115
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Ақырында, 4.12-сурет мектептегі жұмыс
өтіліне және балаларға тәртіптік жаза қолдану
әдістеріндегі айырмашылықтарды көрсетеді.
Әсіресе, мектепте 16 жыл және одан көп жұмыс
істеген мұғалімдермен және мамандандырылған
қызметкерлер құрамымен салыстырғанда мек-
тепте 15 жыл немесе одан аз уақыт жұмыс
істеген оқытушылар мен мамандар жазалау
үшін балаларды мектеп директорына көбірек
жіберген. Бұған қоса мектепте 2 немесе одан
аз уақыт жұмыс істеген оқытушылар мен
мамандандырылған қызметкерлер мектепте
21 немесе одан көп жыл істеген мұғалімдермен
және мамандармен салыстырғанда балаларға
тәртіптік жаза қолдануда күш қолдануға
бейімірек болған. Ақырында, жұмыс өтілі бой-
ынша басқа топ санаттарындағы оқытушылармен
және мамандандырылған қызметкерлермен
салыстырғанда, мектеп 11-ден 15 жылдай уақыт
істеген оқытушылар мен мамандар балаларды
жазалауда дене еңбегін көбірек пайдаланған.
Сонымен қатар мұғалімдер пайдаланатын
тәртіптік жазаны қолдаудың әр түрлі әдістерінің
арасындағы байланысты зерттеу үшін талдау
жүргізілді. 4.14-кесте мектепте тәртіптік жаза
қолданудың жағымды әдістері туралы хабарлаған
кейбір оқытушылар баалаларға қатысты
тәртіптік жаза ретінде психологиялық зорлық-
зомбылықты (11,8%), физикалық-зорлық-
зомбылықты (18,1%) және дене еңбегін (6,7%)
қолданған. Жағымды тәртіктік жаза қолдану ша-
раларын пайдаланған кейбір мұғалімдер сондай-
ақ балаларға қатысты кемсітушіліктің орын
алғандығын хабарлаған (4,8%).
Достарыңызбен бөлісу: