Қазақстан мұнай өндіру саласының қазіргі қаржылық жағдайы



бет1/12
Дата28.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#115473
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Диплом ТОКА




МАЗМҰНЫ






КІРІСПЕ........................................................................................

6

1

МҰНАЙ компанияларына салық САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ және ел экономикасына әсері............................................................................................

8


1.1

Салық салудың экономикалық мәні және оның ел экономикасына әсері.....................................................................

8


1.2

Мұнай компанияларына салынатын салықтар мен арнайы төлемдер...........................................................................................

21


2

«ПЕТРОҚАЗАХСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ » АКЦИО-НЕРЛІК ҚОҒАМЫНА САЛЫҚ САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ .......................................................................................

38


2.1

Қазақстан мұнай өндіру саласының қазіргі қаржылық жағдайы.

38

2.2

Қазақстан Республикасында мұнай өндіру саласына салық салу мәселелерін талдау..........................................................................

46


2.3

«ПетроҚазахстан Құмкөл Ресорсиз »Акционерлік қоғамы мұнай өндіру компаниясына салық салудың талдауы..................

55


3

МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ.........................................

63


3.1

Мұнай компанияларына салық салу ерекшеліктері мен жетілдіру бағыттары........................................................................

63


3.2

Мұнай өнімдерін өндіруге салық салудың әлемдік тәжірибесі...

71




ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................

85




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................

87


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бұл дипломдық жұмыстың қарастырып отырған тақырыбы мұнай компанияларына салынатын салықтар мен олардың экономикаға әсері болғандықтан.Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдерді, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіріп қарастырдым. Оларға үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері, акциз салығын және жанама салықтар мен табысқа салынатын салықтарды қамтып қаржылық талдау жасадым.

Осыған орай қазіргі таңда біздің мемлекетіміздегі көптеген мұнай өндіруші компаниялардың мұнай және мұнайгаз саласына деген сұранысы жылдан жылға өсіп, соның арқасында шетел инвесторларымен қарым-қатынасымыз артуда. Қазақстан экономикасының жұмыс істеуінің нарықтық негіздеріне көшу және осыған байланысты еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси келбетін жаңғыртқан түбегейлі өзгерістер принципті түрде жаңа проблемалар мен міндеттерді алға тартуда.

Осы саланың дамуын қамтамасыз етуде қатынас қаражаттардың және салықтың алатын орны ерекше.Қазақстан Республикасының индустриялық инновациялық дамуының 2015 жылдарға дейінгі стратегиясында мемлекет-тің экономикалық саясатының басты бағыттарының бірі экономиканың шикізаттық бағытынан кетіп, одан әрі әртараптандыру және жаңа техноло-гияларды дамыту болып айқындалады.Алдағы мақсаттарға жету үшін алдымен экономикалық әдістерге, атап айтқанда, экономиканың дамуын мемлекеттік ынталандырудың жанама тәсілінің негізгі құрамдаушысы болып табылатын салық салу жүйесіне негізделген, компанияның қаржылық белсендігін қолдауға басым бағытталған салықтық мемлекеттік саясат қажет.

Мұнай – газ компаниясында мынадай қызметтер көрсетеді: Отандық мұнай – нарығының бәсекелік артықшылықтарын бағалау, мұнай-газ секторы дамуының стратегиясын қалыптастыру саласында және жергілікті нарыққа кірудің оңтайлы жолдары туралы мәліметтер беру, қазақстанда мұнай қызметін бастағысы келетін компаниялардың мүдделерін білдіру, мұнай мен газ саласында салық төлемдерін жеңілдеті мен ынталандыру. өңдеу, мұнай мен газдың технологиялық шығындарын анықтау және нормалау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауды ұйымдастыру арқылы салықты уақытылы төлеу арқылы бюджетке кіріс әкелу.

Қазақстанның одан әрі экономикалық дамуы да мұнай индустриясымен байланыстырылады. Алайда, осындай даусыз пайдалылығына қарамастан, болашақта бұл сала оны тереңдей өңдеуге, мұнай химияны дамытуға және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнімдердің түр-түрін өндіруді дамытуға емес, өнімді көбейте түсуге және шикі мұнайды экспорттауға бағытталғандықтан, валюталық кірістерді жеткіліксіз алуға соқтыруы мүмкін.


Қазақстан әлемдік бірлестікте мұнайлы держава ретінде танымал. «Қара алтынның» өңделуі мен экспорты үлкен көлемдегі бюджеттік табыс болып табылады. Компанияларға берілетін жоғары баға көптеген компанияларның кәсіби билікке қол жеткізуге жетелейді. Бүгін Қазақстанның ең ірі компаниялары мұнай өнімдерін тасымалдаудың балама бағыттарын іздестіруде және қазіргі бар мұнай тасымалдау жүйелерін дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. өткен жолымыз бізге болашаққа сенімді үмітпен қарауға мүмкіндік береді.

2010 жылы күтіліп отырған Солтүстік теңізде мұнай өндірудің төмендеуі, сондай-ақ, батыстың жетекші экспорттаушы елдері Каспий мұнайының әлемдік нарыққа тұрақты құйылуын Парсы шығанағының саяси тұрақсыз саясатын әлсірету үшін мұнай экспорттау ағынын қайта құрудың негізгі факторы ретінде қарастыруы Қазақстан үшін оңды инвестициялық ахуал қалыптастыруы мүмкін. Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Арнайы ғаалымдар мен экономистердің ғылыми еңбектері мен заңдар мен стандарттар қолданылды.

Фалько С.Г. және т.б. авторларды бөліп көрсетуге болады. Жұмыста жоспарлау теориясы мен тәжірибесі бойынша Агапцов С.А., Виханский О.С., Герчикова И.Н., Ефремов В.С., Кохно П.А., Комаров С.Е., Кныш М.И., Любинова Н.Г., Пучков В.В., Тютиков Ю.П., Фатхутдинов Р.А. және т.б. авторлардың еңбектері.

Әрбір мұнай компанияларының ең негізгі алға қойған мақсаты болады ол табысты максимизациялау, яғни шығындарды азайтып, тиімді жолмен пайда түсіру болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Мұнай газ саласындағы мұнай өнімдеріне салықтың салынуы. Сонымен қатар, әлемдік нарықтардағы мұнай ұсынысы және оны тасымалдау мүмкіндіктері де есепке алынып оған төленген төлемдер.Қазір мұнай және газ өндіретін компаниялар жылдан жылға өсіп келуде. Компанияларға берілетін жоғары баға көптеген компанияларның кәсіби билікке қол жеткізуге жетелейді. Қазақстан Республикасында мұнай компанияларына салық салу тәртібі мен ұйымдастырылуын айқындау; арнайы салықтар мен төлемдерді қарау; әлемдік тәжірибемен салыстыру; мұнай саласының қазіргі жағдайы мен дамуын зерттеу; түскен түсімдерге қаржылық талдау жасау. Олар өндіретін мұнайының сапасы, көлемі, түрі, барлануы, өңделуі, жеткізілуі сияқты тағы басқа көптеген қызмет көрсетулерімен ерекшеленсе, соншалықты содан бюджетке түсетін түсімдер ел экономикасына әсерін тигізері анық.

«ПетроҚазахстан Құмкөл Ресорсиз »Акционерлік қоғамы мысалында мұнай өндіру компаниясына салық салуға талдау; проблемаларды анықтау және қарау; жаңашаландырудың негізгі бағыттары мен жолдарын қарастыру.

Зерттеу объектісі ретінде «ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз» Акционерлік қоғамының мәліметтері мен ақпараттары алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет