114
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Балаларға қатысты тәртіптік шара қолдану не-
месе кемсіту тәсілдерінде мұғалімдер мен
мамандандырылған қызметкерлер құрамының
арасында елеусіз айырмашылықтар анықталды.
Алайда, мамандандырылған қызметкерлермен
салыстырғанда (14,8%) оқытушылар (21,7%)
тәртіптік жаза қолдану үшін балаларды жиірек
мектеп директорына жіберген. Бұған қоса,
мамандандырылған қызметкерлер құрамымен
салыстырғанда (1,2%) балаларға қатысты жаза
қолдануда дене еңбегін пайдалануға мұғалімдер
(6,1%) бейім.
4.9-сурет 4.11-кестеде көрсетілген балаларға
қатысты тәртіптік жаза қолдану мен кемсітушіліктің
тек қалалық және ауылдық айырмашылықтарын
көрсетеді. Қала мектептерінде оқытушылар
мен мамандандырылған қызметкерлермен
салыстырғанда (19,5%) ауылдық мектептердің
мұғалімдері мен мамандары (25,1%) балаларға
қатысты тәртіптік жаза қолдану мен кемсітушілік
әдістерін (барлық түрін) айтарлықтай жиі
қолданады. Қала мектептерінің оқытушылары
мен мамандарымен салыстырғанда (15,7%)
ауыл мектептерінің оқытушылары мен
мамандандырылған қызметкерлер құрамы
(24,4%) балаларды мектеп директорларына
жиірек жібереді.
Жас айырмашылықтары тұрғысынан келгенде
4.10-сурет әрбір басқа жас ерекшелігі бойынша
топтардағы оқытушылар мен мамандандырылған
қызметкерлермен салыстырғанда 50-ден 59
жасқа дейінгі жас тобындағы оқытушылар мен
мамандар балаларды жазалау мен кемсітуге
бейімірек екендігін көрсетеді. Салыстырар
болсақ, жоғары жас топтарындағы (40-тан 49
жасқа, 50-ден 59 жасқа және 60-тан 69 жасқа
дейінгі) мұғалімдермен және мамандандырылған
қызметкерлермен салыстырғанда төменгі
жас топтарындағы (20-дан 29 жасқа және
30-дан 39 жасқа дейінгі) оқытушылар мен
мамандандырылған қызметкерлер балалар ара-
сында тәртіпті ұстап тұруда күш қолдануға неғұрлым
бейім. Ақырында, 4.10-суретте көрсетілгендей,
әрбір басқа жас тобындағы оқытушылар мен
мамандандырылған қызметкерлер құрамымен
салыстырғанда 60-тан 69 жасқа дейінгі жас
ерекшелігі бойынша топтағы оқытушылар мен ма-
мандар балаларды көбірек кемсіткен.
4.11-сурет жазалау үшін баланы мектеп ди-
ректорына жіберу тұрғысынан келгенде жас
айырмашылықтары бар екенін көрсетеді. Әрбір
басқа жас тобындағы оқытушылармен және маман-
дармен салыстырғанда, 60-тан 69 жасқа дейінгі жас
тобындағы оқытушылар мен мамандандырылған
қызметкерлер құрамы жазалау үшін баланы
көбінесе мектеп директорына жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: