Қазақстан мұнай өндіру саласының қазіргі қаржылық жағдайы


Мұнай өнімдерін өндіруге салық салудың әлемдік тәжірибесі



бет10/12
Дата28.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#115473
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Диплом ТОКА

3.2 Мұнай өнімдерін өндіруге салық салудың әлемдік тәжірибесі

Мұнай мен газдың қайталанбайтын табиғи ресурстарға жататындығы белгілі. Қазба орындарын пайдалану процессінде қорлардың сарқылуы адамдардың келер ұрпағы өз қалауы бойынша қазбаларды пайдалану мүмкіндігінен айырылады дегенді аңғартады. Бұл уақыт жағынан ресурстарды оңтайлы пайдалану проблемасын тудырады.

Теория бойынша ресурстардың меншік иесі белгілі бір өндіру динамикасын таңдау міндетін шешуге тиіс. Алайда, практикада мемлекет ауқымында үкімет көп жағдайда өндіру деңгейін бақылауға дәрменсіз. Мұнайгаз секторы, әдетте, жартылай немесе толық жекешелендірілген болып келеді, ал жеке компаниялардың қазба орнын ең алдымен өзінің экономикалық мүдделері есебінен игеретіні бас енеден белгілі. Нәтижесінде, өндіру деңгейі мұнайға ағымдағы және күтілетін бағалармен әрі шикізат базасының сарқылу факторымен белгіленеді, ал көптеген мемлекеттер (ОПЕК мүшелерін, әсіресе Парсы шығанағының Сауд Аравиясы, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі және Ирак сияқты елдерін есептемегенде) іс жүзінде мұнайды өздерінің ағымдағы мүмкіндіктерінің шегінде өндіруде.

Тікелей реттеу мүмкіндігі болмаған жерде мемлекет мұнай өндіру деңгейіне әкімшілік және экономикалық тетіктерді пайдалана отырып ықпал етеді. Бірінші жағдайда бұл ресурстарды бөлу жүйесі арқылы жүргізілсе, екінші жағдайда – фиксалдық режимнің көмегімен жүзеге асырылады. Осы нысаны жағынан әрбасқа көзқарастың түптеп келгенде бір ғана базасы бар – ақырында мемлекет мұнайгаз жобаларының тартымдылығын ұлғайта немесе азайта отырып, өзі мен инвестор арасындағы экономикалық рентаны бөлісуді жүзеге асырады.

Мұнайгаз саласының спецификалық ерекшелігіне аса жоғары тәуекелділікті жатқызуға болады. Біріншіден, бұл барланбаған аумақтардан коммерциялық қорлардың табылу мүмкіндігінің төмендігімен, сондай-ақ, кен орнының көлемі мен мұнай тарту коэффициентін анықтау кезіндегі ықтималдықтың төмендігімен байланысты. Екіншіден, бұл мақсатты тәуекелдер – мұнай бағасы өте ауытқымалы және болжамға сыймайды. Осындай бағаның тұрақсыздығы жағдайында мұнайгаз жобаларын жүзеге асырудан түсетін таза экономикалық пайданың ауылы алыстау: күрделі әрі субъективті.

АҚШ-тың жер қойнауын пайдалану тәжірибесін қарап көрелік. АҚШ-тағы дәлелденген мұнай қоры, Oil & Gas journal-дың деректеріне сүйенсек, 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 21,8 млрд. баррельге бағаланады. Қорлары негізінен төрт штатта шоғырланған – Техаста (Мексикан шығанағындағы үлесін қоса есептегенде 25 пайыз), Аляскада (24 пайыз), Калифорнияда (21 пайыз) және Луизианада (Мексикан шығанағындағы үлесін қоса есептегенде 14 пайыз).

Мұнайдың құрлықтағы және континенталь қайраңындағы қалған геологиялық қоры 174,8 млрд. баррельге бағаланады, бұл федералдық жерлерде орналасқан мұнайдың 60 пайызын құрайды.

АҚШ-тың ресурстық базасы зерттелуі жағынан әлемдегі ең жоғары деңгейлігімен сипатталады, ал мұнай көздері дамуының ең ақырғы фазасына аяқ басты. Болашақта Америка мұнай импортына барған сайын тәуелді болмақ, алайда бұл тәуелділіктің деңгейі көп жағдайда ресурстарды бөлісу саясатына, әсіресе, федералдық жерлердегі мұнай көздеріне байланысты болатыны анық. АҚШ-та жеке меншік құқығы автоматты түрде пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге де мүмкіндік береді.

Егер жер жалға берілетін болса, меншік иесі барлау, жобалау және өндіру жұмыстарына шығын шығармайды, алайда, жер қойнауын пайдаланғаны үшін роялти түрінде ақы алып отырады, оның мөлшерлемесі 12,5 пайыздан 38 пайызға дейінгі деңгейді құрауы мүмкін. Жалға алушы, керісінше, барлық шығындар мен тәуекелдер шығынын көтереді, ал олардың орнына өндірілген шикізаттан роялтиді ұстағаннан қалған кіріске ие болады.

Егер жер өңдеуші минералдық ресурстарды немесе жерді өңдеуге сататын болса, онда оператор оларды өндіруден және өткізуден 100 пайыз кіріс құқығына ие болады. Егер оператор немесе жалгер тиісті жұмыстарды жүргізуге жеткілікті қаражат таба алмаса немесе оған байланысты тәуекелді бөліскісі келсе, онда ол кейбір шектеулермен өңдеу құқығының бір бөлігін немесе бәрін оверрайд түрінде сата алады немесе басқа тұлғаға бере алады. Оверрайд жағдайында арендатор субарендатордан оверрайдтық роялти алатын болады.

Федералдық жерлердегі табиғи ресурстарды пайдалану процессін басқару, АҚШ-та Ішкі істер министрлігінің тәуелсіз екі бөлімшесі жүзеге асырады.

Перспективті телімдерді бөлу аукциондарда жүргізіледі, онда жеңімпазды анықтаудың шешуші критериі ақша бонусының мөлшері болып табылады. Одан кейін инвестор ренталс, ең төменгі роялти (кейде) және роялти төлейді. Ренталс акр үшін доллар есебімен белгіленеді және жалгерлік құқығын сақтап қалу үшін жыл сайын төленеді. Ең төменгі роялти деген өндіруді жеделдете бастауды ынталандыратын федералдық салықты білдіреді. Ол акр үшін доллармен белгіленеді, өндірудің ең төменгі деңгейіне қол жеткізгенге дейін жыл сайын төленіп тұрады.

Ренталс іс жүзінде ешқандай роль атқара алмай тұрғанда, мұнайгаз ресурстарын пайдаланудан мемлекеттің негізгі кірістерін роялти мен бонустар құрайды. 1947 жылғы пайдалы қазба байлықтарын жалға беру туралы Заңға сәйкес, BLM федералдық жерлердегі және жеке меншік жерлердегі мұнайгаз телімдері бойынша жалгерлік келісім шартар жасау үшін, мемлекетке өтіп кеткен минералдық ресурстар бойынша жауап береді. Бүгінгі күнде, АҚШ-та мұнайгаз қазба байлығын өңдеу үшін жалгерлік туралы келісім шарт екі тәсілмен жасалады – аукционның нәтижесі бойынша және конкурссыз негізде. Және де 1987 жылғы Заңға сәйкес мұнайгаз ресурстарын пайдалану құқығы алдымен аукционға қойылуы тиіс, содан кейін ғана, сәтсіздік болған жағдайда конкурссыз негізде берілуі мүмкін.

Аукционның жеңімпазы болып әр телім бойынша акр үшін екі доллардан кем болмайтын ең көп бонусты ұсынған адам есептеледі.

Жалгерге жалға алған телімнен мұнай және газ өндіру үшін барлау, жобалау және өндіру құқығы кепілдендіріледі. Бұрғылауды бастау алдында жалгер немесе оператор қоршаған ортаны қорғауды қамтитын келісім-аренда міндеттемелері бойынша кепілдік ретінде 10 мың доллар депонтеу міндетті. Айқындалған төлемдерден басқа (бонустар), жалгер ренталс және роялти түрінде тұрақты төлемдер жүргізіп отырады. Ренталс алғашқы 5 жыл бойы акр үшін 1,5 долларды және одан кейінгі жылдардың бәрінде 2 долларды құрайды, роялти мөлшерлемесі 12,5 пайызға тең.

Энергетикалық саясат туралы заң қабылданғаннан бері (1992) жер жалға 10 жылға берілетін болды. Сыртқы континенталдық қайраң мемлекетке американдық континенталдық қайраңның табиғи ресурстарына құқық береді. Кешікпей басқа да көптеген мемлекеттер осы жолға түсті. Мұның өзі континенталдық қайраңның табиғи ресурстарын игеру саласында халықаралық заңнама жасауға негіз болды.

Бұдан бұрынырақ, 1953 жылы АҚШ-та сытқы континенталдық қайраң жерлері туралы заң қабылданған болатын, онда Заңның негізгі міндетері ретінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қуат көздерінің импортқа тәуелділігін азайту, сондай-ақ, сауда балансының тиімді деңгейін қолдау мәселелері аталады. Заңда континеталдық қайраңның федералдық жерлерін жалға бергені үшін мемлекет әділ нарықтық бағасын алу керектігі қарастырылған. Құрғақ жерлердегі жалгерліктен айырмашылығы, мұнда ресурстарды бөлісу тек қана жабық аукцион өткізу жолымен жүргізіледі. Аукцион шарттары бойынша телімдерді жалға алу құқығына жақсы ұсыныс жасаған талапкер ие болады.

Заңда, сонымен қатар, роялти мөлшерлемесі, жұмыстың ең аз көлемі және кіріс үлесі сияқты конкурстық параметрлер қарастырылған. Мынадай варианттар болуы ықтимал:

А. мөлшелемесі 12,5 пайыздан кем болмайтын ақшалай бонус және роялти.

В. ауыспалы роялти мөлшерлемесі және барлау жұмысының ақшалай ең төменгі көлемі немесе бонус немесе екеуі де;

С. ақшалай бонус немесе барлау жұмысының ең төменгі ақшалай көлемі және азая беретін немесе сырғымалы шкала бойынша роялти мөлшерлемесі, бірақ бастапқы кезеңде 12,5-тен кем болмауға тиіс;

D. ақшалай бонус және таза кіріс үлесі (30 пайыздан кем емес)

Е. Ақшалай бонус және таза кіріс үлесі;

F. ақшалай бонус, мөлшерлемесі 12,5 пайыздан кем емес роялти және таза кіріс үлесі (30 пайыздан кем емес);

G. ақшалай алғанда барлау жұмысының ең төменгі көлемі;

H. мөлшерлемесі кем дегенде 12,5 пайызды құрайтын ақшалай бонус және роялти, өнімнің бастапқы кезеңінде қайтарып алынбайды, төмен баға кезінде немесе басқа жағдайларда MMS қалауы бойынша.

Егер роялти аукционның параметрі болып табылмаса, онла 12,5 пайыз немесе 16,7 пайыз мөлшерлемені қарастыратын жайдақ шкала қолданылады. Егер мөлшерлеме ауытқымалы болса (терең сулы қайраңда жиі кездеседі), онда ол 16,7 пайыздан да асады. Ренталс акр үшін 3-тен 5-ке дейінгі долларды құрайды, коммерциялық қорларды ашқаннан кейін ең төменгі роялти – акр үшін 3 доллардан 5 долларға дейінгі межені құрайды.

Бонус жалғыз ғана конкурстық параметр болып табылмағанмен, геологиялық тәуекелі салыстырмалы жоғары телімдерде аукцион жеңімпазын анықтаған кезде негізгі фактор болып қала береді.

Солтүстік теңіздегі жер қойнауын пайдалануды қарастырайық. Солтүстік Теңіздегі мұнайгаз кеніштері 60-шы жылдарда ашылды. Содан бері аймақтағы мұнай және газ конденсатын өндіру іс жүзінде үздік өсіп келеді және 2005 жылғы ақпанда шарықтау шегіне жетіп, тәулігіне 6,3 млн. баррельге жақындады. Негізгі өндірушілер Норвегия (тәулігіне 3,1 млн. баррель) мен Ұлыбритания (тәулігіне 2,1 млн. баррель) болып табылады, олардан басқа мұнда Дания, Нидерланды және Германия мұнай өндіреді. Мұнайдың дәлелденген қоры 16 млрд. баррельге бағаланып отыр, алайда, кен орны өз дамуының толысу деңгейіне жеткен және ендігі жерде өндіру көлемінің өсуі екіталай.

Солтүстік Теңізде мұнай өндіруші бес елдің төртеуі Еуропалық Одаққа (ЕО) мүше, ал Норвегия Еуропалық экономикалық аймаққа кіреді, Директиваға сәйкес, Еуропалық одақтың мүшелері көмір сутегі ресурстарына құқықтылық жағынан егемендікті сақтайды, оны өз қалаулары бойынша бөлісу құқығын қоса есептегенде. Алайда, бұған қоса, лицензиялар берген кезде елдер басшылыққа алатын лицензиялау және критерилер рәсімі бекітілген. Негізгі мақсат ресурстарға кепілдендірілген дискриминациясыз ашық есік, көмір сутегін барлау, жобалау және өндіру процессін ынталандыру болып табылады.

Норвегия мен Ұлыбританияда тендрлер лицензиялық раундтар түрінде өткізіледі. Оған дайындық болашақ қатысушыларға өздерін қызықтыратын телімдерді ұсынудан басталады. Раундтар өткізу шарты әр елде әртүрлі, ал әрбір елдегі конкурстардың параметрлері раундтан раундқа дейін өзгеріп отыруы мүмкін. Конкурстың жеңімпазын анықтаған кезде әдетте ұсынылатын жұмыстардың бағдарламалары, ол ұңғылардың саны бойынша бағаланады, бұрғылау тереңдігі, сейсмикалық барлау көлемі және жұмыстардың құны басты критерий болып саналады. Бұған қоса, жергілікті тауарларды пайдаланудың, қызмет көрсету мен персоналдың, мемлекеттің қатысуының, сондай-ақ, талапкердің біліктілігі мен қаражат мүмкіндігінің және оның Солтүстік Теңіздегі жұмыс тәжірибесінің маңызы зор.

Ұлыбританияда 1934 жылы Мұнай туралы Заң қабылданды, ол барлық мұнайгаз ресурстарына мемлекет меншігінің құқығын бекітіп берді және үкіметке оларды барлау мен өңдеуге берілетін лицензиялардың шарттарын белгілейтін құқық берді. 1964 жылы Ұлыбританияда Континенталдық қайраң туралы Заң қабылданды, ол бойынша Солтүстік Теңіз қайраңының британдық телісі шаршыларға (екі жақ ұзындығы бойлық пен ендіктің бір-бір градусы бойынша) және блоктарға (әр шаршыда шамамен 250 шаршы шақырымнан келетін 30 шаршы) бөлінді.

Енді АҚШ-тағы және Солтүстік Теңіздегі көмір сутегі ресурстарын бөлу жүйесінің әрқилылығының себептерін талдап көрейік.

АҚШ пен Солтүстік Теңіздегі жер қойнауын пайдалану режимі мен шарттарының негізгі айырмашылықтарының қатарында мыналарды көрсетуге болады:

1. Минералдық ресурстарға меншік құқығы АҚШ-та, Солтүстік Теңізбен шектесетін елдерді қоса алғанда, елдердің басым көпшілігінен айырмашылығы, жерге меншік құқығы минералдық ресурстарды өндіруге де құқық береді, яғни, мемлекетпен қатар жеке жер өңдеушілерге де тиесілі.

2. Қорлардың барлау дәрежесі.

АҚШ-та мұнай қорының барлау дәрежесі ең жоғары деңгейде. Айтарлықтай ірі кен орнын ашу ықтималдығы терең сулы Мексикан шығанағында ғана басым.

3. Келісім шарттық телімдердің мөлшері.

Солтүстік Теңіздегі лицензиялауға ұсынылатын телімдердің ауданы шамамен 250 шаршы шақырымды құрайды. Ұлыбритания мен Норвегия да 550 шаршы шақырым болғанда, АҚШ-та небары 25 шаршы шақырым.

4. Лицензиялардың түрлері.

Солтүстік Теңізде барлау мен өндіру кезеңдерінің арасына айырма қойылып, әрқайсысына жаңа лицензия қажет болып жатқанда, АҚШ бәріне бір-ақ лицензия беретін аздаған елдің бірінен саналады.

5. Мемлекеттің ролі.

АҚШ-тан айырмашылығы, Солтүстік Теңізбен шектесетін Батыс Еуропа елдерінде минералдық ресурстарды игерудегі мемлекеттің ролі өте үлкен. Мәселен, Ұлыбританияда бұрын міндетті партнер ретінде қатысатын Ұлттық мұнай корпорациясы айтарлықтай роль атқарған, ал Норвегияда Statoil осы кезге дейін жобаларға тікелей қатысып қана қоймай, сонымен бірге мемлекет үлесін басқарады және ол жобаланатын қорлардың 40 пайызын құрайды.

Қазіргі нарық аукциондық жүйенің экономикалық ренталарда мемлекеттік үлес жағынан алғанда меншік иелері арасындағы ресурстарды неғұрлым тиімді орналастыруға мүмкіндік береді. Оған қоса, жалгерлік құқығы үшін ақшаларын төлеп қойған қауқарсыз инвестор үшін бонустың өзі өткен шығындардың жедел түрде орнын толтыруға стимул болып табылды. Бұл, өз кезегінде, бөлініп қойған ресурстарды эксплуатациялау жағынан алғанда тиімділікті көрсетеді. Амеркандық жүйеден өзгешілігі , Солтүстік Теңізбен шектесетін елдердің инвестормен қарым-қатынастары қатаң әкімшілік-авторитарлық негізде құрылған. Қайраңдық жобалар жоғары геологиялық тәуекелдермен және қомақты қаржылық шығындармен астасып жатады. Барлауға жұмсалған қомақты шығындар көлемді қорлар табылған жағдайда ғана қайтарымды болады, сондықтан, келісім шарттық телімдердің аумағы АҚШ-тағыға қарағанда анағұрлым кең. Ашық кен орындарын игеру жағы да көп шығындарды талап етеді.

Сондықтан, мұнай компаниялары консорциумдар құра отырып, тәуекелдер мен шығындарды бөлісуге ұмтылады. Жоғары тәуекелділік пен едәуір төмен бәсекелестік жағдайында аукциондық жүйе мемлекет үшін оңтайлы болудан қалып барады. Ал ол үшін бірінші кезекте кен орнын игеру болғандықтан, бірінші жоспарға жұмыстардың бағдарламалары шығып отыр. Нәтижесінде, конкурс ресурстарды бөлісудің табиғи тәсілі болып табылады.

Конкурстар мен аукциондар арасындағы басымдық теориясы бойынша құқық минералдық ресурстарды игеруге берілген кезде концессиялық жүйеде меншік иесі инвестормен шартқа отырады, осыған сәйкес ол негізгі төлем түрінің үшеуіне: бонусқа, ренталсқа және роялтиге ие болады. Бонустар бір мезгілдік төлемдерді, ал ренталс – өнім деңгейі мен мұнай бағасына тәуелсіз үздіксіз төлемдерді білдіреді. Сонымен қатар, роялти толығымен өткізу шарттары мен келісім шарт жасасқан сәттегі ықтималдығы белгісіз тәуелді жағдайда тұрақты төлемдер төлеп тұрады. Бонустар мен роялти (немесе жалпы жағдайда айналым салықтары) экономикалық рентаны бөлудің принципті екі тәсілі болып есептеледі. Ресурстардың иесіне ақшаның белгілі бөлігін бүгін алған жөн бе әлде өткізілуі беймағлұм өндірудің басталуын сарыла күткен дұрыс па деген қиындау екі қалаудың бірін таңдауына тура келеді.

Бонустардың роялти алдындағы басымдығын немесе, одан да жағдайлау жағдайда, аукциондардың конкурстар алдындағы басымдығын салыстыру экономикалық теорияның ең көп тараған тақырыптарының бірі болып табылады. Бүгінде бір жүйенің екіншісінің алдындағы басымдығын негіздейтін екі көзқарас бар, ол тәуекел бөлісу негізінде және трансакциондық шегерімдер.

Ақша аукционы кезінде минералдық қорлар көлемінің беймәлімдігімен байланысты тәуекелділіктің басым бөлігін инвесторлар алады. Ең көп бонус ұсынған жеңімпаз, келісім шарттық аумақтан мұнайдың коммерциялық қорын тапқан жағдайда және кен орнының келтірілген таза құны осы бонустың мөлшерінен жоғары болып шыққанда ғана ұтып шығады. Минералдық ресурстарды игеру құқығын сатушы қандай жағдайда болмасын бонусқа ие болады және егер кейін бонустың мөлшері инвестордың кірісімен салыстырғанда өте аз болып шықса ғана, экономикалық рентаның бір бөлігін толық ала алмай қалуы мүмкін. Егер келісім шарттық телімдер негізгі критерий роялтидің ұсынылып отырған мөлшерлемесі болып табылатын конкурста немесе аукционда бөлісетін болса, онда сатушы мен инвестор геологиялық және экономикалық тәуекелдерді өзара бөліседі.

Салынған зайыр аукциондар болып табылатын мұнайгаз жобасының құны тәуекелдің деңгейі өскен сайын көтеріле береді. Алайда, инвестор тәуекел үшін сыйақы алатын болса ғана неғұрлым қауіпті тәуекелдерге бара алады. Бұның нәтижесі бонус көлемінің төмендеуіне соқтырады және де кен орындары қорының көлеміне байланысты шегерімнің маңызы мағлұматсыздық деңгейімен оңды жымдасып кетеді. Сонымен, тәуекелділіктің артуы аукциондық жүйенің ресурстарды тиімділікпен бөлуде қамтамасыз ете алмайтындай жағдайға алып келеді.

Нәтижесінде, мемлекет инвестордың геологиялық тәуекелділігінің азаюына мүдделі болып шығады, бұған оны бөлумен, яғни роялти енгізумен немесе жеңімпазды басқаша критерилермен іріктейтін конкурс өткізумен қол жеткізеді. Егер мемлекет тәуекелділікке барғысы келмесе, онда мәні жағынан конкурсқа жақындау бонус пен роялтидің аралас жүйесі оңтайлы болады. Бұл жағдайда, роялтидің оңтайлы мөлшерлемесі қорлар көлемінің мағлұматсыздығына немесе өсіп келе жатқан функциясына сай келетіні немесе келмейтіні тәуекелге кімнің меншік иесі ме әлде инвестор ма, барғысы келмейтіндігіне байланысты. Тәуекелге неғұрлым аз баратыны, соғұрлым оның бөлігіне көбірек ие болады.

Трансакциондық шегерімдер теориясы ресурстарды бөлісу және салық салудың шегерімдік жағынан мемлекет пен инвесторларға басымдық беру мәселесін қарастырады. Ақша аукциондарын өткізу кезінде қорлардың қатысушылар арасындағы қаншалықты молдығына байланысты ақпараттың қалай бөлінгендігіне қарай шешілмек. Біреулердің айтуынша, егер ақпарат симметриялық тәртіп бойынша бөлінген болса, онда бонустың тепе-тең мөлшері ықтимал қорлардың күтілетін құнына төменнен ұмтылады, ал жеңімпаздың кірісі – нөлге тең болады. Басқа бір көзқарасқа сүйенсек, «жеңімпаздың түңілуі» деп аталатын эффект те бар көрінеді, яғни аукциондағы жеңіс туралы хабар инвестор күтілетін құнды асыра бағалағандығын және нәтижесінде залал тартатындығын білдіреді. Бұл жағдайда бонустың тепе-тең мөлшері ықтимал қорлардың күтілетін келтірілген құнынан жоғары болып шығады.

Алайда, егер ақпарат ассиметриясы орын ала қалса, онда инвесторлар дәлірек инсайдерлік ақпарттың көмегімен басымдыққа ие болады. Ол кезде мұндай ақпараты жоқ инвесторлар тиісті шығындарға бара отырып (жариялы немесе жариясыз) осындай ақпаратқа ие болуға ұмтылады.

Конкурста бәсекелестік өршіген жағдайда, жеңімпазды анықтаудың критерилері салық түсімдерінің жалпы келтірілген көлеміне ықпал ететін шартты параметрлер болып табылады, ол өз кезегінде мұнайдың болашақтағы бағасына тәуелді болады. Осыған байланысты агенттік шегерімдер деп аталатын проблемалар пайда болады. Роялтидің неғұрлым жоғары мөлшерлемелері ұңғымалардың мерзімнен бұрын жоюдың кесірінен қазба орнынан тартылатын мұнайдың коэффициентін азайтуға алып келеді немесе оны өндіруден мүлдем бас тартуға мәжбүр етеді. Нәтижесінде, көптеген келісім шарттарда мұнай өндіруші компанияларды ынталандыратын және мұнай барлау мен өндіру жөніндегі өздерінің міндеттемелерін орындауға итермелейтін арнайы шарттар мен шаралар қарастырылады. Инвестор үшін трансакциондық шегерімдер ренталс, ең төменгі роялти төлегенде жасалады, ал ресурстардың меншік иесі үшін – мониторинг өткізу шығындары үшін жасалады. Кен орындарын игеруден бас тартудың немесе өндіруді мерзімнен бұрын тоқтатудың нәтижесінде екі жақ та шығынға батады.

Трансакциялық шегерімдер теориясында тәуекелділік пен белгісізділікке қалай қарайтындарына байланысты инвесторлар мен меншік иелеріне басымдық беру байқалмайды, өйткені, шегерімдердің өзі және олардың салыстырмалы күрделі ролі бағалауға қиыншылықпен ғана икемделеді. Белгісіздікке трансакционерлік игерімдердің өсетіні де анық, алайда, мұның ресурстарды бөлісу тәсілінде қалай айтылатыны белгісіз. Кейбіреулердің пайымдауынша, бонустар бәсекелестігі күшейген жағдайда трансакциондық шегерімдер көбейеді, яғни, бұл жағдайда меншік иесі мен инвестордың тәуекелділікке қалай қарайтындықтарына қарамастан, роялти бонустан гөрі тиімдірек болады.

Егер инвесторлар минералдық ресурстар иесіне қарағанда тәуекелділікке құлықсыздау болса, тәуекелділікті бөлісу және трансакциондық теориясы екеуіне де бірдей болжам береді. Ықтималды қорлардың көлемдеріне белгісіздіктің көбеюі инвестордың жоғары бонус төлеуге деген ықыласын азайтады және меншік иесі үшін роялти бойынша бәсекелестік ұйымдастыру тиімдірек болуы мүмкін. Сонымен, аукционның орнына аралас жүйе немесе конкурс пайдаланылатын болады.

Әдетте инвестор мемлекетке қарағанда тәуекелділікке бара бермейді, әсіресе, индустриалдық дамыған елдерде. Минералдық ресурстардың меншік иесі мемлекет болып табылатын елдердің басым көпшілігінде минералдық ресурстарды бөлісудің конкурстық жүйесі қолданылатыны сондықтан болса керек, бұл әсіресе аз барланған перспективалық үлкен телімдерді бөліске салған кезде анық байқалады.

Егер инвесторлар меншік иелеріне қарағанда тәуекелділікке үйірлеу болса, тәуекелділікті бөлісудің болжам теориясы қарама-қайшы болып шығады – белгісіздіктің көбеюі инвестор өз мойнына алып отырған тәуекелділік үлесінің өсе түсуіне алып келеді, яғни роялти мәні азайып, бонус көбейеді. Трансакциондық шегерімдер теориясы бұрынғысынша бұл жағдайда роялти немесе конкурс пайдаланылуға тиіс деген пікірін қуаттайды.

Меншік иесі инвесторға қарағанда тәуекелділікке құлықсыздау болатын ахуал, мұндай меншік иесі жеке жер иеленуші (АҚШ-тағыдай) немесе өзінің аумағында мұнайдың мол қоры жоқ шағын кедей мемлекет болған жағдайда орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда меншік иесінің алдағы кезеңдер үшін тұтынушылар алдындағы артықшылығы анық. Қазба орнын барлау және игеру процессі ұзаққа созылуы мүмкін екендігін (кейде он жылға дейін) ескерген мұндай меншік иесі роялтиді емес, бонусты қалайды.

Өткен ғасыр - мұнай мен газ ғасыры. Жүзжылдық басында ағаш пен көмір орнына келген бұл ресурстарды өндіру мен тұтыну жылдан жылға артып отыр. Бүгінгі таңда отын-энергетикалық ресурстар мен оларды тасымалдау құралдарын бақылау кез келген елдің геосаяси жағдайын анықтауда басты рольдерді ойнайды. Мұнай мен газ ресей экономикасы негіздерінің бірі, елдің экспорттық түсімдерінің маңызды көзі болып табылады. Бәсекелік факторлардың күштілігіне байланысты Ресей бүгінгі таңда өзінің экспортында дайын өнімдердің үлесін біршама арттыра алмай отыр. Сұйық көмірсутектер экспорты болашақта саудадан тыс валюталық түсімдердің және сәйкесінше, импортты қаржыландырудың басты көзі болып қала бермек. Импорт тек ел экономикасының тұтыну секторын толтыру үшін ғана емес, сондай-ақ, соңғы үлгідегі жоғары технологиялық және тиімді инвестициялық тауарларды алып келу есебінен өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық базаларын дамытуды қамтамасыз ету үшін қажет. Қайта құрылуға дейін мұнай мен газ кеңестік басшылыққа сүйеу болып келді.

Мұнайгаз кешені реформа жылдары ел экономикасында өзінің позияциясын біршама нығайтты. Мұнай мен газға деген сұраныс айтарлықтай тұрақты, дегенмен бағалар дағдарысы мен төмендеуіне жиі ұшырайды. Сондықтан біздің мұнайгаз өндіруші өнеркәсіптің табысты дамуына әлемнің барлық дамыған мемлекеттері қызығушылық танытып отыр, ең алдымен өзіміз. Өндірістік баға фирманың барлық өндірістік және маркетингтік шығындарының сомасы мен күтіліп отырған пайданың қосындысына тең. Әдетте ол бөлшек бағадан 40%-дан 60%-ға дейін құрайды. Дәл осы бағамен өндіруші көтерме сатып алушыларға ірі партиялармен тауарды жеткізеді. Көтерме баға- бұл көтерме сауда фирмалардың бөлшек сауда компанияларын ірі партиялармен тауарды сату бағасы.

Бұл баға өндіруші бағасы мен көтерме сатушының өндірістік және маркетингтік шығындары, оның пайдасының қосындысынан құралады. Әдетте бұл баға бөлшек бағадан 60% -дан 70% -ға дейін құрайды. Бөлшек баға – бұл көтерме баға мен бөлшек сауда фирмасының барлық басқарушылық, маркетингтік және өндірістік шығындарының, сондай-ақ, оның пайдасының қосындысынан тұратын бағасы. Базистік баға тауар сортын немесе сапасын анықтау үшін пайдаланылады; ол сатушы мен сатып алушы арасындағы келіссөздерде келісіледі; ол іс жүзінде жеткізілген тауардың қасиеттері келісімшартта келісілген тауардан өзгешеленген жағдайда іс жүзінде жеткізілген тауардың бағасын анықтау үшін негіз болып табылады. Келісімшартта сонымен қатар нарық конъюнктурасына тәеулді болатын жеңілдіктер мен үстемелер де қаралады.

Сауда-саттық бағасы (немесе фактуралық) келісімшартта қарастырылған жеткізу шарттарымен анықталады. Монополиялық баға - монополиялармен өндірістік бағадан жоғары немесе төмен орнатылатын баға. Номиналды баға прейскуранттарда, анықтамаларда, биржалық котировкаларда көрсетіледі. Нарықтық баға - нарықта сауда-саттық жасалатын баға. Сырғымалы баға белгілі бір мерзімге кейбір жағдайларға (биржалық котировка, инфляция және т.б.) байланысты келісімшартпен орнатылатын баға. Сұраныс бағасы сатып алушы нарығында қалыптасады. Нақты баға сауда-саттық келісімшартында орнатылады және өзгертуге жатпайды. Әдеттегідей өнімге бағаны дәл осындай өнімге нарықтағы өздерінің бағасын орнатқан бәсекелестерді есепке ала отырып орнату керек. Бұл жағдайда бағаны бәсекелестікке бағыттау әдістемесі қолданылады. Осыған байланысты мынаны атап айтқан жөн, егер дәл нарық бағаның бағдары болса, онда оған шығатын фирмалар үшін бағаны нарықтың еркін факторларының анықтағаны маңыздырақ.

Мұнай нарығы санатында әлемдік экономика жағдайы, Ирактағы жағдай және т.б. қосатын анықталмағандық факторларының ретімен ұшырасады. Мұндай жағдайда жоғары бағаны сақтап қалу ықтималдығы жоғары. Негізгі факторларға АҚШ пен Қытайдағы жедел экономикалық өсу, Таяу Шығыстағы терроризм қауіпі, американдық доллардың әлсіздігі мен ОПЕКтің жоғары бағаны ұстап тұруға деген ұмтылысы жатады. Жыл ішінде бағаның бірте-бірте төмендеуі ықтимал. Алдыңғы қатарлы энергетикалық агенттіктердің ақпаратына сүйене отырып конъюнктура 2010 жылы мұнайдың тұрақталған бағасын көрсетеді. Бағалардың қатысты төмендеуі алдыңғы кезеңде тауарлық қорды толтыру жағдайымен байланысты болды. ОПЕК елдерінде мұнай өндіру көлемінің нақты төмендеуіне қарамастан, әлемде тауарлық қордың жинақталуын алдын алу мүмкін емес. Мұнайға бағаны болжауда мұнайға деген сұраныстың әсері есепке алынды. Ол өз кезегінде әлемдік экономиканы дамытумен, жаңа технологиялар мен энергия көздерін енгізумен анықталады. Сонымен қатар, әлемдік нарықтардағы мұнай ұсынысы және оны тасымалдау мүмкіндіктері де есепке алынды. Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) өзінің мұнайға сұранысты болжауында көмірсутекті шикізатқа сұраныстың жылына 2-4% темпімен, соның ішінде Еуропада 1,5-2,5% арту мүмкіндігін бағалайды. Осы кезде, әлемдік экономиканың өсі жеделдігі, АҚШ пен Еуропада қысқы аяз мезгілінде энергоресурстарды тұтыну және жоғары запастарды қалыптастыруда қажеттіліктер көлемінің артуы жағдайында ұсыныстың мүмкін болатын өсімі орнатылған жеткілікті жоғары бағалар деңгейінде сұраныспен толықтай жабылады.

Көрсетілген факторлардың жиынтығын есепке ала отырып болжауда мұнайдың Urals маркасына бағалар өзгерісінің келесі нұсқалары қабылданады: 2010 жылы - жыл соңына бірте-бірте төмендету арқылы жоғары бағаны сақтау. Ортажылдық деңгей мұнай бағасы туралы соңғы мәліметтерге сүйене отырып алғанда барреліне 29 АҚШ долларын құрайды (мұнайдың Urals маркасының орташа бағасы ағымдағы жылдың наурыз-мамыр айларына барреліне 32,1 долларды құраған).

Қазақстандық экономиканың шикізаттық емес секторы әлсіз дамығандықтан және оған ішкі құрылымдық тұрақтылық жағдайын бере алмайтындықтан экономикаға мұнай табыстарының осындай әсері оның мұнайға деген әлемдік бағалардың ауытқуына күшті тәуелді етеді.

Бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін экономикасы шикізаттың белгілі бір түрінің - мұнай, газ, мыс және т.б. экспортына тәуелді әлемнің көптеген елдері осы тауарларға әлемдік бағалардың тез және адам сенгісіз деңгейде орнауына байланысты тұрақтандырушы қорды құрған.

Оның мәні әлемдік бағалардың жоғары болған жылдары осы тауарлардың экспорты есебінен түскен ірі бюджеттік түсімдердің бір бөлігін осы қорда аккумуляциялау және кейіннен оларды мұнайға деген әлемдік бағалардың қабылданған деңгейден біршама төмендеген кезінде бюджеттке түсетін табыстардың тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің бюджеттік міндеттерін орындау үшін пайдалануда.

Республика мұнайгаз әлеуетін қалыптастырудың принциптері негізінен егеменді мемлекет ретінде он жыл бойы дамыған және жер қойнауын ғана емес, сонымен бірге, геологиялық зерттеулерді де қамтитын Қазақстанның нормативтік-заңнамалық базасына сүйенеді.

Заңнамалық-нормативтік база Қазақстан Республикасында орналасқан мұнай және газ қазба орындарын игерудің барлық кезеңдеріне белгіленеді, атап айтқанда, қазба орындарын геологиялық зерттеуге, қорларды есепке алуға, жобалауға және қазба орындарында игерудің тиімді жүйесін жасауға, барлық категориядағы ұңғымалар мен қажетті өндірістік құрылыстарда жұмыстың тиімді жүйесін қалыптастыруға , жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауға белгіленеді.


Сурет3 Ірі мұнай тұтынушы елдер 2010 жыл3

Сурет4 Ірі мұнай тұтынушы елдер 2011 жыл4


Сурет 5 Ірі мұнай тұтынушы елдер 2012 жыл5

Қазақстандық экономиканың шикізаттық емес секторы әлсіз дамығандықтан және оған ішкі құрылымдық тұрақтылық жағдайын бере алмайтындықтан экономикаға мұнай табыстарының осындай әсері оның мұнайға деген әлемдік бағалардың ауытқуына күшті тәуелді етеді. Бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін экономикасы шикізаттың белгілі бір түрінің - мұнай, газ, мыс және т.б. экспортына тәуелді әлемнің көптеген елдері осы тауарларға әлемдік бағалардың тез және адам сенгісіз деңгейде орнауына байланысты тұрақтандырушы қорды құрған. Оның мәні - әлемдік бағалардың жоғары болған жылдары осы тауарлардың экспорты есебінен түскен ірі бюджеттік түсімдердің бір бөлігін осы қорда аккумуляциялау және кейіннен оларды мұнайға деген әлемдік бағалардың қабылданған деңгейден біршама төмендеген кезінде бюджеттке түсетін табыстардың түрақтылығын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің бюджеттік міндеттерін орындау үшін пайдалану.

Қазіргі таңда мұнай мен газ конденсатының дәлелденген қоры шамамен 2,7 млрд. тоннаны құрайды. Егер мұнай өндіру жылына 17,5% арта бастаса және 2015 жылы бүгінғі 35 млн. тонна шындығында 400 млн. тоннаға жетсе, онда оның жалпы көлемі дәл осы 2,7 млрд. тоннаға тең болады. Мұнайдың болжамдық ресурстарын бағалау 3,4 млрд. тонна мен 12 млрд. тонна арасындағы шеңберде ауытқып отырады, ал басылымдарда осы тақырыпта қандай қорлар (мысалы, геологиялық) туралы анық айтылмайды. Айталық, әлі дәлелденбеген қорлар шамамен 6 млрд. тоннаны құрайды (оптимистік нұсқаның өзі жеткілікті, АҚШ Геологиялық қызметінің капиталдық еңбегінде көрсетілгендей Қазақстанның ресурстарын бағалау 1 ден 7 млрд. тоннаға дейін ауытқып отырады) делік, онда мұнай өндіруді дамытудың «саудтық» нұсқасымен 2015 жылға 400 млн. тонна шыңына дейін жеткізіп, осы деңгейді болашақта да сақтап түратын болсақ, Қазақстан мұнайы 2030 жылға дейін жетер еді. Бұл, әрине, Норвегия, Англия, Канада, Қытай және басқа да мұнай өндіруші елдердің көптеген мұнайкәсіпшіліктерінің 8-15 жыл арасында ауытқып отырады деп болжанған өмір сүру уақытынан көп. Алайда Сауд Аравиясы (болжамдық ресурстарды есепке алмай-ақ өндірудің қазіргі деңгейінде 85 жыл) немесе Ирак (120 жыл) қорларын тұтыну мерзімінен әлдеқайда аз. Болжамдық ресурстар туралы жоғарыда айтылған ойлар негізінде 2015 жылға дейін мұнай өндіруді 10% арттыру нұсқасы оңтайлы көрінер еді, және мұнай өндіру деңгейін 150 млн. тонна деңгейінде ұстап тұратын болса, онда еліміздің мұнайы 2067 жылға дейін жетер еді.Мұнай, мұнай өнімдері мен газды өндіру мен экспортының динамикасы. Мұнай мен газ конденсатын өндіру 2011 жылға 490 млн. тонна деңгейінде тұрақтанды. 2012 жылдан бастап мұнайгаз саласына салық жаңалықтарын (жаңа кенорындар үшін Шығыс-Сібір мұнайгаз провинциясына салықтық демалыстар) енгізудің тұрақты әсері жұмыс істеп тұрған кенорындарда мұнайды өндіру деңгейінің төмендеуінің орнын толтырмайды. Шығыс-Сібір және Якутия кенорында мұнай өндіруді бастау мерзімдерін түзету мімкіндіктері есепке алынады. 2010 - 2012 жж. мұнай өндіру темпінің баяулауы мыналармен байланысты:

- саланың шикізат базасы сапасының төмендеуі есебінен мұнай өндіру тиімділігінің төмендеуі және жаңа кенорындарын игеру қиындығы;

- мұнай компанияларының орнаған жағдайларда қаржы ресурстарын пайдалануда белсенділігінің жеткіліксіздігі.

Қазақстанның материалдық басты байлықтарының бірі болып мұнайдың ірі қоры табылады. Олардың болжанған құрлықтағы мөлшері 13 млрд. тоннаға жетеді немесе әлемдік болжанған қордың 1,9% құрайды, елдің өндірілетін қоры шамамен 2,5 млрд. тоннаны құрайды, сонымен қатар, Каспий теңізі мен оның жағалауынның шельфінде болжанған қор бар. Мұнайдың болжанған қоры тек Қашаған бойынша шамамен 7 млрд. тоннаны кұрайды, ал өндірілетін қор 4,9 млрд. тонна мөлшерінде бағаланып отыр. Елімізде бүгінгі таңда 200-ден астам мұнайгаз, мұнайгазконденсатты, газконденсатты және газ кенорындары ашылған. Алайда қойны қара алтынның ірі көлеміне ие құрлықта бұдан басқа ашылмаған көптеген кенорындар бар.Бүгінгі таңда мұнай профильді өнім және ел экспортының басты бабы болып қалыптасты. 2011 жылы 20,6 млрд. долл. сомадағы экспорттың жалпы көлемінің 61,2% немесе 12,6 млрд. долл. мұнайдың үлесінде. Мұнай өндіріске тік және жанама түрде әсер етеді.

Біздің бағалауларымыз бойынша 2012 жылдан бастап оның жалпы ішкі өнімге тік әсер ету үлесі 8% жоғары көрсеткішті, ал жанама әсерінің үлесі 18%, жалпы алғанда - 26% артық құрады (Сауд Аравиясында бұл көрсеткіш 34% қүрайды). Мұнай факторы мемлекет бюджеті табыстарының 23% астамын берді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет