Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет112/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
 
 
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС- ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫНЫҢ НЕГІЗІ 
 
Қарақұлова Элеонора Тиыштықбайқызы
№16 Ю.А.Гагарин атындағы орта мектеп 
Қазақ тілі және әдебиеті пәннің мұғалімі 
 
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Жаңартылған оқу 
бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен 
үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі 
заман талабы – жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқыту әдістеріне өзгерістер 
енгізіліп жатыр. Алдымен, тілді үйреніп, сол тілде ойлап, сол тілде сөйлейтін азамат даярлау- басты мақсат. Тілді оқыту 
оңай іс емес екені айқын. Оқушы сүйсіне отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді, қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді 
қолдану қажет. 
Оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: 
- көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу; 
- мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау; 
- мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу; 
- «ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, мәтінге ауызша және жазбаша шолу 
жасау; 
Мәтін – тілді оқытудағы негізгі құрал. Ол оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Мәтінмен жұмыс тіл 
үйренушінің сөздік қорын байыту мен қазақша сөйлеуге үйрету немесе қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру 
мақсаттарын көздейтіндіктен тілді оқытуда мәтінмен жұмыс жүргізуде ұтарымыз мол болмақ. 
Оқылым стратегиялары 
«Жылдам кездесу», «Ойланыңыз,жұптасыңыз, бөлісіңіз», «Піспеген модель», «Белсенді түрде модельдеу», «Стоп 
кадр», «Кітап оқу кезіндегі саяхат», «Ақпараттағы олқылықтар», «Сен білесің бе?», «Графикалық органайзерлер», 
«Жалғыз құты», «Қос құты», «Венн», «Уақыт диаграммасы» (уақыт сызығы),«Оқиға картасы»(Тарих картасы), «Торлы 
диаграмма» (Радиальді диаграмма), «Себеп салдарлы диаграмма» (Балық сүйегі немесе Фишбоун), « Тоғыз гауһар», 
«Таңда да, таста». 
1-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. 
«Қоңыраулы көл» 
Зайсан көлін ертеде– «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап 
естілуіне байланысты айтылған болар. 
Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, 
жағалай біткен көк құрақ. 


147 
Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп 
қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. 
Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді. 
1. Екінші абзацта не туралы айтылған? 
A)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы 
B)Көлдегі балықтар туралы 
C)Көлдің көлемі туралы 
D)Көл атауы туралы 
E)Қамысты құрақтағы құстар туралы 
2. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде? 
A)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты. 
B)Көлдің әдемілігіне байланысты 
C)Көк толқындардың жылдамдығына байланысты 
D)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты 
E)Көл толқындарының бұйралығына байланысты 
3. Көлде қандай құстар мекен етеді? 
А) қарға, торғай, шағала В) бүркіт, қыран, сұңқар С) қаз, аққу, үйрек 
D) бұлбұл, үкі, жапалақ Е) шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер 
4. Мәтіндегі басты тірек сөзді табыңыз. 
А) көл, құрақ, балық, құстар B) көл, жаз, жануарлар С) көл, қайық, балық, D) теңіз, сазан, алабұға Е)
үлкен көл, шортан 
5. Мәтінге лайық тақырып таңдаңыз. 
А) Көлдегі балықтар B) Көлдегі құстар С) Көл мен қайық D) Қамысты көл Е) Қоңыраулы көл 
2- тапсырма. Мәтіндегі басты ойды түсініп, негізгі ойды түртіп алып, бөлімдерге бөлу. 
а)Негізгі ойды «Уақыт диаграммасы» әдісі бойынша түртіп аламыз. 
3- тапсырма. Мәтінді оқып болғанан кейін өз ойларын жеткізуде «ПОПС» формуласын пайдалануға болады. 
«ПОПС» формуласы 
Бірінші сөйлем. «Менің ойымша ....................................» 
Екінші сөйлем. «Себебі мен оны былай түсіндіремін ............................» 
Үшінші сөйлем. « Мен оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ................................» 
Төртінші сөйлем. «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ..................» 
4- тапсырма. Мәтінді «Хикая картасы» әдісі бойынша бөлімдерге бөлу. 
Осындай жүмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың ой- өрісін дамытуға, терең 
білім алуларына мүмкіндік туады. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, оқушылардың білім сапасын жоғары көтере 
алады. Білім сапасын көтеру дегеніміз - оқушыны жоғары денгейге көтеру. Осы мақсатты алға қоя отырып, тіл үйретуде 
мәтінмен жұмыс түрлерін тиімді пайдаланып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет