. Далалық аймақ Әмір Темір империясына ресми түрде қосылған жоқ болатын. Алайда, Сығанақ, Отырар, Сауран, Иассы, Сайрам сияқты ірі қалалары бар Оңтүстік Қазақстан Әмір Темірдің иелігіне етті. Сығанақ билеушісі болып Темірдің қол шоқпары ретінде танылған жошылық Тоқтамыс отырғызылды. Әмір Темірдің қолдауымен Тоқтамыс Алтын Орданың астанасы Сарайды басып алады. Бұдан кейін ол Темірдің саяси ықпалынан шығуға әрекет жасайды. Алайда, 1395 жылғы Әмір Темір жорығының салдарынан талқандалып, тақтан тайдырылады. Әмір Темірдің емірінің соңында оның империясының құрамына Мауераннахр, Түркістан, Хорезм, Иран, Ирак, Ауғанстан. Кавказ елдері, Үндістанның солтүстік бөлігі кірді.
. 1404-1405 жылдың қысында ол Оңтүстік Қазақстан арқылы Қытайға жорыққа шыққан еді. Бірақ 1405 жылы жолда Отырарда қайтыс болды. 1428 жылы Ақ Орда билігіне Шайбан әулетінің өкілі Әбілхайыр хан келді. Ол Дешті Қыпшақта 40 жыл билік жүргізді. Әбілхайыр хандығы Жайықтан Балқашқа дейін, Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал теңізінен солтүстікте Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі аралықты қамтып жатты. Хандықтың орталығы Сығанақ қаласында орналасты.