146
Ретке келтіру
Зерттеуге дайындық
Зерттеу
Сұрыптау
Алға ілгерілеу
Байланыс орнату
Шара қабылдау
Ретке келтіру кезеңінде оқушыларға тақырыппен жұмыс істеуге мүмкіндік бере отырып оларды қызықтыратын
мәселелерді анықтау. Зерттеуге дайындық кезеңінде осы тақырып бойынша бұрыннан белгілі нәрселерді анықтау және
жұмыс істеу бағыты мен нысанын белгілеу жаттығулары орындалады. Зерттеу кезеңінде «Біздің нақты нені білгіміз
келеді?», «Бұны істеудің ең үздік жолы қандай?» және «Ақпаратты қалай жинаймыз?» деген сұрақтар түрлері
қолданылады. Сұрыптау кезеңінде оқушылардың жинақталған ақпаратты өндеуіне және әртүрлі тәсілдермен
таныстыруына мүмкіндік беріледі. Алға ілгерілеу кезеңінде тақырып аясын кеңейтіп, оқушылардың тақырыпты
түсінгенін тексеру мақсатында «Біз қандай қорытындыларға келдік?», «Оларды қандай дәлелдермен негіздей аламыз?»
деген сұрақтарға жауап алынады. Байланыс орнату кезеңінде оқу үдерісінің барысы туралы және не үйренгені туралы
рефлексия жасауына мүмкіндік беріледі. Ең соңғы кезең шара қабылдау кезеңінде оқушыларға өздерінің түсінігі мен
өмірлік тәжірибесінің арасында байланыс орнатуға көмектесу жұмысын жүргізіледі. Бұл зерттеу моделі арқылы
оқушылар терең білім алып, пәнді түсіну үшін қажетті жоғары деңгейлі дағдыларды қалыптастырып дамытуға ықпалын
тигізеді.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын
ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты
міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес
армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесу
ең басты қажеттіліктің бірі десек артық болмас.
Достарыңызбен бөлісу: