1 МҰНАЙ компанияларына салық САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ және ел экономикасына әсері
1.1 Салық салудың экономикалық мәні және оның ел экономикасына әсері
Сонымен, дипломдық жұмыстың бұл бөлімінде мен салықтың негізгі қағидаттарына және салықтың атқаратын қызметтеріне тоқталдым, ал олар арқылы компанияларға салынатын салықтардың негізгі экономикалық мәні ерекшеліктері ашылады.
Қазақстан әлемдік бірлестікте мұнайлы держава ретінде танымал. «Қара алтынның» өңделуі мен экспорты үлкен көлемдегі бюджеттік табыс болып табылады. Компанияларға берілетін жоғары баға көптеген компанияларның кәсіби билікке қол жеткізуге жетелейді. Бүгін Қазақстанның ең ірі компаниялары мұнай өнімдерін тасымалдаудың балама бағыттарын іздестіруде және қазіргі бар мұнай тасымалдау жүйелерін дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. өткен жолымыз бізге болашаққа сенімді үмітпен қарауға мүмкіндік береді.
Салық салу бойынша жүз пайыздық тиімділікке жету дамыған нарықтық экономика жағдайында мүмкін еместігін әлемдік тәжірбие көрсетіп отыр. Кез-келген мемлекет өзінің экономикалық саясатын жүзеге асырған кезде салықтық реттеу құралдарының кең спектрін қолданады. Салықты шаруашылық қызметті реттеуші құрал ретінде қолдану мүмкіндігі салықтың өзінің табиғатынан, ішкі мәні мен қызметінен шығады.
Бұл мүмкіндікті қолдану салық механизмі арқылы жүзеге асады. Қаражаттарға деген қажеттілікті сезе отырып мемлекет салықтық құрал арқылы қаржылық қаражаттардың максималды мүмкін болатын көлемін алуға ұмтылады. Қазір біз тамаша тарихи кезеңді бастан кешіріп отырмыз. Қазақстан егеменді ел болды, экономикалық қатынастардың қиын жолдарынан өтті.
Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында қарқынды дамып келе жатқан елдің бірі. Кейінгі төрт жылда ішкі өнімнің жалпы табысы Қазақстанда 50%-ға өсті. Өндіріс көлемінің ұлғаюына өндіріс және қызмет көрсетудің барлық салаларындағы компаниялар, оның ішінде мұнай және газ өндіру кәсіпорындары да өз үлестерін қосып жатыр.
Салық төлемдері: Облыс бойынша мұнай субъектілерінен бюджетке түскен салықтар мен төлемдердің түсім көлемі 2011 жылы 25 374 991 мың теңге болса, 2012 жылы 38 231 286 (51% ға артқан) мың теңге болып отыр
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады.Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарды міндетті түрде жариялануға жатады.
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.
Салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын қызметтерінде толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік қызметінің құрамдас қосалқы қызметі ретінде қарастырған жөн.
Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш қызмет орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерешеліктерін білдіреді. [2.208-211 беттер]
Фискалдық қызметі - барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасалы, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік- мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамассыз етеді.
Салықтардың реттеуші қызметі мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесісіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін ынталандыруға, капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен пайдаланылады. Осы мақсатта салықты корпорация қызметтерінің түрлеріне қарай пайдалану жөнінде түрлі жеңілдіктер беріледі. Мұндай шараларға мысалы, өндіруші компанияларды (әсіресе мұнай мен газ өнеркәсібінде олардың табиғи қорларының азаюына байланысты) салық арқылы ынталандыру жүйесі жатады. Бұл ережеге сәйкес өндіруші компаниялар пайдалы қазбалар көзінің азаюына және өндіріс жағдайларының қиындауына байланысты салық төлемейді.
Салықтық жеңілдіктер беру арқылы мемлекет өндіргіш күштерді аймақтық орналастыруға, инфрақұрылым объектілерін салуға және т.б. айтарлықтай әсер ете алады. Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, сонымен қатар барлық шаруашылық конъюктураға ықпал етеді.
Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Бүкіл экономикалық конъюктураны ынталандырудың ірі шараларына мысалы, 80-жылдарда АҚШ үкіметінің басына келген Р.Рейген әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американ экономисі А. Лаффердің есебі алынған. Ол салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді. Лаффердің ойынша, корпорациялар табысына шектен тыс салық мөлшерлемесін көтеру олардың күрделі қаржыға деген ынтасын жояды, ғылыми-техникалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.
Салық мөлшерлемесі өскенде мемлекет табысы салық салудың нәтижесінде ұлғаяды. Салық мөлшерлемесінің қолайлы мөлшері (R) мемлекеттік бюджетке жергілікті түсімдерді қамтамасыз етеді(Y). Салықты одан әрі көбейту еңбек пен кәсіпкерлік ынтасын төмендетіп, 100 пайыздық салық салу мемлекеттік табысты нөлге теңейді, өйткені ешкім де тегін жұмыс істегісі келмейді.
Басқаша айтқанда болашақта шектен тыс салықты азайту қор жинауды, инвестицияны, жұмыспен қамтуды арттырып жиынтық табыстың көлемін ұлғайтады. Нәтижесінде салықтық түсімдердің нәтижелілігі өседі, тапшылық азаяды, инфляция бәсеңдейді. Әрине Лаффердің қисық сызығының тиімділігі тек еркін нарық механизмінің қалыпты жағдайында ғана мүмкін болады. Бұл теорияға сын тұрғысынан терең талдау жасамай, мынаны ғана атап өтуге болады. Лаффердің қисық сызығының тиімділігі тек еркін нарық механизмінің қалыпты жағдайында ғана мүмкін болады.
Салық жүйесін мемлекет пен жеке және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар, салық механизмі яғни, салық салу әдістері мен тәсілдері, жолдары, салық заңдары мен салыққа қатысты кесімдердің, салық қызметі органдарының жиынтығын құрайды. Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасаудың ең негізгі құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси әлеуметтік шараларды толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған ҚР Салық жүйесі туралы Заң тәуелсіз салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі жұмыстардың бірі болып саналады. Осы кезеңдерде елде көптеген құбылыстар, атап айтқанда, меншіктің көптеген түрлерінің дамуы, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізінде жүргізілуі және т.б. құбылыстар іске аса бастады. [5, 127-198 беттер]
Алғашқы салық жүйесінің көптеген кемшіліктері де болды. Салық түрлерінің көп болуы, заңнаманың тұрақсыздығы, есептік база төлемдерінің көптігі, жеңілдіктердің көп қолданылуы салық жүйесінің басқарылуын күрделендірді және оның тиімділігін төмендетті. Қазақстанның салық жүйесін жетілдіру жұмыстары 1992 жылдан бастап жүргізілді.
Қазақстан Республикасы салық жүйесінің дамуында 1994 жыл ерекше орын алады. Дәл осы жылы салық жүйесін реформалаудың нақты қадамдары жасалған болатын. Негізінен жеке тұлғалардан алынатын табыс салығына және кәсіпорындардың табысына салынатын салыққа өзгертулер енгізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жеке тұлғалардың табыстарынан салық алу» және « Заңды тұлғалардың табыстары мен пайдалары жөніндегі салықтар туралы» Жарғылары қабылданды.
Ал заңды тұлғалар үшін табысқа салынатын дифференциацияланған (ерекшеленген) салық мөлшерлемелері жойылды және екі мөлшерлеме қабылданды: 1. 30 %-заңды тұлғалар үшін; 2. 45 %-банктер және сақтандыру компаниялары үшін. Алғаш рет салық төлеушілердің қатарына кәсіпкерлік іс-әрекеттен табыс алатын бюджеттік ұйымдар жатқызылды, жеңілдіктер реттелді (бұрын болған 30 жеңілдіктің орнына тек қана 6 жеңілдік қалдырылды) және т.б. Демек, 1994 жылы Қазақстан Республикасының салық жүйесінде жасалған реформалардың нәтижесін талдайтын болсақ, олардың фискалдық сипатта жүргізілгенін көреміз.Осыған байланысты Қазақстан Республикасының салық жүйесін халықаралық стандарттарға сай етіп жасау әрекеті жүзеге асырылды.
Аталмыш міндеттерді іске асыруда негізгі құжат болып ҚР Президентінің 24.04.95 ж. қабылдаған «Салық және бюждетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заң күші бар Жарлығы есептелді. Ол 1995 ж. 1-шілдесінен бастап іске қосылды, нәтижесінде бұрын қызмет еткен 42 салық түрінің орнына 11 салықтар мен алымдар қызмет ететін болды: 2000 жылы 1 қаңтарынан бастап ҚР-да 17 түрлі салықтар мен алымдар қызмет етті. 2001 жылдың 12 маусымынан Жаңа Салық Кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1-қаңтарынан бастап іске қосылды. Салық Кодексінде ҚР-да қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда, 9 салық түрі, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттік баж, 4 кедендік алым белгіленген. [ 16. 1-230 беттер]
ҚҚС мөлшерлемесі 2009 жылы 12%-ға дейін қысқарды, жер қойнауын пайдаланушылардан салық алу тәртібі өзгертілді; әлеуметтік салықты есептеу тәртібі өзгертілді: регрессивті салық мөлшерлемесінен (13%-дан 5%-ға дейін) біртұтас 11 %-дық салық мөлшерлемесіне көшті, салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесі – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.
Салық кезеңі. Жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі, ол аяқталған соң салық базасы анықталады және бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:
Салық салынбайтын минимум – салық салудан толық босатылатын салық объектісінің ең аз бөлігі.Табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер (асыраудағы жандарға, мүгедектерге – халықтан алынатын табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметтік объектілерді ұстауға, табиғат қорғаушараларына жұмсалатын шығындардың сомасынан – пайдаға салынатын салық боойынша және т.т.);Салық салынатын табыстың құрамына біріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, халықтан алынатын табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы); Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар.
Салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық мөлшерлемесін төмендету.Салық жеңілдіктеріне сонымен қатар төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша бересіні есептеп шығару да жатады.
Жеңілдік кезеңі – салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты.Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері – билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен реттеледі.Салықтық бақылау– салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылауы.
Кедендік бақылау агенттігі өз құзыры шегінде Қазақстан Респуб-ликасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен байланысты төленуге тиіс салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу жөніндегі салықтық бақылауды Салық кодексіне және кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Салық құпиясын салық төлеуші және оның қаржы-шаруашылық қызметі туралы салық службасы органдары алған кез келеген мәліметтер құрайды. Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табымтарын төлеттіріп алу бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады. Төлем жасау қабілеттілігіне байланысты салықтар тікелей және данамаға бөлінеді.
Тікелей салықтарды салық субъектілері тікелей төлейді. Олар заңды және физикалық тұлғалардан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:
- азаматтарға салынатын табыс салығы және корпорациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;
- мүлік салығы, осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке), әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік салықтар және әлеуметтік жарналар деп аталатындар) салынатын салықтар; пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар.
Жанама салықтар – бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Бұлар жарым-жартылай, немесе, толық тауар, немесе, қызметтер бағасына аударылады. Жанама салықтардың негізгі түрлері:
- үстеме құнға салынатын салық, акциздер (тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар);
- мұрагерлік салық;
- жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.
Дамыған елдердегі салық салу тәжірибесіне жүгінсек, салықтардың жетекші екі түрі болады. Мұның негізін табыс салығы – азаматтар және заңды тұлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогрессивтік салық салу және үстеме құнға салынатын салық құрайды.
Табысқа салынатын салықтар физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы және заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы деп ажыратылады.
Индивидуалдық табыс салығы – бұл жеке табыстар салығы, салық төлеуші физикалық тұлғаның табыстарынан (әдетте жылдық) алынатын алым болып табылады. Төлемдер жыл бойы жасалынады, бірақ түпкі есеп жыл аяғында жасалады. Салықтың бұл түрі тікелей прогресивтік салыққа жатады. Әр елдердің салық жүйелерінің ортақ ұқсастықтары болады, бірақ солардың әрқайсысында өздерінің ерекше салық ставкалары мен салық салуға жатпайтын, салық несиелері мен төлем даталары болады. Осымен қатар, салық жүйелерінің көбінде серіктестіктер салық салудың жеке объектісі деп саналмайды. Олар арқылы пайда серіктестіктің мүшелеріне салынады.
Соңғы жылдары табыс салығының ставкасын төмендеу тенденциясы байқалып отыр. Көп экономистердің тұжырымдауы бойынша, «әділетті» салық жүйесі үшін табыс салығының ашық бейнеленген прогрессивтік ставкалары қажет, яғни байлар кедейлермен салыстырғанда үлкен салық төлеу керек.
Заңды тұлғаларға табыс салығы – корпорациялардың пайдасына салынатын салық. Көп елдерде бұл тікелей прогрессивтік салық болып табылады. Осы салық корпорация заңды тұлға болса ғана алынады.
Корпоративтік салық фирмалардың салық төлемдердің басым көбін құрайды. Салық фирманың таза пайдасына (жалпы түскен түсімнен барлық шығындар мен зияндары алып тастағанда қалғандар) салынады. Дивиденд түрінде акйионерлер арасында бөлінуге тиісті таза пайданың бөлігіне салық салу әр елде әр түрде жүреді.
Алынған дивидендтер физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы объектісіне жатады. Мұның нәтижесінде бір сомаға екі рет салық салынады – бастапқыда, фирманың пайдасының бөлігі деп осыдан кейін, салық салу жүйесінің көзқарасы бойынша, акционерлердің табысына айналан, бөлінетін пайда деп, оған жеке табыс салығы салынады.
Салықтың дамыған елдердің көбінде қолданылатын маңызы жағынан екінші түрі – қосылған құнға салынатын салық. Еңбек процесінде өздерінің қарамағына келіп түскен еңбек заттарына құн қосқан салық төлеушілеріне, олардың қосқан құнына салық салынады. Бірақ салық төлеушілердің әрқайсысы осы соманы түпкі тұтынушыға жылжып отыратын өзінің тауарының бағасына қосады. Қосымша құн салығы тауарлар мен қызметтер сататын фирмаларға сатылатын тауар құнының 5-тен 38% көлеміне салынады және осы салық көп қолданылатын тауарлар мен қызметтерге салынады.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі , салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі, салық мөлшерлемесі, үлес, салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары. Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері.
Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол – салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылуы мүмкін.
Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.
Салық объектісі. Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі тувндайды.
Салық базасы. Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.
Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операциялар жүргізу үшін беріледі:
1) Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық барлау; геологиялық барлауға мемлекет келтірген шығынды өтеу туралы.
2) Барлау.
3) Өндіру.
4) Барлауға және Өндіруге қатысы жоқ жерасты құрылыстарын салу және пайдалану.
Жер қойнауын пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, бөлінген немесе бөлінбеген, қайтарымды немесе қайтарымсыз берілуі мүмкін.Жер қойнауын тұрақты және қайтарымсыз пайдалану құқығы арқылы Жер қойнауын пайдаланушының жеке меншігіне немесе тұрақты пайдалануға жататын жер телімдерінде жеке мүддесі үшін Жалпыға тараған пайдалы қазбаларды Өндіру жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі Операциялардың барлық басқа түрлері жер қойнауын уақыша және қайтарымды пайдалану негізінде жүзеге асрылады.
Осы Жарлықпен және басқа да Заңнамалық актілермен бекітілген негіздер бойынша жер қойнауын пайдалану Құқығынан ешкім шет қала алмайды.
Қазақстандық және шет елдік жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері бола алады.
Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай жолдармен туындайды:
1) Жер қойнауын пайдалану Құқығын беру;
2) Жер қойнауын пайдалану Құқығын біреуге беру;
3) Жер қойнауын пайдалану Құқығының әмбебап құқық иесіне көшуі.
Жер қойнауын пайдалану құқығының берілуі тұлғаға тікелей мемлекеттің жер қойнауын пайдалану құқығын бергендігін көрсетеді. Жер қойнауын пайдалану құқығын барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, сондай-ақ, барлау мен өндіруге қатысы жоқ жер асты құрылысы мен пайдалануына беру құқығы шарт жасау жолымен жүзеге асырылады. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар.
Жер қойнауын пайдалану құқығын коммерциялық мақсатта жалпыға тараған пайдалы қазбаларды өндіруге беру облыстық атқарушы органмен шарт жасау негізінде жүзеге асрылады.
Пайдалы қазбаларының қоры аз қазба орындарында жер қойнауын пайдалануға құқық беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.Жер қойнауын пайдалану құқығын мемлекеттік геологиялық зерттеуге беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органның әкімдік актісі негізінде жүргізіледі.
