Қазақстан мұнай өндіру саласының қазіргі қаржылық жағдайы


МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ



бет9/12
Дата28.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#115473
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Диплом ТОКА

3 МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ


    1. Мұнай компанияларына салық салу ерекшеліктері мен жетілдіру бағыттары

Салық дегеніміз мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Қазақстан Республикасының шикізат ресурстарына деген ішкі нарықтың қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған және бюджеттік түсімдердің біршама бөлігін қамтамасыз ететін жер қойнауын пайдалану жүйесі әр түрлі қатынастарды: экономикалық, саяси, әлеуметтік, табиғатты қорғау және тағы да басқаларды қамтиды. Осыған байланысты осы саланы құқықтық реттеу маңызды мәнге ие болады.

Қазіргі таңда жер қойнауын пайдаланушылардан салық Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің негізгі табыстық бөлігі болып табылады. Қазақстанның жер қойнауында минералды шикізаттың ірі көлемінің болуы, ең алдымен мұнай мен газ қорының болуы біздің мемлекет экономикасының тұрақты дамуының кепілі болып табылады. Энергетикалық ресурсқа кенде бұрынғы кеңестік республикалардың (Украина, Грузия, Молдова, Армения, Қырғызстан) ауыр экономикалық және тұрақсыз саяси жағдайына қарағанда біздің елдің байлығы болашақтан мол үміт күттіреді. Сол себепті Қазақстанда әрқашан мемлекеттік бюджетке максималды түсім алу мақсатымен жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуға үлкен көңіл бөлінген. Бұл өз кезегінде жер қойнауын пайдаланушы үшін табыстың қолайлы деңгейін қамтамасыз етеді, оған өз құралдарын Қазақстанда салу тиімді болуына жағдай жасалған. Алайда жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін жасау белгілі бір уақыт пен біршама жұмыстарды қажет етті. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың бұрын болған жүйесінен қазіргі жүйеге көшу үрдісі қарапайым болмады, қателіктер мен күдіктерден айырылған жоқ.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу – Қазақстан территориясындағы инвесторлардың өзекті мәселелерінің бірі. Егемен Қазақстанның құрылу кезеңдерінде мұнай келісім шарттарын жасап, салық заңдылықтарының тұрақтылығына кепілдік бере отырып, шетел инвесторлары Қазақстанның ірі мұнай кен орындарын игерді.

Шикі мұнайға бағаны болжау. Шикі мұнайға тепе – теңдік баға ретінде нақты бағаның орташа мәнін пайдалану ұзақ уақыт бойынша проблемаларға соқтырды. Осылайша, 1861 жылдан мұнайдың бір баррелінің орташа бағасы әлемдік нарықта (2011 жыл бағасында) шамамен 24 долл./барр. құрайды. 1970 жылдан бастап - 35 долл./барр., ал соңғы он жылдықта - 30 долл./барр. біздің ойымызша, 40 долл./барр. артық орта жылдық бағалар ұзақ уақыт болашақта тепе – теңдік жағдайын бермейді, алайда ОПЕК қолайлы деп 40-50 долл.барр. аралығын қарастырып отыр. Бұл өз кезегінде өндірушілер мен тұтынушыларды қанағаттандыруы керек.

Жер қойнауын пайдаланушылар үшін төлем түрлері. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды, мұнай операциялары мен өндірумен байланыссыз жер асты құрылғыларын салу мен тұтыну жұмыстарын жүргізу жөнінен қызметтерге салық салу жер қойнауын пайдалану-шылардың салықтары мен арнайы төлемдерін:


  • үстеме пайдаға салық;

  • жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері;

  • бонустар (қол қойылатын, коммерциялық табу),

  • роялти;

  • өнімді бөлу жөнінен Қазақстан Республикасының үлесін (өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын қойнау пайдаланушының қосымша төлемі) төлеу ретін орнатады. Жер қойнауын пайдалануға келісімшартқа отыруға дейін пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын қойнау пайдаланушылар республикалық бюджет табысына қойнау пайдаланғаны үшін төлемдерді Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген мөлшердегі роялти түрінде төлейді.

Жер қойнауын пайдаланушылар үшін салық режимін орнату және оның модельдері. Жер қойнауын пайдаланушылар үшін бекітілген салық режимі жер қойнауын пайдалану келісімшартында анықталады. Мұндайда келісімшарт сәйкес мемлекеттік органдарда мемлекеттік сараптама мен мемлекеттік тіркелуден өтуі керек.

Біріншісі - өнімді бөлу туралы Қазақстан Республикасының үлесі мен басқа да міндетті төлемдерді есепке алмағандағы салықтарды төлеуді қарастырады.

Екіншісі - тасымалданатын шикі мұнайға ренталық салықты, шикі мұнай мен газ конденсатына акциз, үстеме пайдаға салықты, жер салығы мен мүлік салығын есепке алмағандағы өнімді бөлу туралы Қазақстан Республикасының үлесі басқа да міндетті төлемдерді төлеуді қарастырады. Екінші модель өнімді бөлу туралы келісімшарттарда ғана орнатылады.

Бонустардың түрлері, оларды төлеу реті және декларацияларды тапсыр. Қол қойылатын бонус - келісімшарттық территорияда жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыру құқы үшін тіркелген бір реттік төлем. Қол қойылатын бонустардың алғашқы мөлшері пайдалы қазбалар көлемі мен кенорынның экономикалық құндылығын есепке алу негізінде Қазақстан Республикасының өкіметімен анықталады. Бұл бонус бюджетке келісімшартта белгіленген мерзімде, бірақ келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей төленуі тиіс. Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус бойынша декларацияны тіркелген жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі айдың 15-іне дейін табыс етеді. Коммерциялық табу бонусы өндіруді көздемейтін пайдалы қазбалар кенорнын барлауды жүргізу келісімшартынан басқа, келісімшарттық территорияда әр коммерциялық табу үшін төленеді. Салық салу объектісі болып келісімшарт аумағы шегінде ашылған, өндіру үшін экономикалық жағынан тиімді пайдалы қазбалардың белгілі түрінің запастары, төлемді төлеу базасы болып пайдалы қазбалардың бекітілген өндірілетін запастары көлемінің құны табылады. Коммерциялық табу бонусы кенорында пайдалы қазбалардың өндірілетін запастарының көлемін мемлекеттік органның белгіленген күнінен бастап 90 күннен кешіктірмей төлем базасынан 0,1% мөлшерінде төленеді. Коммерциялық табу бонусы жөнінен декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тіркелген жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі айдың 15-іне дейін табыс етеді.

Жер қойнауын пайдаланушының роялтиді төлеу тәртібі. Роялти мөлшері салық салу объектісі, төлем базасы және мөлшерлемесіне байланысты анықталады. Салық салу объектісі болып өндірілген пайдалы қазба көлемі немесе іс жүзінде өндірілген пайдалы қазбадан алынған бірінші тауарлық өнімнің көлемі табылады.

Роялти төлеу үшін салық базасы болып пайдалы қазбалар құны табылады. Роялти пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша төленеді: мұнай бойынша - өндірілген мұнай көлеміне байланысты пайыз түрінде 2-ден 6% -ға дейінгі аралықта айнымалы баған бойынша төленеді. Қатты пайдалы қазбалар бойынша, соның ішінде, алтын, күміс, платина, басқа да бағалы металдар мен асыл тастар бойынша - Қазақстан Республикасының Үкіметінің анықтаған мөлшерлемесі бойынша төленеді.

Роялтиді төлеу мерзімін бекіту және декларацияны ұсыну. Пайдалы қазбалардың барлық түрі бойынша роялти салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей төленеді. Роялтиді төлеу бойынша салық кезеңі болып күнтізбелік ай табылады, алайда егер роялти бойынша алдағы тоқсанға орта айлық төлемдер мың айлық көрсеткіштен кем болса, онда салық кезеңі болып тоқсан табылады. Роялти бойынша декларация салықтық кезеңінен кейінгі айдың 10 жұлдызынан кешіктірілмей жер қойнауын пайдаланушымен ұсынылуы керек.

Үстеме пайдаға салықты төлеу тәртібі. Үстеме пайда салығын салу объектісі болып салықтық кезеңде әрбір жеке келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлігі болып табылады. Үстеме пайда салығы салық кезеңінің соңына пайданың ішкі нормасының қол жеткен деңгейіне байланысты 0-60% мөлшерінде салынады. Салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленуі тиіс. Үстеме пайда салығы бойынша декларация жер қойнауын пайдаланушымен салық кезеңінен кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

Жерге заттық құқық - меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, жеке меншіктегі жер учаскесін уақытша пайдалану құқығы, міндеттілік және өзге де заттық құқықтар. Жерге заттық құқық - меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, жеке меншіктегі жер учаскесін уақытша пайдалану құқығы, міндеттілік (сервитут) және өзге де заттық құқықтар.

Жер учаскесінің және жер пайдалану құқығының кепілі - жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы (кепіл беруші) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, кредитордың (кепіл ұстаушының) кепілге берілген жер учаскесінің құнынан немесе жер пайдалану құқығынан заң актілерімен белгіленген шегерімдердің сыртында, басқа кредиторлардан артықшылығы ретімен шартына негізделген қайтарым алудың құқығы; жер үлесі – осы жарлықпен және өзге де заңдармен белгіленген жағдайларда және шартпен бөлініс жасалуы мүмкін жер учаскесіне құқық пен міндеттерге басқа адамдармен бірге қатысудың сан жағынан анықталған үлесі;

Жер құқығы қатынастары – жер ресурстарын басқаруға, жеке субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге, жерге меншік құқығын және заттық басқа да заттық құқықтарды жүзеге асырумен байланысты жер пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Жер ресурстары - экономикалық салаларда пайдаланылатын немесе пайдалануы мүмкін жер.

Жер қойнауын пайдаланушының мыналарға құқығы бар:

Өзіне берілген Контракт аумағы шегінде Лицензия мен Контрактыда бекітілген шарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланудың кез келген заңды әрекеттерін өз еркімен жүргізу;

Контрактыда басқа жағдай ескерілмеген болса, өзінің әрекетінің нәтижелерін, соның ішінде Минералдық шикізатты өз қалауынша пайдалану. Контракт аумағында, қажет болған жағдайларда, Жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіп бойынша бөлініп берілген басқа жер учаскелерінде, жұмысты жүргізуге қажет өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы объектілерді салуға, сондай-ақ Контракт аумағы шегінде және одан тыс аумақтарда жалпы пайдаланылатын коммуникациялар және объектілерді келісу арқылы пайдалану;

Жер қойнауын пайдалану операцияларымен байланысты жекелеген жұмыс түрлерін жүргізу үшін мердігерлерді тарту, осы жарлықпен белгіленген шарттарды сақтай отырып, өз құқығын немесе оның бөлігін басқа тұлғаларға беру, осы жарлықта және контрактыда белгіленген шарттарға сәйкес өз қызметін тоқтату, осы жарлықта, басқа заңдарда, лицензияда және (немесе) контрактыда көрсетілген өзге де құқықтарды пайдалану.

1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы мынадай операцияларды жүргізу үшін беріледі:

а) жер қойнауын Мемлекеттік геологиялық зерделеу;

ә) бағдарлау;

б) өндіру;

в) өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және пайдалану.

Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен алынатын немесе алынбайтын, өтемді және өтемсіз болуы мүмкін. Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді.Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады.


















































Баға тағайындау-еркін кәсіпкерлікте жеке меншікпен қатар бәсекелестіктің шаруашылық механизмдерін құраушы элементтердің бірі. Мұнай бизнесі дамуының негізгі тарихи кезеңдері. Мейджорлар - мұнай өндіру мен мұнай өнімдері нарығын бақылайтын интеграцияланған мұнай компаниялары.

Өзіндік құн кәсіпорын үшін тауар бағасының құрамындағы негізгі элементтердің бірі болып табылады. Өзіндік құн - өнімді өндіруге кеткен шығындар жиынтығы.

Кәсіпорындарда шығындар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді.

Тұрақты шығындар FC - өнім көлеміне тәуелді емес шығындар: мотризациялық, арендалық төлемдер және т.б.

Айнымалы шығындар VC - өнім көлеміне байланысты өзгеретін шығындар: материалдар, шикізаттар, отын – энергетикасы, транспорт қызметі және т.б. Тұрақты және айнымалы шығындар жиынтығы жалпы шығындар ТС деп аталады.

ТС = FC + VC (16)

Пайда бағаның міндетті элементі және таза табыс түрі болып табылады. Пайданың салыстырмалы шамасы пайдалылық, яғни рентабельдік деп аталады. Жеке бұйым пайдалылығы былай анықталады:

R= П* 100/ӨҚтол (17)

Мұндағы, П - өнім өткізуден түскен пайда;

ӨҚтол - өнімнің толық өзіндік құны.

Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты түрлі нарықтарда басқа елдермен негізгі үлесі үшін күресте бәсекелестік қатты жоғарылауына байланысты бағытталуы тиіс. Сауда саясаты көп жоспарлы құбылыс ретінде тауарлардың экспортты және импорттық ағымдарын реттеуге негізделген.

Сауда бағасы – деп көтерме сатушы бөлшек сатып алушының келешек бағдарға арналған тауар бағасын айтады. Өнеркәсіп дамыған елдерде сыртқы сауда бағасының деңгейі ішкі бағадан көбірек. Ал дамушы елдерде керісінше ішкі баға деңгейі әлемдік баға деңгейінен төменірек. Қазіргі кезде сыртқы сауда бағасы келесі негізгі талаптарды қанағаттандырса, онда оны әлемдік баға деп қарастыруға болады.

- Бір – бірімен байланыссыз экспорттық немесе импорттық операциялар негізінде жасалатын ірі коммерциялық мәмілелерде көрсетілетін баға болуы;

- Коммерциялық операциялар төлемдері еркін айналымдағы валютамен жасалуы керек.

- Сыртқы сауда операцияларының көлемі бойынша маңызды әрқашан халықаралық басты сайда орталықтарында жасалатын кездейсоқ емес қалыпты экспорттық немесе импорттық коммерциялық мәмілелерде қолданылатын баға болу керек.

Кедендік тариф - мемлекет шекарасы арқылы тасылған тауарларға салынатын жүйелі кедендік салық жинағы. Кеден салығы - мемлекет шекарасынан өткізілетін қазынаға, бағалы заттар мен мүліктерге баж мекемесі арқылы алынатын мемлекеттік ақшалай алым. Кедендік құн – сыртқы саудалық келісім – шарт қатысушымен мәлімделетін шекара тұмындағы тауар бағасы.

Халықаралық тауарлардың аукциондық бағасы – көпшілікке сатуда алдын-ала келісілген нақты орнында нақты мерзімде ұйымдастырылған арнайы баға. Осындай баға негізінен ауыл шаруашылық өніміне, балық аулау, аңшылық, бағалы тастар, өнер туындыларына, яғни стандартты емес бұйымдарға жүргізіледі.

Экспорттық тауарларға баға тағайындау. Сыртқы нарықта өз өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру барысында барлық елдер үкіметі экспорттаушыларға көмек көрсетеді. Яғни, экспорттық баж салықтарын төмендетеді немесе алып тастайды. Сондай – ақ, экспорттаушыларға барлық жеңілдіктер көрсетіледі. Экспорт кезіндегі бағаның төменгі шегі өндіріске кеткен шығындар жиынтығы және өндірушінің пайдасы, сондай – ақ келісімде қарастырылған тауарды жеткізу шығындары оның есептік бағасы болып табылады.

Экспорттаушы үшін жоғарғы шекті баға – мәміледегі келісетін баға деңгейі. Экспорттаушы мәмілеге келе алмайды, егер бағаның жоғарғы шегі бағаның төменгі есептік деңгейінен жоғары болса.

Импорттаушы үшін бағаның жоғарғы шегі - импортталатын тауарды ішкі нарықта сатудың мүмкін бағасы. Мәміле мәңгі ие болады, егер ішкі сату мүмкіндігі есептік бағадан жоғары болса. Яғни, жоғарғы баға шегі төменгі баға шегінен жоғары болса.

2010 жылға мұнайдың әлемдік жеткізілуіндегі Қазақстанның үлесі екі пайыздан аз ғана асатын болады. Алайда өндіру деңгейі бойынша Қазақстан мұнайды өндіруші және экспорттаушы елдер қатарында алдыңғы орындарға ие. Ал мұнай экспортынан түсетін табыстар Қазақстанға одан әрі дамуға мүмкіндік береді.

Мұнай бағасының күтіліп отырған деңгейі барреліне 8-9 долларға арттырылған. Мұнай бағасын жоғары деңгейде ұстап тұруға мынадай фундаменталды факторлар себеп болады:

- әлемде мұнайға деген сұраныстың жоғары деңгейін сақтау, ең алдымен АТР елдерінде, бірінші кезекте Қытайда. МЭА болжамы бойынша 2011-2012 жж. әлемдік экономикада мұнайды тұтыну 2010 жылмен салыстырғанда шамамен жылына 2%-ға артады;

- ОПЕК мүше елдердің өндіру қуаттылықтарын жедел дамыту мүмкіндіктерінің шектелгендігі;

- Ресей және басқа да тәуелсіз мұнай экспортерлерінің мұнай экспорты өсу темпін төмендетуі;

- әлемдік мұнай өңдеу қуаттылықтарының тапшылығы;

- әлемдік нарықтарда бағаның қаржы – спекулятивтік құраушысы.

Қазақстанның саяси тұрақтылық дәрежесіне қатысты маңызды факторлар. Факторлардың кейбіреулері республикадағы «саяси тұрақтылықты» құрады, сондықтан саяси таңдау ішіндегі қатынастардың тұрақтылығын ұсынады. Шартты түрде бұл факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет