75
•
оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
•
оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
•
кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
•
оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
•
өмірлік машықтарды қалыптастырады;
•
мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Интерактивті оқыту – бұл таным іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы нысаны. Ол толық нақтылықты және
болжамды мақсаттарды айтып отыр. Осындай мақсаттың бірі оқушылар өзінің сәттіліктерін, интеллектуалдық
жағдайларын, оқу процесінің өзінде қандай өнімді іс істеу керектігін сезінетін, оқудың қолайлы жағдайын жасаудан
тұрады. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік
ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Теориялық білімді игерту
мен жаңғырту және жаңа жағдайға ісжүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен
біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындайжолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы
да зор болады.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының
дамуында басты рөл атқарады.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі
Достарыңызбен бөлісу: