Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Орталық Азия елдерімен Қазақстанның қарым-қатынастары



бет75/196
Дата05.02.2022
өлшемі4,39 Mb.
#19428
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   196
1.Орталық Азия елдерімен Қазақстанның қарым-қатынастары. Тәуелсіз Қазақстаннын халықаралық байланыстары және оның белсенді сыртқы саясаты Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары көбінде 1991 жылғы 13 желтоқсанда Орта Азия республикалары басшыларының Ашгабад кездесуіне бастама көтерген Қазақстан жетекшісінің күш-жігерінің арқасында осы кездесу барысында біртұтас айқындама тұжырымдаудың және Орталық Азия мен славян республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған бұрынғы 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік — Тәуелсіз Мемлекетгер Достастығының негізін қалаушы құжат болган Алматы декларациясына қол қойды.
Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы он жыдца әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетгі байланыстар дамыта білген ашық қоғамга айналды. Көптеген елдермен өзара тиімді және ұтымды қарыматынастар қалыптастырып, инвестициялардың келуі өсе түсті.
Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуда еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің кептеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халық-аралық ұйымдардың мүшесі атанды.
Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекшіІ державалардың қауіпсіздік жөніндегі кепіддігін ала отырыщ ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мортебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада, еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын кұру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨЫСШК) шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастык, тарапынан кеңінен қолдау; тапты. Аталған кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады.
Халықаралық қатынастарда Қазақстан тандап алған копвекторлы саясаттың дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мөнінде растап берді.
Тәуелсіздіктің басында қазақ дипломатиясының аддыі ұлттық экономиканың көтерілуіне жан-жақты ықпал ету инвестициялар тарту, елдің экспортын ұлғайтудың жолдарынр қарастыру, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту сияқты 1 бірқатар маңызды мәселелер тұрған болса, қазірде аталған бағыттарда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Енді бүгінгн күннің талаптарына сай халықаралық қауіпсіздіісгі нығайтуға, әлемдегі экономикалық қатынастарды жетіддіруге, тұтастай алғанда, ғаламдық деңгейдегі проблемаларды оң шешуге үлес қосу басты мақсат болып қалып отыр.
Қазақстан әлемдік қоғамдастықта өзіндік алар орны бар ел екенін соңғы он жыл бедерінде айқын көрсетті. Қазақ елінін саясаттағы бағыты да, географиялық орналасуы да, жер байлығы да дүние жүзіндегі мемлекеттерді бізбен ынтымақтасуға ынталандырды.
Мысал үшін айтсақ, Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан елдердің саны 120-ға жетті. Елімізде 68 шетел елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары жұмыс істейді. Резиденциялары Қазақстаннан тыс жерде шоғырланғанымен, елімізде тіркелген елшілер саны — 37. Ал Қазақстан Республикасының шетелдерде 47 елшілігі мен дипломатиялық миссиялары және консулдық окілдіктері тіркелген. Еліміз мүше болып кіретін халықа-ралык ұйымдардың саны — 68.
Қазақстан шекарасының бүкіл бойында сенімді "Қауіпсіздік белдеуін" жасай адды.
Қазақстан Ресеймен қарым-қатынасқа айрықша мән береді. Бұл жөнінде елеулі ілгерілеу бар. 1998 жылы шілденің 6-сында Мәскеуде қол қойьшған XXI ғасырға бағдарланған мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы Декларация екі ел үшін маңызды тарихи мәнге ие. Қазақстан мен Ресей арасында Каспий теңізінің күқықтык, проблемасы шешілді. Келісім хаттамасына 2002—2003 жылдары қол қойылды. Қазақстан мен Ресейдің экономикалык ынтымақтастық 10 жылға арналған шарт жасалды, қаржы мәселелерін реттеу туралы ірі келісімге қол қойылды.
Біз үшін бірінші дәрежелі маңызы бар келісім, дүние-жүзілік ірі проблемалардың бірі — Каспий теңізінің мәртебесін айкындау. Ел президенті алғашқы кезден бастап принципті бағыт ұстады, өз айқындамамызды корғап қалды. Қазір ол айқындама Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін белгілеу жөнінде Ресеймен ортақ желі принципі бойынша жасалған келісімнен ез көрінісін тауып отыр.
Осы келісімнің іске аса бастауы үшін Сыртқы істер министрлігі белсенді түрде жұмыс істеді. Каспий теңізінің түбіндегі ұлттық секторлар координаттарын айқындайтын хаттаманы қысқа мерзім ішінде даярлайды. Сыртқы істер министрлігі Каспий теңізінің заңдық мәртебесі жоніндегі екіжақты және копжақты келіссоздерді жалғастырып келеді. Каспий проблематикасының Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне тікелей қатысты мейлінше күшті екенін ұдайы есте сақтауда.
Өзара сенімге негізделген баянды ынтымақтастық Қазақа станға да, Ресейге де қажет. Біздің елдеріміздің халықтар өзара қарым-қатынастың одақтастық пен серікгестіктен I түрлерін қабылдамайды.
Қырғызстанмен және Өзбекстанмен ынтымақтастш қанағаттанғандық білдіру үшін бізде барлық негізде олармен мәңгі достық туралы шарттарға қол қойылды Біз бұл құжаттар аймақтық тұрақтылық пен қауіпсізді нығайтуға қосылған маңызды үлес болып табылады де есептейміз.
Қазақстан 1997 жылғы маусым айында Мәскеуде қс қойылған тәжікаралық бейбіт келісімдердің кепілі ретіі Тәжікстанда берік азаматтық татулық орнатуды ұдайы жақтап келеді. Бұл бүкіл Тәжікстан аумағына бақылау орнатуд қамтамасыз етуте мүмкіндік берді.
Қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан мен Орталық Ази| елдері ТМД-ның оңтүстік шекараларын қорғау, діни экстремизмге, халықаралық терроризмге, ұйымдасқан қылмыск есірткі заттарының заңсыз айналымына, қару-жара контрабандасына қарсы күрес сияқты маңызды салаларда тығыз өзара іс-қимыл жүргізуге тиіс деп есептейміз.
Қазір елеулі іркілістерсіз жұмыс істей бастаған Орт Азия экономикалық қоғамдастығының түпкілікгі қалыг қаны қуантарлық жәйт.
Мемлекетаралық интеграция қазіргі аймақтық дамудың басты бағыты болып табылады. Батыс Еуропада, Солтүс және Оңтүстік Америкада, Ощүстік-Шығыс Азияда ор экономикалық жөне геосаяси мүдделер байланыстырыі| отырған қуатты блоктар мен аймақтық бірлестікгер жұмыс істейді. Осындай ынтымақтастықтан бас тартудың ешқа.қандай мәнісі жоқ. Орталық Азиядағы жөне тұтастай алғанда ТМД-дағы серіктестіктерімізбен бірге Қазақстанда да осында " бағыттарды өмірге енгізбекші.
Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекетгерінің көпшілігі әлеі» энергия көздері рыногындағы ынтымақтастыққа, сауда, көлік және коммуникация салаларынан өзара тиімді түрде да объекивті тұрғыдан бейімділік танытып отыр. Ұлы Жібек жолын қайта түлетуге де көптеген мемлекет мүдделі білдіруде. 1996 жылы қол қойылған Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдері арасындағы экономикалық және гуманитарлық интеграцияны терендету мәселесі туралы шарт 28 баптан түрады. Мемлекеттердің өз халықтарының игілігі үшін ерікті түрде кірігу процесі осы құжатгың негізгі арқауы болып отыр.
Шарттың негізгі баптары келісілген сыртқы экономикалық саясатты, тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмысшы күшінің біртұтас рыногын қалыптастыруды жария етеді. Колік, энергетика, төлем одақтарын құру жоспарлануда. Мемлекетгер ортақ мәдени және ортақ білім беру кеңістігін сактау және нығайту үшін жағдай жасауға міндеттенді, кылмыспен және терроризммен бірлесіп күрес жүргізу көзделіп отыр. Арнайы бап бұл шартгың тараптардың әрқайсы-сының әлемдік субъект ретіндегі қүқығьша нүқсан келтірмейтіні және олардың басқа мемлекетгермен, соның ішінде ТМД шеңберінде алған міндетгемелерін қозғамайтындығы туралы атап көрсетеді. Керіп отырмыз, бұл тең мемлекетгердің ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты кездеген шарты болып отыр.
Қазақстан—Қытай ынтымақтастығы 1992 жылдың 3 қаңтарынан, яғни дигатоматиялық қарым-қатынас орнаған сөттен бастап оң бағытта және ырғақты дамып келеді. 10 жылға созылған екі жақты байланыстар керсеткішінің қорьггындысы іспетгі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылдың 23 желтоқсанындағы КДР-ға мемлекеттік сапары барысында 1993-1999 жылдардағы біріккен декларациялар негізінде Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шартқа кол қойылды.
Бұл құжат Қазақстан мен Қытайдың жоғары деңгейдегі қарым-қатынасын зандык, тұрғыдан бекемдеп қана қоймай, бұған дейінгі әскери, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізілген біріккен уағдаластықтардың беріктігін қуатгап берді. Ал Шартта Қазақстан-Қытай мемле-кеттік шекарасын делимитациялау мен демаркациялаудың тарихи мәні, аумақтық тиіспеушілік пен мемлекеттік шекараның мызғымастығы, Қазақстанға ядролық қару қодцанбау мен қауіпсіздігіне кепілдік беру, сондай-ақ трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану мен қорғау сияқты маңызды тармақтар бар екенін ерекше атап көрсеткен жөн.
Қазақстан Ауғанстандағы соғысты тоқтату, елдің ішкіі ісіне сырттан араласпау және БҰҰ қамқорлығымен ұлтгық келісім Үкіметін құру арқылы ол елде бейбітшілікті қайтадан орнатуды жүйелі түрде жақтап келеді.
Қазақстан үшін сыртқы саясаттың еуропалық векторы барған сайын зор мән-мағынаға ие болып отыр. Мұның, өзі Батыс Еуропадағы ықпалдастықтың жоғары деңгейде. және алдағы кезде біртұтас еуропалық валютаның айналымга шығуына байланысты. Еуропа одағы қазірдің өзінда, Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық әріптеске айналды. Біз Еуропа одағымен болат және тоқыма өнімдерінің саудасі жоніңце, қазақстандық бірқатар тауар ендірушілердің Еурогі рыногындағы мүдделерін қорғау туралы, сондай-аі Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу ; мәселелерінде өзара бірлескен іс-қимыл таныту туралі келіссөздерді жүргізуді жалғастыра беруге ниет етіп отырмыз.
Қазақстанның Еуропадағы саясатында Германия басыңқы болып табылады. Принципті тұрғыдан алға: біз өз еліміздегі неміс капиталының мүдделерін толық қамтамасыз етуге ұмтыламыз. ГФР-дің Үкіметімен және қаржы институттарымен жасалған маңызды уағдаластықтарға 1999
жылы қол қойылды. Мұның өзі істің шын мәнісінде біздің елдеріміз арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі қалады.
Біздің мемлекегіміздің Франциямен саяси байланыстарындың елеулі түрде оң жетістіктерге қол жетті. Сонымен қатар бұл елмен сауда-экономикалық ынтымақтастығымыздіі арттыра түсуге күш-жігер жұмсаудың маңызы зор.
Италиямен байланысымыз да ойдағыдай дамып келеді. Соңғы жылдары екіжақты ынтымақтастықтың мол мүмкіндіктері пайда бодды. Италияның Қазақстан үшін неғұрлым ірі сауда әріптестерінің бірі болып отырғандығы айқын.
Соңғы кезде біздің еліміздің Ұлыбританиямен байланьв да күшейе түсті. Қазақстан бұл мемлекетпен ынтымақтастықты дамытып, нағайта беруге, әсіресе, инвестиция; күшейте түсу саласында мүдделі.
Бенилюкс еддерімен, әсіресе Бельгиямен байланыстарі елеулі түрде арта түсті. Осы едцің Премьер-министрін Қазақстанға келіп қайтқан сапары саяси жене эконо тұрғыдан нәтижелі болды. Біздің Орталық Еуропадан Венгрия, Польша, Чехия, Румыния, Болгария сияқты мемле-кетгерімен кдрым-қахынасымыздың болашағы жақсы болады деген оптамистік үмітіміз күшті. Үкіметгік және парламенпік құрылымдардың басшылары арасындағы келіссоздер біздің дипломатиямыздың осы бағыттағы елеулі түрде ілгері басқандығының айын көрінісі.
Біздің Балтық бойы елдеріндегі саясатымыз туралы да тап осылай деуімізге болады. Ол елдерде Қазақстанға саяси жоне сауда-экономикалық саладағы әріптес болу ретіндегі ынта-ықылас барған сайын күшейіп келеді.
Қазақстан үшін Америка Қүрама Штаттарымен жан-жақты ынтымақтастық орнатудың стратегиялық маңызы зор. Қазақстан — Американ қарым-қатынастары серпінді түрде дамып келеді. Соның нәтижесінде біз өзара демокра-тиялық әріптестік деңгейіне көтерілдік.
Бүгінгі таңца АҚШ біздің экономикамыздың аса ірі инвесторы болып табылады. Бұл ретте 1997 жылы қол қойылған экономикалық әріптестік бағдарламасын, сондай-ақ Қарашығанақ кеніші жөніндегі және Каспий қайраңын болісу жөніндегі келісімдерді айтуға болады.
Канадамен өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін де жақсы жағдайлар жасалды.
Қазақстан мен Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақ-тастық жөніңдегі ұйыммен өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға барған сайын көбірек көңіл болып келеді. Еліміздің сыртқы істер министріне осы ұйым жанындағы Дцам құқық-тары женіндегі бюромен ынтымақтастық туралы, сондай-ақ осы бедедді ұйымның Қазақстандағы өкіддігін ашу туралы құжаттарға қол қойылды. Біздің мемлекетіміз Хельсинки қорытынды құжатының, жаңа Еуропа үшін арналған Париж хартиясының, Копенгаген құжатының нормалары мен принциптеріне асқан сый-құрметпен қарайды.
Қорыта келгенде Ресей Федерациясымен ытымақтастық жонінде елеулі ілгерілеуге қол жеткізілді. Ең алдымен, XXI ғасырға бағдарланған, Мәңгі достық және одақтастық туралы Декларацияны атап өткен жөн. Бұл құжаттың ережелері екі жақты қарым-қатынастың іргетасын нығайтатыны соншалық, оның болашағы айдан анық корініп түр. Каспий теңізінің шешілмей жатқан мәртебесі проблемасын алға жылжытқан да Қазақстан мен Ресей екендігі назар аударатын жәйт. Қаржы тұрғысындағы өзара кінәласу тәрізді күрделі проблема бойынша түсіністікке қол жеткізілді. Қазақстан "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен басқа полигондарды жалға бергені үшін ақы алатын болады.
Өзара сенімге негізделген тұрақты ынтымақтастық Қазақстанға да, Ресейге де өте қажет. Біздің мемлекеттеріміздһ|. халықтары өзара қарым-қатынастың одақтастық пен серіктестіктен басқа жолдарын қабылдамайды.
Қытаймен тату көршілікті нығайтудан асқан парасатты саясаттың да болуы мүмкін емес.
Белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы екі ел арасында маңызды уағдаластықтарға қол жеткізідці. Ең алдымен, шеим раны нақтылаудың аяқталуын атап өтуге болады. Мемлекет басшысы бұл фактіні замандастарымыз бен келер ұрпақ лайықты бағалайтынына сенім білдірді. Қытаймен арадағы шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепіддіктер берілгенін білдіреді. Бұл қуатты мемлекетпен достық және өзара тиімді ынтымақ» тастық саясатын жалғастырудың негізі болып табылады.
Орталық Азиядағы көршілес мемлекетгерімен ынтш тастыққа да маңызды мән бергенбіз жөне одан ешқаша айнымақ емеспіз. Сонымен бірге Украинамен, Беларусыіеі Кавказ мемлекетгерімен арадағы өзара қарым-қатынастард әлеуетін әлі жақсарту алда тұр.
Біз Достастықты нығайтуға бағытталған іс-қимылдар Еуразияньщ ірі мемлекеті ретівде Қазақстанньщ стратегия мүдделеріне сай келетініне нық сенімдеміз.
Қазір Қазақстанның шетел инвестицияларын тарту үшін барлық мүмкіндіктер бар. Ел экономикасына 1998жылдың өзінде 8 миллиард долларға жуық қаржы енгізілуі фактісінің өзі кездейсоқтық емес. Жасалған келісім-шарттар бойынша ұзақ мерзімді инвестициялардың жалпы құны 60 миллиард доллардан асып жығылады.
XXI ғасырда Қазақстан іс жүзінде сыртқа кемірсушығаратын басты елге, ірі мұнай державасына айналды. Біз үшін мұнай және газ саласына шетел инвестицияларын одан әрі тарта беру басым бағытгағы міндет болып табылады. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан Каспий аймағындағы мұнай мен газдың ең ірі қорына ие. Сондықтан біз энергия көздерін әлемдік рынокқа үдемелете экспортгау үшін балама құбырлар салуға объекгивті тұрғьщан мүдделіміз. Бұл жағдайда біз таяу уақыт ішінде мұнай өндіру ауқымын ең кемі 3 есе арттыра алар едік. Бұл салада ілгерілеу бар. Грузиямен және Әзірбайжанмен Қазақстан мұнайын экспортқа шығарудың қосымша мөлшеру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Түркия басшыларымен осы елге газ женелту туралы принципті келісім жасалды. Біз Каспий құбыр желісі консорциумы жобасын аяқтауға, сондай-ақ, Батыс Қазақстаннан Қытайға тартылатын мұнай құбырын тезірек салып бітіруге үміт артып отырмыз.
Атырау — Самара мұнай құбырын салу аяқталды. Біз Баку - Жейһан маршрутын да және басқа балама жолдарды, мәселен Иран арқылы өтетін бағытты да назардан тыс қалдырмаймыз.
Біз үшін Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту да басым бағыт болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамыту, отандық индустрияны өркендету арқылы біз елдің болашағына қамқорлық жасайтын боламыз.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең алғашқы жетістіктерінің бірі адам құқықтары саласындағы халықаралық нормаларды сақтаудың басты елшеуішіне айналып отырған Жалпыға ортақ адам құқықтары Декларациясы болып табылады.
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін адам құқықтары мен бостандықтарын қүрметгеу мен қорғаусыз демократия-лық қоғамның өмір сүре алмайтындығы туралы басты принцип біз үшін айдан анық болды. 1995 жылы Қазақстан Конституциясы адамды, оның емірін, құқықтары мен бостандықтарын мемелекеттің ең жоғары қүндылықтары деп жариялады. Атқарушы және сот өкіметін, сондай-ақ, құқық қорғау органдарын реформалау барысында осы конституциялық басымдықтар ескерілді.
1994 жылғы ақпан айының өзіңде, тұңғыш ұлттық құқық қорғау мекемесі — Адам құқықтары жоніндегі комиссия қүрылған болатын, содан соң бір мезгілде үкіметтік емес 20-ға жуық құқық қорғау ұйымдары іске кірісті.
Қазақстан адам құқықтары саласындағы бірқатар маңызды халықаралық шартгарға қосылды. Олардьщ арасында Баланың құқықтары туралы конвенция, Әйеддерді кемсітудің барлық түрлерін жою туралы конвенция, Азаптауға және басқа қатігез, адамшылыққа жатпайтын, адамның ар-намысың аяққа таптайтын зорлық пен жазалау түрлеріне қарсы конвенция бар. Келесіде адам құқықтарын қорғау жөніндегі басқа да халықаралық конвенцияларға қосылатын болады.
Қазақстанда азаматтық қоғамның берік негізін қалауға қол жеткіздік. Елімізде өкімет тармақтарының нақты бөлінуі, ресми оппозицияның, саяси партиялардың, цензурадан азат баспасөздің, азаматгық және нарықтық қарым-қатынастарды реттеу талабына жауап бере алатын қазіргі заманғы зандардың болуы — осының бәрі еліміздің демократия қүндылықтарын ұстанатынын сенімді түрде дәлелдей түседі.
Қазақстандағы түрақтылық та халқымыздың ғаламдық және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікке қосқан үлесі болып отыр.
Отандық тарихымызда тұңғыш рет саяси партиялар Парламентге жұмыс істеу қүқығына ие болды, Үкімет жоғары заң шығарушы органға есеп беретін болды, үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу рәсімі жеңілдетілуде, әйелдердің әлеуметгік мәртебесі көтеріліп келеді, сот орындары неғүрлым тәуелсіз органдарға айналуда.
Қазақстан республикасы өзінің геосаяси бірегейлігі, экономикалық әлеуеті, тарихы, рухани және мәдени дамуының ерекшеліктері арқылы XXI ғасыр қоғамдастығынан лайықты орын алатын, оның азаматтары бүкіл дүние жүзіңде қүрметке бөленіп отырған мемлекетте өмір сүріп жатқанын мақтан түтатын болуына қол жеткізер.
Қазақстанның әлемдік аренаға үмтылуы, бірінші кезекте, Мемлекет басшысының белсенді сыртқы саяси қызметіне байланысты.
1990 жылдан бергі кезенде Қазақстан Республикасының Президенті іс жүзінде әлемнің барлық іргелі елдеріне 138 мемлекетгік, ресми және жұмыс сапарларын жүзеге асырды. Ресей мен АҚШ-қа, ҚХР мен Үлыбританияға, Францияға, Италия мен Испанияға, Швейцария мен Австрияға бірнеше мөрте сапарлар жасалды. Австралияға, Үндістанға, Сауд Арабиясына және басқа да араб еддеріне сапарлар жүзеге асты.
Сауд Арабиясында исламның екі қасиетті орынынын сақтаушысы король Фахдпен кездесу мен ислам әлемінің екі ұлы қасиетгі орыны — Мұхаммед пайғамбардың кесенесін мешітіне бірегей зиярат ету рәсімі жасалды. Ватикавда Қазақстан жетекшісі Н.Ә.Назарбаев пен римдік-Уитоликтік шіркеудің басшысы II Иоанн Павел папаның екі рет кездесуі болды.
Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары 102 рет, 320-дан астам үкіметтік және парламенттік делегация, сондай-ақ БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ЕК, БҰҰДБ, ДСҰ, ХААҮ, ЭЫҰ тәрізді басқа да дүниежүзілік халықаралық институттардың «мүшелері сапармен болды'.
Президент шетелдерді елшілері мен дипломаттарымен 104 кездесу өткізді. Қазақстанда тіркелген дипломатиялық Р корпустардың өкілдерімен жүздесіп отыру дәстүрге айналды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасын әлемнің 100-ден астам мемлекеттері танып, олармен дипломатиялық Iқатынас орнады, ол БҰҰ-ның және оның қүрылымдарының |толық құқықты әрі белсенді мүшесі болып табылады.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен )НЕСКО және НАТО-СЕАП-тың мерейтойлары, БҰҰ ас Ассамблеясының арнайы мәжілісі, ЕҚЫҮ-ның Хельсинкидегі, Лиссабондағы, Будапештегі және Ыстамбұлдағы тарихи кеңістері, Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 50 жыл толуына арналып Парижде, Лондон мен Мәскеуде тойланған мерекелер тәрізді халықаралық ұйымдардың ірі шаралары өтті.
Мемлекет басшысының ЕҚЫҮ-ның Хельсинктегі кеңесіндегі күн тәртібіне қойылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөнінде кеңесті шақыру туралы идеяларын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарлы түрде жүзеге асуда.
Әлемдік саясатга Қазақстан жария етіп, жүргізіп отырған шп векторлы жол өзінің елеулі нәтижелерін беруде. Бұл Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық және демократиялық серіктестік, Жапониямен стратегиялық серіктестік туралы келісімдерге, "Шанхай бестігі" жобасы шеңберіндегі шекараның ұзына бойында сенім шаралары туралы келісімге, Ресеймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Украинамен достық туралы шарттарға қол қою айрықша орын алады. Қазақстан Республикасының ҚХР-мен шекарасын межелеу, Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шекараны белгілеу туралы мәселені шешу жұмыстары жургізілуде.
Бейбітшілік сүйгіш сыртқы саясат жүргізе отырып, Қазакстан Таулы Қарабақтағы, Тәжікстандағы, Чешенстандағы, Югославиадағы қақтығыстарды тоқтатуды жақтап үн қосты "Бейбітшілік жолындағы серіктестік" қозғалысының халықаралық бітімгершілік акцияларына атсалысуда.

  1. жылы, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес,Семей ядролық сынак алаңы мәңгілікке жабылды. Мемлекет басшысы ел аумағында орналаскан ядролык, әлеует туралы мәселені Қазақстан үшін барынша тиімділікпен шешті.жылғы мамырда Қазақстан аумағында орналасқан ядролық қаруды бөлшектеу туралы Лиссабон хаттамасына қол қойылды. Дәл осы кезеңде Қазақстан Республикасы, ел Президентінің табандылығы мен саяси ерлігінің арқасында, "ядролык клуб" елдерінен стратегиялық кепілдіктер алуға қол жеткізді.

Елдің ұлттық қауіпсіздігін камтамасыз етудегі Қазақстан Президентінің жанкешті күресі Қазақстанның қауіпсіздігіне Ресей, АҚШ және Ұлыбритания тарапынан кепілдіктер алу туралы Будапешт меморандумына (1994 жылы) қол қойылумен тұжырымдалды. Мұндай кепілдіктер Франция мен Қытай Халық Республикасынан да алынды.
Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігіне айналды. Бұл басқа елдер сияқты біздің мемлекетіміздің де мазмүны женінен ғаламдық сипат алып отырған өзара тәуедді де тығыз байланысты әлемдік процестер орбитасына уақыт откен сайын кері оралмайтындай болып тартылғанын білдіреді. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының күн тәртібінде тұрған ірі проблемаларды шешуге өз үлесін қоса отырып, қазіргі әлемнің саяси құрылымына да интеграциялана түсуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет