Қазақстан жеріндегі қ



Дата24.04.2022
өлшемі24,28 Kb.
#140665
Байланысты:
қола дәуірі



Қазақстан жеріндегі қола дәуірі мен Андрон мәдениеті




Орындаған: Аманкелді Айзада 1602-11
Қабылдаған: Исамет Нұрболат


Жоспар:

  1. Қазақстан жеріндегі қола дәуірі

  2. Қола дәуірінің кезеңделуі

  3. Андрон мәдениетінің Қазақстан жеріндегі ерекшеліктері

Пайдаланылған әдебиеттер.

Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.д. 3-мыңжылдықта басталған. Ал Қазақстанның қола дәуірі, шамамен б.з.д. XVIII—VIII ғасырлар аралығын қамтиды. Қола дәуірі адамзат баласы тарихында ерекше орын алады. Бұл дәуірде адамзат металды игерді. Ал өндіріске металдан жасалған құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды.


Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығыуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлірінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал осіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. З. Б. II мың жылдықтың аяғында –I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне – көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Ф. Энегельстің «Үй жануарлардың түрі көбейді» леп жазуы бұған дәлел. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды. Егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады.
Енді қола дәуірінің кезеңделуіне келетін болсақ, оны әр ғалым өздігінше кезеңдейді, ал біз Ә. Марғұланның кезеңдеуін қолданамыз. Ол қола дәуірін Анрон және Беғазы Дәндібай мәдениетіне бөледі. Ал Андрон мәдени-тарихи қауымдастығын екі кезеңге: ерте (Нұра кезеңі 18-16 ғғ.) және орта (Атасу кезеңі 15-12 ғғ) қола дәуіріне бөледі. Ал екінші мәденет - Беғазы Дәндібай мәдениетін кейінгі қола (12-8 ғғ.) кезеңіне жатқызады.
Ендігі бір деректерде Ә. Марғұлан қола дәуірін былай кезеңдеген: “Алғашқы пайда болу кезеңі (б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. ХVІІ ғасыр арасы); ортаңғы, өркендеп дамыған кезеңі: екі сатыдан – Нұра (б.з.б. ХVІІ-ХV ғасырлар) және Атасу (б.з.б. ХІV-ХІІІ ғасырлар); соңғы кезеңі: ол да екі сатыдан – соңғы кезеңге өтпелі сәт (б.з.б. ХІІ-ХІ ғасырлар) пен Беғазы-Дәндібай мәдениетінен (б.з.б. Х-VІІІ ғасырлар) тұрады».
Орталық Қазақстанның қола дәуірі Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы — Орталық Қазақстан.
Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қалдырған мәдениеті тарих ғылымында «Андронов мәдениеті» деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері «Андронов» деген селоның жанында ашылған. Бұл село Оңтүстік Сібірдегі Ачинск каласының жанында орналасқан. Қола ғасырының тарихнамасында оны «андронов мәдени-тарихи қауымдастығы» деп атау ұсынылған. Себебі қазіргі кезде ол бірнеше мәдени кезеңдерге таралады. Бірақ көпшілік кітаптарды “андрон мәдениеті” деген атаумен шектеледі.
Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі-Қазақстан жері Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халық- тың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жер төбелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық-егіншілікпен аралас шұғылданды. Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егінді оратын орақ, пішенді шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды. Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған
Андрон мәдениетінің негізгі ерекшеліктері:
1. Жерлеу ғұрыпы: ең ерекшесі тастан жасалған қорапқа ұқсайтын жерлеу орындары (каменный ящик). Бұндайжердеу Арасан қорымында кездеседі. Бұл жерлеу мәдениетін – “циста” деп атайды. Қорымды ашқан кезде тастарда оттың ізі байқалған, демек бұл жерлеу мәдениетінде мүрдені өртеген болуы мүмкін.
2. Классикалық-керамикалық құмыралар: құмыраларға түсірілген ерекеше геометриялық ою өрнектер – меандр деп аталады.
3. Қоладан жасалған бұйымдар. Әшекейлер: сақина тәріздес дөңгелек сырға, алтын білезік т.б. Бұл әшекейлер Жетісудағы Мыңшұнқыр қабірінен, Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан табылған.
4. Петроглифтер. Тасқа салынған суреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, әскерлер шайқасы.

Нұра кезеңінін кейбір зираттарында адамды өртемей жерлеу ғұрпы да кездеседі. Ақтоғай ауданының аумағында зерттелген «Қанаттас» деген жерлеу кешенінің қоршауында адамды қабірдің ішіне кол-аяғын бүгіп отырғызып жерлеген. Адамды қол-аяғын бауырына алғызып отырғызып жерлеу қола дәуірінің басқа да ескерткіштерінде сирек болса да кездеседі. Кейбір андрондықтар «адам өлгеннен соң Жер-ананың жатырына да солай орналасуы»қажет деп есептеген болуы керек. Нұра кезеңінің қорым-қоныстарын зерттеу барысында табылған артефакттарға қарап адаммен бірге қыш құмыраларды, малдың етін қойғанын анықтаймыз.


Андронов дәуірінің Атасу кезеңінін ең көп зерттелген ескерткіштері — сол жерлеу орындары. Оның аса белгілілері — Айшырақ, Саңғыру-ІІ, Былқылдақ, т.б. Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төртбұрышты қоршаулар болып келеді. Сондықтан алдыңғы кезеңнің көп дәстүрлері мұнда да жалғасын тапқан. Атасу кезеңінде корымдардың, қоныстардың маңайында өлгендерге мінәжат ететін арнаулы орындар пайда болды. Бұлардың диаметрі 1,5—3 м аралығында. Маңайын үлкен тастармен көмкерген. Шығыс жағынан мінәжат орнына келетін жолға тас төселген. Мінәжат орнында заттардың шірінділері (сүт тағамы болса керек), әр түрлі құралдар кездеседі. Бұған қарап біз “Андроновтықтар арасында өлгендерге табынған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген” деген қорытындыға келеміз. Бұл олардың наным сенімінен хабар береді.
Біз Андрон мәдениетінле қонысын айтқанда, қорымды бірге айтамыз. Себебі табылған орындар Андрон мәдени-тарихи қауымдастығына жататындығын анықтағанымызбен, оның дәл қоныс немесе қорым екені анықталмаған, сондықтан қорым-қоныстары бірге аталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8713/ © e-history.kz

  2. https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8712/ © e-history.kz

  3. Қазақстан тарихы. Талапкерлерге арналған оқулық-тест/А. Б. Сатанов – Алматы:Шың кітап, 2019. – 304б.

  4. Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ.

Қазақстан археологиясы: Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. –Алматы:……….., 2009. – 570 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет