50
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан
қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және
Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр.
Білім беру бағытында заман талабындағы өзекті мәселелердің бастысы оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге
жетелеу, олардың біліктері мен іскерлігін қалыптастыру, өздігінше білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз
тәжірибесінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндік аумағын кеңейту болып
табылады. Бұл процестерді жүзеге асыруда тарих пәнінің міндеті мен қызметі, әрине, ерекше.
«Бір сарынды және бір бағытта жүргізілген іс – әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан да оқыту
барысында әр түрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек деп Ушинский айтқандай
мұғалім әр сабағын бір сарынды емес, ізденіп жаңа жүйемен, заманауи талаптарға сай өткізіп отырса оқушылардың сол
пәнге қызығушылығын арттыруға болады деп ойлаймын.
Әрбір ұстаз балаға тиянақты, терең білім беруге, заман талабына сай ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды меңгерту, оның жетістіктерін сабақ үрдісінде тиімді пайдалануға міндеттіміз. Мен өскелең мықты
ұрпақтарды тәрбиелейтін, оларды білім нәрімен сусындататын ұстазбын. Менің алдымда отыратын әр оқушы үшін
жауаптымын. Сол сабақтан менің оқушыларымның бір пайдалы нәрсені көкейлеріне түйіп кетуі үшін барымды салуға
міндеттімін. Әр сабақты балалар үшін қызықты, танымды етіп өткізу – менің басты мақсатым. Мен мұғалім ретінде
алдыма қойған мақсатым – оқушыларымның тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру, сондай – ақ, олардың
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Сондықтан сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен
байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын, әр сабақта оқушыларды терең ойлануға, өздігінен
ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық
әдет – ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір ұстаздың міндеті. Әр сыныптың білім деңгейі бір – біріне
ұқсамағандықтан, бірдей әдістерді қолдану дұрыс нәтиже бермейді. Әр мұғалім негізгі әдіс – тәсілдерді, өз пәнін жетік
білуі қажет. Дарындылық дегеніміз адамзат баласының ерекше ойлау, талдау, есте сақтау қабілеті бар, шығармашылық
пен табысты жұмыс ітейтін еңбекқор оқушыларда кездесетін қасиет. Оқушылардың іздену жұмысының
түрлері..Оқушыларға іздену арқылы тест, красворд білдірту. Тақырып бойынша модель құруға үйрету. Тірек
конспектімен жұмыс. Өз бетімен оқулықтан тыс әдебиеттерді оқи және пайдалана білуі. Тарихқа арналған сайттардан
тың деректер табуға дағдыландыру. Ұлы ойшыл Уильям Уорд «Жай мұғалім – хабарлайды . Жақсы мұғалім -түсіндіреді.
Керемет мұғалім –көрсетеді. Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен. Сондықтан ХХІ ғасыр мұғалімі жан-жақты
болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу - қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе.
«
Достарыңызбен бөлісу: