БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН САБАҚ БАРЫСЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ Келдибаева Асемгул Тынышкалиевна Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кенті Х. Санбаев атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Біздің міндетіміз – оқушыларға білім беруде жаңа технологиялар мен жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдану, білім
сапасын көтеру, жан-жақты дамыту. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
Бүгінде бастауыш мектептерде жиі қолданылып жүрген технологиялардың бірі «Сын тұрғысынан оқу мен жазуды
дамыту» технологиясы. «Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл
сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал
ететіндігін атап өтсем, оқушылыр-оқудың қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі
әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Сыни ойлауды дамытатын оқу шарттары:
Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау.
Оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру.
Сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету.
Кез-келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімдік білдіру.
Сыни ойлауды бағалау.
Тиімді сыни ойлауға қатысу үшін оқушылар өздеріне деген сенімдерін және өз пікірлері мен идеяларының
құндылықтарын түсінуін арттыруға, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға, пікірді
қолдауға және құрастыруға дайын болулары керек.
Мен сабақтарымда , көбінесе қазақ тілі пәнінде стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде
қолданып келдім. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:
Қызығушылықты ояту (“Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау”, «Еркін
жазу стратегиясы»).
2.Миға шабуыл әдісі
3.Рефлексия
«Миға шабуыл» процесі. Биік нәтижеге жетудің кілті мен алтын ережесі қатысушылардың белсенділігінен
туындайтын достық қатынастың қалыптасуы. «Миға шабуыл» әдісінің кезеңдері:
- мақсатты анықтау (сізді не қызықтырады:көпшілік алдындағы сөздің идеялары ма, әлде белгілі бір мәселені шешу
қамтыла ма, әлде тақырып па?…);
- қатысушыларды өз идеяларын айтуға үндеу (көпшілікпен жұмыс жағдайында әр қатысушы кезекпен бір идеядан
ұсынуы керек, ал топтық жұмыста әр топтан бірнеше идея қатар ұсынылады);
- әрбір идеяны тақтаға жазып отыру;
- басқалардың идеяларын жетілдіру мақсатында қолдану;
- идеялардың бірін-бірі қайталамайтындай анық әрі дұрыс құрастырылуын, қайталанбауын қадағалау;
- идеяларды жіктеп, жинақтап топтастыру.
Сабақ кезінде окушылардан рефлексия уакытында пайдаланылады.
Әр кезеңдерді тақтаға жекелеп жазып қоюға болады . Сабақтың соңында оқушыларға өздерінің жұмыстарының
жетістіктерін әр кезең бойынша баспалдақ жетістігінде көрсетуге болады .
Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ, оқушы үшін
-
Рефлексия – оқушыны өз – өзіне есеп беруге баулиды;
-
Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;
-
Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады;
-
Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады;
-
Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады;
-
Өз – өзіне баға бере алады;
-
Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды;
Мұғалім үшін:
28
-
Ақпаратпен күнделікті жұмыс;
-
Шығармашылыққа деген ынта-жігері;
- Әрбір оқушының пікіріне құлақ түру;
- Пәндік білім сапасының артуы;
- Өзіндік сынның қалыптасуы.