Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет57/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

ұрады. Бор лақтырады және тыныш тұруға 
мәжбүрлейді, ал кейде сабақ уақытында 
дәретханаға жібермейді». [257]
«Бұл өте жиі болады. Олар бізді кітаппен 
ұрады, бірақ көп айқайлайды. сабақ уақытында 
дәретханаға жібермейді, тыныш тұруға 
мәжбүрлейді және бізді шымшиды». [256]
әртүрлі нысандарын қолданатындары 
көрсетілген.
«Мұғалімдер мектепте оқушыларды ұрады. Олар 
шапалақпен ұрып, сызғышпен де салып қалады. 
Ер мұғалімдер жұдырықпен немесе кітаппен 
ұра алады. Олар егер сен алаңғасарлансаң неме-
се өздерін тыңдамасаң, сабақ уақытында сөйлеп 
және шулап отырсаң ұрады. Бірақ ер мұғалімдер 
қыздарды ұрмайды, мұғалім апайлар оларды ұрып, 
беттерінен шапалақпен салып жібереді. Бұл жиі 
болады. Соңғы рет бұл өткен аптада болды, 
мұғалім менің сыныптасымды ұрды. Олар бұны 
қалыпты деп санайды… Соңғы рет бұл өткен 
аптада маған жасалды. Мұғалім мен жаққа 
қаламын лақтырып, қалам менің басыма тиді. 
Кейде олар жаныңа келіп, бізді кітаппен ұрады. 
Қалам, кейде бор лақтырады; кейде жаныңа 
келіп беттен ұрады». [360]
«Иә, мұғалім бізді ұрады. Мұғалім апайлар беттен 
ұрады, ал ер мұғалімдер де ұрады. Жақында мен 
бір мұғалім апайдың оқушыны қамап қойғанын 
естідім, бірақ өзім көрген жоқпын». [403]
«Әдетте мұғалімдер ұлдарды ұрады, олар қолында 
не болса сонысымен ұрады. Бір мұғалім апай бір 
ұлдың басын тақтаға соқты, екіншісі таяқшамен 
ұрды. Олар әдетте бізге нашар қарайды, 
дәретханаға шығуға жібермейді және бізді ұрады. 
Мұғалімдер балаларға жаман, ренжітетін және 
дөрекі сөздер айтады. Олар 9-сыныптан кейін 
кетпеген балаларға ұрысады». [355]
«Иә, күш қолданылады. Олар ұрсады, ұрады және 
тіпті былтыр ер баланың басын тақтаға соқты. 
Олар бізді таяқшамен ұрады. Жоқ, басқа түрі 
жоқ, әдетте олар жай ғана айқайлайды». [354]
«Мұғалімдер егер біз тыңдамасақ және 
алаңғасарлансақ, егер жаман оқысақ бізді ұрады. 
Мұғалім апайлар дөрекі сөздерді пайдаланады, ал 
ер мұғалімдер беттен ұрады. Олар бізді тұруға 
мәжбүрлеп, беттен шапалақпен ұрады, сызғыш 
немесе кітаппен, ал кейде қаламмен немесе бор-
мен ұрады». [353]
«Олар жай ғана сенің басыңды саусағымен нұқып: 
“Сен неліктен бұны жасадың? Ендігәрі бұлай жа-
сама!” – деп өзіңе айқайлай алады. Олар жай 
ғана бізге айқайлайды. Ата-аналарымызға ай-
тып, оларды мектепке шақыртады». [351]


87
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
«Мұғалімдер қатты ашуланатын кезде бор 
лақтырады немесе кітаппен ұрады. Кейде қолмен 
де ұрып қалады». [240]
«Мұғалімдер итере және тебе алады, бірақ, 
негізінен, егер оларға бірдеме ұнамай қалса, 
айқайлайды. Иықтан итеріп, түртіп, тебеді. 
Негізінен, айқайлайды және итеріп қалады». [90]
Кейбір балалар, атап айтқанда, дене шынықтыру 
және еңбек мұғалімдерінің ауызбен айтылатын 
дөрекі балағаттауларды және денелік жазалау-
ларды қолданатындарын айтты.
«Директор физикалық зорлық-зомбылықты 
қолданбайды, ал дене тәрбиесінің мұғалімі. 
Спорттық жарыстар уақытында ол бір оқушыны 
ол жүгіретін жолды басып кеткені үшін бірнеше 
рет аяғынан тепті; осы оқушы тіпті ақсаңдап 
қалды». [373]
«Ешкімді ұрмайды, бірақ шертіп алуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет