Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Соғыстың басталуы: Қазақстан әскери лагерь бөлімі



бет50/196
Дата05.02.2022
өлшемі4,39 Mb.
#19428
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   196
1. Соғыстың басталуы: Қазақстан әскери лагерь бөлімі. 1941 жылы 22 маусымда Фашистік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. ¥лы Отан соғысы осылай басталды. Гитлерлік Германия осыған дейін Еуропаның көптеген мемлекеттерін басып алған болатын.Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Герман империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Куыршақ мемлекет жобасы фашистер жасаған «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ-Орал, Түркістан сияқты рейх комиссариаттарын кұруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының кұрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шынжан кіргізілді.
Фашистер Кеңес адамдарын қырып-жою жолына осылай түсті.
Ал Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы түра білді. Қазақстан халқы Отан корғаушылар қатарына өзі еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Мән-шүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді.
Елімізде 2 млн-нан астам адам міндетті әскери даярлықтан өтті.
Майдандағы Қызыл Армия қатарына 1200000-ғажуық (1196164) қазақстандық аттанды. Майданға қажетті әскери кадрларды даярлау ісі тылда қарқынды жүргізілді. Соғыс болып жатқан өңірлерден Қазақстанға 27 әскери оку орны көшірілді. Онда соғысқа қажетті 16000 әскери офицер даярланды. 42000 қазақстандық әскери училищеде оқыды.
Бұл әскери оқу орындарының түлектері арасында кейіннен КСРО батыры атанғандар көп болды.
Мысалы, Шымкент Чугуев әскери авиация училищесінде КСРО-ның үш мәрте батыры И.Н. Кожедуб оқыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет