Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет58/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

Біздің еңбек пәнінің мұғалімі үнемі бізді мақау, 
табын деп және басқа да жаман сөздер айта-
ды. Біздің дене тәрбиесінің мұғалімі де сондай-ақ 
үнемі бізге айқайлайды және бізге топас, мисыз 
де айтып, білзе тіл тигізеді. Осы мұғалім бізді 
әрбір ұсақ-түйек үшін жазалайды. Біз спорттық 
формада болмай, спорт алаңының айналасын-
да жартылай қазылып қойылған қаптамаларды 
жүре бастадық, сосын ол бізді бүкіл сабақ бойы 
тұрып тұруға мәжбүрледі. Ал біздің алаңда 
ойнағымыз келіп көлденең бөренелерге мінген кез-
де, ол бізді 100 рет жүрелеп отыруға мәжбүрледі. 
Біздің аяқтарымыз ауырып, тіпті жүру қиын 
болды». [308]
«Дене тәрбиесі және еңбек пәнінің мұғалімдері ба-
стан немесе иықтан ұра алады. Жалпы алғанда, 
олар біздің ата-анамызды шақыртатынын неме-
се мектеп инспекторына апарататындарын ай-
тып айқайлап қоқаңдайды. Егер біз тыңдамасақ, 
тебулері мүмкін». [149]
«Дене тәрбиесі мұғалімінің оқушыларды ұруы не-
месе айқайлауы мүмкін. Сондай-ақ арқадан тар-
тып жібереді, итеріп қалады немесе кеудені жер-
ден көтеруге немесе жүгіруге мәжбүрлейді». [110]
«дене тәрбиесінің мұғалімі бізді алаңғасарланатын 
немесе оның айтқандарын тыңдамаған кезде 
доппен ұрады». [17]
«Дене тәрбиесінің мұғалімі ғана бізді сабақ 
уақытында “қаздаңдап” жүруге немесе футбол 
алаңын айнала 10 рет жүгіруге мәжбүрлейді». 
[270]
Бір мектептегі балалар мұғалімдер сияқты мектеп 
директорының да тән жазаларын қолданатынын 
айтты. Кейбір балалар мектеп директорының 
дәлізде балаларды әдейі итеріп жіберетінін айтып 
берді. Осы мектептің үш баласы былай түсіндіреді:
«Мектеп директоры итеріп қала алады 
және мұғалім де итеріп қалып, ұрады. Олар 
арқадан қатты итереді, түрткілейді және 
тақылдатады». [120]
«Мектеп директоры өте күйгелек және өзі 
дәлізде келе жатқанда егер оның жолында тұрып 
қалсаң түрте салады. Мұғалімдердің де беттен 
ұрып, итеріп қалуы мүмкін». [119]
«Мұғалімдер арқадан шапалақпен салып қалады, 
ал директор дәлізде келе жатқанда түртіп 
қалады. Олар ұрады, итеріп қалады және қатты 
түртеді». [115]
Кейбір балалар мұғалімдердің дене жазаларын 
қолданбайтындарын айтты; дегенмен, балаларға 
қатысты айғай, балағаттау және ұрыс-керісті 
қоса алғанда, ауызша ескертулерді пайдалану 
теңгерімі бар.
«Мұғалімдер кейде ұлдар тәртіп бұзатын кезде 
айқайлап немесе үстелді ұрып жатады». [390]
«Олар жай ғана айқайлайды немесе барлығы ту-
ралы инспекторға хабарлаймын деп қорқытады». 
[386]
«Олар бізге жай ғана айқайлап ұрсады; кейде 
олардың бізді ата-аналарымызды шақыртамын 
деп қорқытуы мүмкін». [330]
«Олар бізге айқайлап ұрсады, бірақ ұрмайды. 
Ата-аналарды шақыртуы мүмкін». [328]
«Олар біздерді балағаттайды, бірақ қолдарын 
жұмсамайды. Олар жай ғана сөздерді пайдала-
нады». [295]
Қорыта келгенде, балалардың 20,0%-ына 
дейін (5-тен 1-і) мұғалімдердің жазаның басқа 


88
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
нысандарының мол жиынтығын қолданатыны 
туралы хабарлады және 16,0%-ы балаларды 
тәртіпке салу үшін үзілістерді (мысалы, бұрышқа 
тұрғызу және сыныптан қуып жіберетін кезде) 
пайдалантыны туралы айтты. Кейбір балалар жа-
залар мен үзілістердің басқа да нысандары тура-
лы айтты.
«Егер біреу-міреуді қорлайтын болса, мұғалімдер 
қатаң жазалап, екілік қояды және мектеп дирек-
торына немесе инспекторға апаруы мүмкін». [380]
«Егер 1-2 рет айтқаннан кейін балалар 
тыңдамаса, онда баланы бұрышқа тұруға 
мәжбүрлеуі мүмкін немесе кейде сыныптан қуып 
жібереді». [362]
Қорытындысында, екі бала мұғалімнің өздерін 
әртүрлі жұмыстарды орындауға мәжбүрлей оты-
рып жазалайтынын айтып берді. 
«Олар бізді кешіккеніміз үшін мектепті ай-
нала жүгіруге мәжбүрлейді. Егер біз сабаққа 
дайын болмасақ, еден жуамыз. Едендегі қара 
жолақтарды ұстарамен кетіреміз. Олар 
оқушының басына кітап қояды да, оқушы басы-
нан кітапты түсіріп алмауы үшін түзу отыруға 
тиіс». [264] 
Тән жазаларының себептері
Сұхбат барысында балалардан сондай-ақ 
баланың дене жазасына ұшырауы үшін не істеуі 
керек екенін және қандай балалардың мектеп 
мұғалімдерінің немесе мектеп директорларының 
жеке жазалау қаупіне ұшырағандарын 
сұрадық. Сұхбат жүргізілген 402 баланың ара-
сында балалардың 55,0%-ы мұғалімдерді 
тыңдамағандықтан немесе тыңдағылары 
келмегендіктен немесе мұғалімдерге және басқа 
оқушыларға құрметпен қарамағаны үшін басқа 
балалардың жазаланғанын айтты; балалардың 
17,0%-ы оқушылардың үлгермеушілігі үшін 
жазаланғанын айтып берді және сегіз бала 
балалардың отбасылық жағдайына байланысты 
күштеп жазаланғандарын айтты. 
«Қадағаланбайтын, сабақтарда кедергі жасай-
тын, сотқар және басқалардың атына теріс 
түсінік беретін балалар. Сондай-ақ үлгермейтін 
балалар және қиын отбасыларындағы және қиын 
жағдайларда тұратын балалар». [168]
«Сабақта өздерін нашар ұстайтын және 
қатарластарына тіл тигізетін және 
қатарластарын қорлап тіл тигізетін, 
мазақтайтын және басқаларды кемсітетін ба-
лалар. Тыңдамайтын және мінезі қиын балалар 
мен ата-аналарымен келіспеушіліктері бар бала-
лар және қызба балалар». [163]
«Жаман бір нәрсе істейтін балалар бірдемені 
ұрлайды, біреуді ұрады және мектепті тастап 
кетеді. Ата-аналары ішкіш, жағдайлары жоқ 
отбасының, кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі 
инспектордың есебінде тұрған оқушылар». [152]
«Егер кімде-кім алаңғасарланып, шулап, 
мұғалімді тыңдамаса немесе үй жұмысын жа-
самаса. Әдетте, алаңғасар және үй жұмысын 
жасамайтын әрі көп сөйлейтін ұлдар әрі оларды 
мұғалімдер де жақтырмайды». [360]
«Егер сабаққа дайындалмасақ, шуласақ және 
тыңдамасақ; онда олар біздерді ұрады». [353]
«Егер олар үй жұмысын жасамайтын болса, егер 
шуласа, мұғалімдермен дауласса. Егер біреуде үй 
жұмысы болмаса немесе егер ол ерке болса». [189]
«Егер кейбір оқушылар өздерін нашар ұстаса және 
мұғалімді тыңдамаса, кейін мұғалім ұрсады. Егер 
сен өзіңді нашар ұстасаң, олар ұрсады». [175]
«Өзін сабақта нашар ұстаса, қатарластарына 
тіл тигізсе, оларды қорласа, басқаларын 
мазақтап, келемеждесе. Тәртіпсіздік, 
қызбалықпен және ата-аналармен байланысты 
мәселелер және содыр балалар». [163]
Сегіз бала балалардың өздерінің отбасылық 
жағдайына байланысты күш қолданудың 
құрбандары болғанын айтты. Бір бала былай 
түсіндірді: «Мұғалімдер бізге бірдей қарамайды. 
Олар оқушыларды отбасы байланыстары мен 
отбасылық жағдайына байланысты бөледі» 
[355]. Сол мектептің екінші оқушысы былай 
толықтырады: «Мұғалімдер балаларды бай, ке-
дей және туыстар деп бөледі» [354]. Бұдан басқа, 
басқа мектептің баласы айтады: 
«Мен және бірнеше бала басқа ауылданбыз және 
бізді әр күні мектепке көлікпен алып келеді. 
Біз мұғалімдердің өзімізге басқа оқушыларға 
қарағанда нашар қарайтынын байқадық. Олар 


89
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
біздің бағаларымызды төмендетеді және бізге өз 
оқушыларына қарағанда көп ұрсады». [94] 
Мұғалімдер тарапынан оқушыларға 
қатысты сүйіспеншілік
3.26-кестеде балалардың 35,5%-ына дейін 
(3-тен 1-і), сондай-ақ былтыр бір жыл бойы 
мұғалімдердің мектептегі басқа балаларға 
қарағанда кейбір балаларға сүйіспеншілік та-
нытатынын немесе оларға жақсы қарайтынын 
байқағанын айтқандары көрсетілген. Осылайша, 
балалардың бәрі мұғалімнің өздеріне бірдей 
қарайтынын сезбейді.
Талдау балалар мектеп директорларының және 
мұғалімдердің тарапынан болатын зорлық-
зомбылық пен кемсітушілікке ұшыраған кез-
де демографиялық айырмашалықтар бола-
тынын анықтау үшін жүргізілді. 3.27- кестеде 
ер балалар арасында (27,5%) қыз балаларға 
қарағанда (20,1%), мектеп директорының 
және мұғалімдердің тарапынан болатын 
зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ха-
барлау ықтималдығының едәуір жоғары екені 
көрсетілген (яғни, психологиялық және/неме-
се физикалық зорлық-зомбылық). Жыныстық 
белгілері бойынша мектеп директорлары мен 
мұғалімдер тарапынан болатын кемсітушілікке 
қатысты айырмашылықтар болмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет