Қазақстан моңҒол үстемдігі дәуірінде



бет2/5
Дата01.10.2022
өлшемі66,05 Kb.
#151342
1   2   3   4   5
Байланысты:
ÐŸÑ€ÐµÐ·ÐµÐ½Ñ‚Ð°Ñ†Ð¸Ñ 3 лекции-1

3 бет

  • 1216 жылы Шыңғыс хан қыпшақ далаларына көшіп кеткен меркіттерді біржола талқандауға өзінің үлкен ұлы Жошыны әскерімен аттандырады. Жошы әскері Торғай даласына келіп кіргенде, мұнда 60 мың қолмен қыпшақтарға қарсы жорыққа шыққан Хорезм шахы Мұхаммедтің әскерімен шайқасқа түседі. Бұл шайқас бір күнге созылып, ал түнде моңғолдар жаққан оттарын тастап кетіп қалады.
  • Моңғолдардың Қазақстан жеріне басып кіруіне «Отырар апаты» деген
  • оқиға сылтау болды. Шыңғыс хан бұл жорыққа ұзақта мұқият дайындалған. Моңғолдардың жеңісі туралы хабарлар тасқыны, өз кезегінде, Орта Азия билеушілерін де ойландыра бастағанды. Хорезм шахы Мұхаммед Моңғолияға екі елшілік жіберіп, Шыңғыс хан да Хорезмге елшілік аттандырған болатын. 1218 жылы көктемде оларды Хорезм шахы Мұхаммед қабылдайды. Содан кейін моңғолдар Орта Азияға 450 адамы бар 500 түйеден тұратын сауда керуенін аттандырады. Бұл керуен 1218 жылы Отырарға келеді. Отырар билеушісі қыпшақ Қайырхан Иналшық көпестердің тыңшылық әрекеттерін сезгеннен кейін, керуен мүшелерін өлім жазасына бұйырады. Осындай қайғылы оқиғадан кейін Шыңғыс хан өз елшілері арқылы Қайырханды беруді талап етеді. Бірақ оған жауап ретінде елшілер де өлтіріледі. Міне,осы жағдайлар соғыстың басталуына алып келді.

4 бет

  • 1219 жылдың қыркүйегінде Шыңғыс ханның 150 мыңға жуық әскері (инженерлер, жұмысшылар, қамал бұзар машина шеберлерінің өзі 15 мыңға жуық болды) өз одақтастары - қарлұқтармен және ұйғырлармен бірге Жетісу арқылы Қазақстанға басып кіреді.
  • Отырар билеушісі Қайырханның 20 мыңнан 50 мыңға дейінгі әскері ерлікпен қорғанады. Отырар тұрғындары мен жауынгерлер отансүйгіштіктің биік үлгісін көрсетті. Алайда, қоршаудың бесінші айының соңына қарай Хорезмнен көмекке келген әскербасы Қараджа хаджиб он мың әскерімен моңғолдарға беріліп, қала қақпасын жауға ашып береді. Отырардың ішкі қамалына (цитадельге) бекінген Қайырханның әскері тағы бір ай жанқиярлықпен қорғанады. Дегенмен, күші анағұрлым басым моңғолдар 1220 жылдың ақпанында қаланы алады. Қайырхан қатал жазаға тартылып, өлтіріледі. Сырдария бойындағы Қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің орталығы - Сығанақ қаласының халқы да моңғол әскеріне табанды қарсылық көрсетіп, ерлікпен шайқасқан. Оны қоршау жеті күн мен түнге созылып, 1220 жылдың көктемінде оны алғаннан кейін моңғолдар қала халқының бәрін қырып салды. Ерлікпен қорғанған Ашнас қаласының тұрғындары да қырып-жойылды.
  • Сырдария бойындағы Қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің орталығы - Сығанақ қаласының халқы да моңғол әскеріне табанды қарсылық көрсетіп, ерлікпен шайқасқан. Оны қоршау жеті күн мен түнге созылып, 1220 жылдың көктемінде оны алғаннан кейін моңғолдар қала халқының бәрін қырып салды. Ерлікпен қорғанған Ашнас қаласының тұрғындары да қырып-жойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет