Әке мен бала
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңдар, суретпен байланысын анықтап, ой тұжырымын жасаңыздар.
Бір адам 10 жасар баласын ертіп, егіннен жаяу қайтып келе жатады. Жолда
жатқан бір ескі тағаның сынығын көріп, әкесі баласына:
- Балам, ана тағаны ала жүр, - дейді.
Сонда баласы әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып не қыламыз? – депті.
Әкесі еш нәрсе айтпай, тағаны алыпты да, жүре беріпті. Қаланың шетінде
темірші ұстаға тағаны үш тиынға сатыпты. Ол ақшасына шие сатып алып,
орамалына түйіп, өзі шетінен бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай жүре
беріпті. Біраз жүргеннен кейін әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді.
Әкесінің соңында шиеге қызығып келе жатқан бала шиені дереу жерден алып,
аузына салады. Шамалы жүргеннен кейін әкесі тағы да бір шиені тастайды, бала тағы алып жейді. Тағы тастайды, тағы
алып жейді. Сонда әкесі баласын тоқтатып тұрып:
- Көрдің бе, балам? Бағана бұл тағаны жамансынып, жерден бір ғана еңкейіп алуға ерініп едің, енді сол ескі тағаның
ақшасына алған шиенің жерге түскенін теремін деп бір еңкеюдің орнына үш еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: «Аз
жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», - депті.
2-тапсырма
Баланың істеген ісі дұрыс па? Неге дұрыс (дұрыс емес) деп ойлайсыздар? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен
жеткізіңіз.
___________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма
«Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың» деген
мақалдың мағынасын ашыңыз. Өзіңізге қандай үлгі-өнеге алар едіңіз?
___________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
Қорыта келе айтарым, мәтінмен жұмыс арқылы шәкірттерім тілдік дағдыларды меңгере отырып еркін қарым-
қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланды. Сабақ
барысында кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алды.
Бүгінгі таңда «Мәтін және сөйлем» вариативтік компонент курсының 5, 6, 7-сыныптарға арналған бағдарламасы
республика көлемінде қолданыс үстінде.
|