Жер қойнауын пайдалану құқығын жеке мүддесі үшін жалпыға тараған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын өндіруге беру қойнауын да жалпыға тараған пайдалы қазбалары мен жер асты сулары бар жер телімдерін жеке меншікке немесе жер қойнауын пайдалануға бір мезгілде беру жолымен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланушының басқа тұлғаға беруі, жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беруді еске алмағанда, заңды тұлға құрған жарғылық капиталды жарна ретінде қоса есептегенде, тек қана мемлекеттік органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі өкілетті органмен шарт жасау негізінде берілген жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын мемлекеттік геологиялық барлауға беру Сол органның келісімімен жүргізілуі мүмкін. Жер қойнауын пайдалану құқығын жалпыға тараған пайдалы қазбаларды және жер асты суларын жеке мұқтажы үшін өндіруге беру астында пайдалы қазбалары мен сулары бар жер телімін жеке меншікке немесе жер пайдалануға қоса беру арқылы жүргізіледі. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық мәмлелер негізінде жүргізіледі.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі барлық шығындар, егер беру шартында басқаша белгіленбесе, жер пайдаланушыға жатқызылады. Жер пайдаланушы шартқа қандай да бір қатысы барлығын сақтаған жағдайда, ол және жер пайдалану құқығы берілетін тұлға шарт бойынша бірлесе жауап береді. Егер негізгі ұйым құзырлы органға еншілес заңды тұлғамен бірлескен шарт бойынша міндеттемелердің толық орындалатындығына кепілдік берген жағдайда, құзырлы органның жер пайдалану құқығын еншілес ұйымға беруден бас тартуға қалай болғанда да хақысы жоқ.
Жер пайдалану құқығын беру келісім шартты, оның ішінде, келісім шарттағы өзгерістер мен толықтыруларды қайта ресімдеген сәттен бастап орындалған болып есептеледі. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша азаматтық-құқықтық мәмле жасалмаған болса немесе жер қойнауын пайдаланушы құзырлы органға жалған ақпарат берген жағдайда, соның негізінде жер қойнауын пайдалану құқығы берілген болса, құзырлы органның келісім шартты қайта ресімдеуден және тіркеуден бас тартуға құқығы бар.
Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға шамалап берген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы және нақ сондай жеке немесе заңды тұлға құқықтарды бірлесе жүзеге асыру кезінде және келісім шарт бойынша өзара міндеттемелерді орындау барысында туындайтын мәселелерді бірлесе шешулері тиіс. Бірлескен қызмет туралы келісім шарт немесе жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы құқықтар мен міндеттемелерге шектеу қою туралы басқа келісім шарт құзырлы органмен келісіледі және келісім шарт тараптары үшін міндетті күші бар келісім шартқа толықтыру болып табылады. Бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар ие болып табылатын жер қойнауын пайдалану құқығының бөлігін берген жағдайда, мұндай мәмле тек жер қойнауын пайдалану құқығының барлық иелері келісім бергенде ғана мүмкін болады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережесін сақтай отырып, мүліктік құқық кепілдігінің келісім шарты негізінде жүргізіледі. Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беруге тек қана келісім шартпен белгіленген жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу үшін қаражат тарту мақсатында жол беріледі. Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге қоюдан алынған несие тек қана келісім шартта қарастырылған жер қойнауын пайдалану мақсатына пайдаланылуға тиіс. Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру алдын ала рұқсат алмай-ақ жүзеге асырылады.
Кепілдік келісім шарт құзырлы органда міндетті тіркелуге жатады және егер осындай келісім шартпен соңғы мерзім күшіне енгізілмесе, тіркелген сәттен бастап күшіне енеді. Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге қою келісім шартын тіркеу жер қойнауын пайдаланушының арызы негізінде тіркелгені туралы куәлік беріле отырып жүзеге асырылады, оған қарызды тарту, пайдалану және қайтарудың техникалық-экономикалық негіздемесі, қарыз беруші ұйым туралы ақпарат және қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құжаттарды талап етілетін сәттен бастап 30 күн ішінде қарыз берудің шарттары қоса тіркеледі. Егер жер қойнауын пайдалану құқығының иесі саналатын тұлға Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасының күшіне тап болған жағдайда немесе жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге қоюдың тиісті жағдайында отандық немесе халықаралық нарықта қолданылатын жағдайлармен салыстырғанда жер қойнауын пайдаланушы үшін осыған ұқсас жер қойнауын пайдалану құқығының шарттары болмаған жағдайда немесе жер қойнауын пайдалану құқығы басқа кепілдік шарттың мәселесі болып табылғанда құзырлы органның жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге қою туралы келісім шартты тіркеуден бас тартуға құқығы бар.
Сондай-ақ, құзырлы орган 30 күн ішінде арыз иесіне себебін көрсете отырып жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге қою келісім шартын тіркеуден бас тартатыны туралы жазбаша хабарлауға міндетті. Кепілдік берушіге кепілдік иесі ретінде жер қойнауын пайдалану құқығына шағым жасалған жағдайда, кепілдік ұстаушы банк болатын жағдайдан басқа, жер қойнауын пайдаланушының барлық құқығы мен міндеттемелері келісім шарт және Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша басқа жер қойнауын пайдалану құқығына көшеді. Кепілдік мәселесі ретіндегі жер қойнауын пайдалану құқығына шағым жасау құқығын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі құзыретті орган ұйымдастырады және оған бағынысты ұйымдар немесе келісім шарт негізінде тартылған азаматтар, заңды тұлғалар жүзеге асырады. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Барлау мен өндіруге байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануды жүзеге асырудың ерекшіліктерін, сондай-ақ барлау мен өндіруге байланысы жоқ жерасты құрылыстарын салу мен пайдалануға құқық берудің ерекшіліктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Барлау мен өндіруге байланысы жоқ жерасты құрылыстарын салудың және пайдаланудың шарттары мен тәртібі келісім шартпен белгіленеді. Барлау мен өндіруге байланысы жоқ жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға, Қазақстан Республикасының заңнамасында басқаша қарастырылмаған болса, осы Жарлықтың өндіруге қатысты нормалары қолданылады.
Құзырлы органмен тікелей келіссөз негізінде Ұлттық компанияларға берілетін жер қойнауы телімдерін, сондай-ақ, коммерциялық мақсаттармен жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін берілген жер қойнауы телімдерін, сондай-ақ, барлау мен өндіруге байланысы жоқ жерасты құрылыстарын салуды әрі пайдалануды есептемегенде, Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын инвестициялық бағдарламалардың жабық конкурсына шығарылатын жер қойнауы телімдерінің (блоктарының) тізбесін бекітеді. Осы жер қойнауы телімдеріне барлау жүргізу мен өндіру құқығы Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген тәртіппен өткізілген конкурстың нәтижесі негізінде беріледі.
Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі конкурсқа қоятын жер қойнауы телімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі шешім қабылдаған күннен бастап 45 күннен кешіктірмей геологиялық немесе тау-кен жынысын әзірлеуге және жер қойнауының белгілі бір телімдерін конкурсқа шығаратын тау-кен жыныстарының жобасын беруге міндетті. Жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысамын деушілер осы Жарлықтың нормаларына сәйкес конкурсқа қатысуға құзырлы органға тапсырыс беруге құқылы
Барлау мен өндіруге байланысы жоқ жерасты құрылыстарын салу және пайдалану үшін жер қойнауы телімдерін беруді құзырлы орган тікелей келіссөздер негізінде іске асырады.
Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына ие болу инвестициялық бағдарламаларының конкурсы ашық және жабық болуы мүмкін. Ашық конкурс өткізудің шарттары жариялануға тиіс, ал жабықтыкі – барлық ықтимал қатысушыларға жеткізілуі керек. Конкурсқа қатысқысы келетін барлық тұлғалар Конкурсты өткізуге байланысты ақпарттар алуға құқылы.
Конкурс өткізу туралы хабарлама мыналарды қамтуға тис:
1) өткізілетін уақыты мен орны, сондай-ақ, тапсырыстар беретін мерзім;
2) конкурстың негізгі шарттары;
3) жер қойнауын пайдалану бойынша опрациялар өткізу үшін берілуі белгіленіп отырған жер қойнауы телімдерінің қайда екендігі және сипаттамасы.
Хабарламада, сонымен қатар, құзырлы орган белгілеген жазылу бонусының ең төменгі мөлшері, геологиялық ақпарат пакетінің құны, қазба орнын ашу үшін төлемдер, конкурсқа қатысу құқығы үшін жарналар көрсетіледі.
Барлауға, өндіруге, бірлескен баралу мен өндіруге, сондай-ақ, барлау мен өндіруге байланысы жоқ жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығының иегері жер қойнауын пайдалану бойынша тиісті операцияларды тек қана тиісті геологиялық немесе тау-кен жынысы бөлінген жер қойнауы телімдерде жүргізуге құқылы.
Өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының иегері тау жынысында белгіленген жер қойнаулары шегінде өз қалауы бойынша және барлау үшін келісім шарт жасамастан барлау бойынша операциялар жүргізуге құқылы. Келісім шартты аумақтарды қайтаруға байланысты ресімделетін геологиялық келісімдерді жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мелекеттік орган береді.
Жер қойнауын пайдалану құқығы бірнеше жер қойнауын пайдаланушыға берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда осы жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иегерлері болып табылады. Мұндай жер қойнауын пайдаланушыларың өзара құқықтары мен міндеттері, құзырлы органға қатысты құқықтары мен міндеттері келісім шартта белгіленеді. Жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иегерлері келісім шарт негізінде туындайтын міндеттемелер бойынша бірге жауап береді.
Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу үшін келесім шарттардың мынадай түрлері қолданылады:
1) барлау бойынша жұмыс жүргізуге келісім шарт;
2) бірлескен барлау және өндіру бойынша жұмыс жүргізуге келісім шарт;
3) өндіру бойынша жұмыс жүргізуге келісім шарт.
4) барлау мен өндіруге байланысы жоқ жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға келісім шарт.
Келісімнің шарттары модельдік келісім жағдайлары ескеріле отырып, тараптардың өзара келісімдері бойынша белгіленеді. Келісімнің шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс. Келісім шарт жасалған сәтте қолданыста болған заңнамаға қайшы келетін келісім шарттары келісім жасалаған сәттен бастап жарамсыз деп саналады. Жұмыс бағдарламасын қоса есептегенде, бірлескен барлау мен өндіру келісім шарты бойынша өндіру жүргізудің шарттары мен тәртібі жасалған келісім шартқа қосымша ретінде ресімделуге жатады.
Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім шарт екі тараптың коммерциялық келісімі болып табылады, яғни құзырлы орган және жер қойнауын пайаланушы, оның ішінде, шетелдік те, ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі халықаралық келісім шарт болып табылмайды. Демек, жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленетін салық салу тәртібі келісім шарт жасасқан күнде қолданыста болған заңды және жеке тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтары мен басқа да міндетті төлемдерін реттейтін салық заңнамасының ережелеріне сәйкес келуге тиіс. Сонымен, келесім шарттық салық тәртібіне қол қойылған сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келетін ережелер қосылмайды. Салық сараптамасын өткізген күннен бастап келісім шартқа қол қойған күнге дейін салық заңнамасы өзгерген жағдайда, салық режимі салық сараптамасын қайта өткізе отырып осы өзгерістеге сәйкестендірілуі керек.
Егер бір келісім шарт бойынша жер қойнауын пайдалануды бірнеше салық төлеуші жүзеге асыратын болса, келісім шартта белгіленген салық режимі олар үшін ортақ болып табылады. Бұл жағдайда:
1) осы келісім шарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілер салық салу мақсатында бірлескен ортақ есеп жүргізуге және келісім шартпен белгіленген барлық салықтар мен төлемдерді төлеуге міндетті.
2) бір келісім шарт бойынша қызметті жүзеге асырушы резидент емес жер қойнауын пайдаланушылар келісім шартпен белгіленген салықтарға қосымша Кодекстің «Халықаралық салық салу» бөліміне сәйкес салық салуға жатқызылады.
Келісім шартта көзделген салық режиміне сәйкес салықтарды төлеу, жер қойнауын пайдаланушыны осы шарттың ауқымынан тыс жүргізілген қызмет бойынша салық төлеу міндеттемелерінен босатпайды. Бұл ережелер жалпы тараған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндіру бойынша келісім шарттарға қолданылмайды.
Келісім шартта көрсетілмеген леспе қазбаларды коммерциялық мақсатта өндірген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы олар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлемесі бойынша төлемдер жүргізеді.
Келісім шарттардың негізгі түрлерін басшылыққа ала отырып, жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуды екі модельге бөлуге болады:
1)біріншісі – жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодексте белгіленген салықтың барлық түрлерін және басқа да міндетті төлемдерді төлеуін көздейді;
2) екіншісі – жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының өнімдерді бөлу бойынша үлесін төлеуді, сондай-ақ, салықтардың Кодексте белгіленген барлық түрлерін және басқа да міндетті төлемдерін төлеуді қарастырады, бұған тек:
- шикі мұнайға акциз;
- қосымша кіріс салығы;
- жер салығы;
- мүлік салығы қосылмайды.
Міндетті салық сараптамасынан өткен, жер қойнауын пайдаланушыға келісім шартпен белгіленген салық режимі осы келісім шарттың күші жойылатын мерзім аяқталғанға дейін өзгеріссіз қызмет етеді, бұған тек салық режиміне тараптардың келісімі бойынша өзгерістер енгізілгені және бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының және келісім шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының мүдделерінің өзгермейтіндігі қосылмайды. Келісім шартта көзделген бюджетке төленетін салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері алып тасталған жағдайда, Жер қойнауын пайдаланушы белгіленген тәртіппен келісім шартқа тиісті өзгерістер енгізгенге дейін оларды келісімде көрсетілген тәртіппен және мөлшермен бюджетке төлеуін жалғастыра береді.
Жер қойнауын пайдалану келісім шарттарының бәрі оларға қол қойылғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіп пен мерзімде міндетті салық сараптамасынан өткізілуі тиіс. Келісім шарттарының салық сараптамаларын мынадай өкілетті органдар өткізе алады:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің фискалдық саясат және болжамдар департаменті – жалпыға тараған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлеріне жасалатын келісім шарттар бойынша;
2) Қазақстан Республикасы МГД облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша қазба байлықтардың орналасқан жері бойынша салық қызметінің органдары – жалпыға тараған пайдалы қазбалар мен жерасты суларына жасалған келісім шарттар бойынша.
Өкілетті органдардың уәкілдері салық сараптамасын өткізу мақсатында келісім шарт жасау үшін жер қойнауын жер қойнауын пайдаланушыны анықтау кезінде, келісімді дайындауға да, тендер комиссиясының жұмысына да белсене қатысады. Бұл ереженің бұрын жасалған келісім шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге де қатысы бар.
Салық сараптамасының жер қойнауын пайдаланушылармен келісілген нәтижелері өкілетті органдардың салық сараптамасын өткізу туралы қорытындысына енгізіледі және келісім шарттардың ақырғы мәтіндеріне міндетті түрде енгізілуге жатады.
Келісім шарттар қол қойылғанға дейін арнайы атқарушы органдармен, оның ішінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес, салық салу мәселелері бойынша келісілуге жатады. Келісу мерзімі тиісті органға келісім шарт құжаттары берілген күннен бастап 30 күннен аспауға тиіс. Құзырлы орган келісім шартқа қол қойылғанға дейін өз қалауы бойынша тәуелсіз сараптама өткізуді белгілеуге құқылы. Бұл жағдайда сараптаманың мерзімі келісім шарт құжаттары берілген сәттен бастап 30 күннен аспауға тиіс.
Келісім шарт, коммерциялық мақсатта жалпыға тараған пайдалы қазбалар өндіру келісім шартын қоспағанда, құзырлы органда тіркеліп, келісім шарттың тіркелгені туралы міндетті түрде сертификат беріледі және шартта кейін күшіне енген мерзімдер ескертілмеген болса, қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Келісім шарттар жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.Келісім шарттың жасалуы жергілікті атқарушы органдардың жер телімдерін дереу ресімдеулері үшін негіз болып табылады. Бұл жағдайда ресімделетін жер телімінің кеңістіктегі шекарасын іс жүзінде жер қойнауын пайдаланушы жер бетіндегі жер телімін пайдалану мерзімін бұза отырып пайдаланады. Келісім шарттың көшірмесін тіркелгеннен кейін құзырлы орган бір апта мерзімде міндетті түрде жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органға жолдайды.
Сонымен, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тәртібі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңы негізінде және Қазақстан Республикасының Салық кодексі негізінде беріледі.
Бұл құқық жер қойнауын мемлекеттік зерттеу , барлау , өндіру, жерасты құрылыстарын салу және пайдалану үшін беріледі. Келісім шарт жасалғанға дейін пайдалы қазбалар өндіруді жүзеге асырушы жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың тәртібі белгіленеді. Өнімдерді бөлісу туралы келісімді іске асырған кезде қайтарымға жатпайтын шығындардың тізбесі келтіріледі. Жер қойнауын мемлекет пайдаланғаны үшін арнайы салықтар мен төлемдер белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |