдың шабынып тұр Жоңғарлары
Есіл дерті қазақтың жер мен малы,-
немесе:
...Орыстың қаруы бар Қытай келмес
Көп халық қарусызға теңдік бермес
Орыстың қаруымен біз қорғансақ
Елдің де, молданың да оты сөнбес... – деп, жауап қайырған.
Есет Көкіұлының Кіші жүздің Ресейге қосылуындағы Әбілқайыр ханды қолдауының саяси себептері Тама Есеттің Ресеймен әскери одақтас болып, Ресейден от қару алып, жоңғарлардан қорғануды ойлағаны халық жадында сақталған жыр жолдарынан да анық көрінеді.
Ол кездегі уақыт талабына сай сыртқы саяси жағдайға байланысты дербес тәуелсіз болуды қалағанымен, елдің міндеттілікке айналып бара жатқандығын сездіруі деп ұққан дұрыс. XVIII ғасырда қуаты артқан патшалы Ресейдің өзі көрші елдер ықпалдастығымен өзінің тұрақты мүддесін жүзеге асыруға нағыз боданы етуге күш салды.
2007 жылы Уфа қаласында басылып шыққан Башқұртстан Республикасы тарихи-мәдени энциклопедиялық атлас кітабында Кіші жүз 1730 жылы, Орта жүз 1740 жылдан бастап Ресей боданына айналды деп көрсетеді.
Қазақстанның Ресейге қосылуы мәселесіне қатысты Қазақ хандығының Орыс патшалығына протектораттық бағыныштылығы хақында, тарихшы ғалым В.Я.Басин: «Кіші және Орта жүз «бодандықты» қабылдап ант бергенімен, қазақ хандығы, шын мәнінде, Ресей протектораты болмады», – деп тұжырым жасайды. Біріншіден, Қазақстанда XVIII ғасырдағы саяси жағдай басқаша болды, XIX ғасырда батыс пен шығыстағы бәсекелестеріндей үнемі саяси қақтығыстар аймағына айналмаған болатын.
Екіншіден, қазақтың Кіші және Орта жүзін Ресей толық тәуелді етіп, бағындыра алмады. Сондықтан, қазақ қоғамында ерекше құқыққа ие болатын отаршылдық мұраттарына жету үшін тархандық институтты пайдалануды көздеді. Жалпы алғанда, автор пікірінше, протектораттыққа қатысты белгілер болды. Дегенмен, «шын классикалық мәніндегі протектораты болды деп санауға болмайды»– деген пікірі ойымызды қуаттайды.
Ал, Ресейді Қазақстан протектораты деген ұғым қанағаттандырды. «Протекторат пен протектор», ұғымы шет тілдер сөздігінде мынадай ұғымды білдіреді; Протектор [лат.protector] – 1) қолдаушы, қорғаушы; қамқоршы, жақтаушы ұғымын білдіреді. Қазақтың белгілі батыр-билеріне тархандық атақ пен тархандық грамоталар Ресей патша үкіметі тарапынан берілуі оларды Ресей үкіметі тарпынан есепке алып қамқоршы, жақтаушы рөлінде көрсетпек болғандықтары да бодан болмағандықтың белгісі екендігін көрсетеді. 2) отарлық үстемдікпен бүркемеленген, жасырын формадағы тең емес келісім шарт негізінде және тәуелді елге басымдылық белгілері бар – протектор-мемлекет империалистік держава; 3) осындай тәуелді мемлекет немесе территория; 4) Англиядағы басқару формасы 1653-1659 жылдары республика басында өмірлік лорд-протектор тұрды. «Протекторат» және «протежирлық» – феодалдық қоғамдағы қалыптасқан жағдайдан туындайтын өзара белгілі қатынас келісім міндеттері бар қатынастың түрі.
Егер Орта жүз қазақтары мен Ресейдің 1740 жылғы шартына келсек, ол да жалаң сөз жүзінде қалды. 1740 жылдың күзіңде Қытаймен бейбіт бітім жасасқан Жонғарлардың калың қолы Орта жүз қазақтарына тұтқиылдан және бірнеше бағытта шабуыл жасағаны белгілі. Күтпеген соққыға тап болған Әбілмәмбет хан әскерімен Кіші жүз жеріне қарай шегінуге мәжбүр болған кезде Ресей Орта жүз казақтарын қорғаймыз деп аддағанына және оның екіжүзді саясатын, айталық, Сенаттың Орта жүз ханына Орынбордан баспана беру туралы Орынбор экспедициясының бастығы В.А.Урусовке 1741 жылы 18 ақпанда жіберген жарлығынан-ақ көруте болады, онда: "... Егер Әбілмәмбет хан озі қорғану үшін қалаға етсе, онда оны және жанындағы бірнеше игі жақсыларын өткізіндер, ал әскерлеріне мүндай рақым жасалмасын. Олар қамалға ғана емес, шекарадан да аттап баспасын, мүмкін болса, кері, Ор өзенінің ар жағына қайтарылсын...", — деді.
Осы келтірілген қүжаттан шығатын қортынды: 1741 жылғы Жоңғар шапқыншылығы кезінде Ресей дүшпандық саясат ұстады және 1740 жылы Орта жүз қазақтарымен жасасқан шартты бүзды. Яғни Орта жүзді сыртқы жаудан қорғаймыз, орыс азаматтығын береміз деген уәдесін бүзды. Сондықтан Орта жүздің 1740 жылғы Ресейге қосылу туралы келісімі жай ғана соз жүзінде қадцы, ешқандай саяси мағынасы болмады. Бүдан шығатын қортынды: болашақта Әбілқайыр ханды сатқын деп, Ресейге Кіші жүз Орта жүз өз еркімен қосылды деп дәлелдеудің тарихи шындығы жоқ секілді. Сонымен бірге бүрындары тарихшыларымыздың қазақ елі Ресейге оз еркімен қосыдды дегенді "тыққыштай" берген себебі, екі еддің достығы ертеден басталған дегенді дәлелдегісі келгеңдіктен болар. Бірақ та аранъш ашқан Ресей империясы мен қазақтың бүқара халқьш қосақтаудың ешбір жөні жоқ.