Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ



Pdf көрінісі
бет11/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 
 
Абишева Аягуль Асылхановна 
Қарағанды облысы Нұра ауданы 
Қарақойын жалпы білім беретін мектебі 
Бастауыш сынып мұғалімі 
Бастауыш сынып - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш сынып балаға білім 
ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын 
дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі 
тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру - әр ұстаздың міндеті. Жаңа технологияны пайдаланудың мұғалімге береріне 
тоқталсақ:
1. Барлық баланы оқыту;
2. Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
3. Білім берудің формасын оңтайландыру міндеттерін атқару;
4.Тұлғаның жеке қабілетін айқындау, іздену;
Грамматикалық күрделі материалдарды оқытудағы ең ауқымды тақырып сөз таптары. Сөз таптарын оқыту - қазақ 
тілі грамматикасының ең негізгі және басқа тақырыптарды меңгерудің тірегі болатын ұғымдарды меңгерту болып 
табылады. Сөз таптарының ерекшеліктері, қызметі өмірден алынған мәтіндер мазмұнымен байланыстырылады. 
Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез 
ұмытылып қалатыны анық, сондықтан оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі 
туралы жүйелі білім алуы шарт.
Бастауыш мектепте негізгі сөз таптары: Етістік, Есімдік, Шылау.
Бірінші сыныпта оқушы кім? не? кімдер? нелер? не істеді? не қылды? қандай? қай? қанша? неше? нешінші? т.б. 
сұрақтарға жауап беретін сөздермен танысады. Мұндай сұрақтарға жауап беретін сөздер заттың атын, қимылы, сынын, 
санын білдіретінін меңгереді. Бастауыш сыныптардың қазақ тілі оқулығында 1- сыныптарда зат есім, сын есім, сан есім 
туралы теориялық мәлімет берілмейді. Зат есім, сын есім, сан есімдер тек заттық атаулармен байланысты екені ғана 
түсіндіріледі. Зат есім туралы тек нақты заттарды көрсетіп, бұл зат деп, заттың сындық ұғымын (реңін, көлемін, пішінін, 
дәмін) білдіретін сөздер деген түсінік беріледі. Сан есім туралы заттарды нешеу екенін санап, жай ғана сандық ұғымдар 
түсіндіріледі. 2-сыныпта бұл сөз таптары туралы теориялық білім беріледі, жаттығу жұмыстары орындалады. Бұл 
тақырыпты оқыту оқушыларға кісі есімдері, жер, су, үй жануарлары аттарын білдіретін сөздерді жалқы есім деп 
аталатынын, солардан басқа заттардың ата жалпы есім екенін ұғындырып, жалқы есімнің емлесіне баса назар аударған 
жөн. 
Әзірге бұл сыныпта сан есімнің есептік, реттік түрлерінен бастапқы мағлұмат беріледі. Ол үшін сан есімдерге неше? 
қанша? нешінші? деген сұрақтарды қойдыру арқылы сан есімдердің осы екі түрін танытамыз. Одан әрі мұғалім сұрақ-
жауап, көрнекілік әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың сол білімін одан әрі тереңдете түсуі қажет. Мысалы, 
алманың суретін көрсетіп, дәмі, түсі, пішіні қандай екенін сұрайды немесе қалың жұқа кітаптарды салыстырады т.б. 
Нәтижесінде заттың түрін, түсін, көлемін, дәмін тағы басқа сапа белгілерін білдіретін сөздердің сын есім деп 
аталатынын, қандай? қай? деген сұрақтар қойылатынын біледі. 3, 4-сыныптарда сөз таптарының бұл түрлері туралы 
жалпы грамматикалық мәлімет беріледі. Үстеу тақырыбы тек қана 4-сыныпта өтіледі. Үстеуді етістікпен байланыстыра, 
қимылдың түрлі белгісін білдіретін сөз табы екендігі ұғындырылады. Шылау сөздер сөз бен сөзді немесе сөйлем мен 
сөйлемді байланыстырушы көмекші сөздер екендігі де 4-сыныпта оқытылады.
Жаңа технологиялар, озық технологияларды толық қолданбасақ та стратегияларымен танысып, сабақта үнемі 
қолданып жүрміз. Жалпы озық технологиялармен жұмыс жасау үстіндеміз. Енді осы стартегиялардың бірнешеуі туралы 
айтып өтсек. 
«Кубизм» стратегиясы - тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия 
бойынша ойлау мен жазуға көмектесу үшін кубикті және оның жан- жағындағы сөздерді қолдану керек. Мысалы, үй 
тапсырмасын тексеру немесе өткен тақырыпты, тарауды қортындылау мақсатында пайдалануға болады. - Қазақ тілінде 


12 
неше сөз табы бар? - Етістік туралы не білесің? - Зат есім туралы айт. - Сын есім туралы айт. - Үстеу туралы айт. - Сан 
есім туралы айт. Семантикалық картада зат есім, сын есім, сан есім, етістікті жазып қоямыз.
«Бірге ойлаймыз» әдісі. Жұптық жұмыс. Саралау тәсілі: Дереккөз бойынша саралау. Сөздерді кестедегі сұрақтарға 
байланысты топтастыру.
Қажетті сөздер: Ата, салт-дәстүр, қырық, үйренді, жеті, қызық, салды, үлкен, жасайды, қонақ.
Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?
«Бес жолды өлең» стратегиясы 1.Зат есім (1 сөз) 2. Сын есім (2 сөз) 3. Етістік ( 3 сөз ) 4. Қорытынды ой (4 сөз ) 5. 
Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)
Мысалы, 1-топ. Зат есім: Қазақстан. Сын есім: тәуелсіз, егеменді. Етістік: гүлденді, өркендеу. Сезім білдіретін сөз: 
Жайнай бер Қазақстан!
Венн диаграммасы Екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру. Сын есім мен сан есімнің 
ерекшелігі мен ұқсастықтары жайында тізуге болады.
Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, 
шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі. Оқушылардың 
шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда «шығармашылық сабақтарды» өткізудің маңызы зор. Оқушылар 
өз бетімен ізденеді. Оқушыларымыз қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық, нақты және 
сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді. 
Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет