Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ



Pdf көрінісі
бет71/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ 
ІС-ІРЕКЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
Оразова Динара Отегеновна 
Павлодар қаласы 
№41 денешынықтыру - сауықтыру бағытындағы
жалпы орта білім беру бейіндік мектебі 
Бастауыш сынып мұғалімі 
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы 
дамыған, жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. 
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол 
арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу. 
Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және 
белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке 
оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады. Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс 
қатынастарымен сәулелендіретін, миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін процесс. 
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас 
балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың 
жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласы, құштарлығы болуы керек»[1]. Оқу 
материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау 
қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу 
үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы 
жетуге болады. Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым - логика деп, ал ой қорытындыларының 
обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – 
қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, 
себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау 
жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде 
көрсетіледі. Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты 
анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-
пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. 
«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті 
К.Д.Ушинский. 


86 
Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының 
барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы 
қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру. 
Кейбір зерттеулерде оқушының танымдық белсенділігі – бұл интеллектуалды және кәсіптік дайындыққа 
бағытталған үздіксіз оқу үрдісі, оқу тиімділігі мен оқытудың ғылымилығы деңгейін оптималдандыру ретінде 
түсіндіреді. 
Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау 
кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге 
мүмкіндік береді.Әйтседе бұл баланы қайткенде де, неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. 
Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде 
игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына 
жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды. 
Бастауыш сыныптағы оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән – ана тілі. Ана тілін үйрету – сөздерді түсініп, 
меңгеріп оқу, жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйрену мен қатар, бала сансыз көп 
ұғымдарды, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін де меңгереді. Ана тілін оқып-үйрену арқылы олар 
Қазақстанның мәртебесін көтере туған халқының өткені мен бүгіні, болашағы жайында мол мағлұматтар ала отырып, 
танымдық, тәрбиелік, білім-дағдыны үйренері хақ. Өтілетін әр сабақ белгілі бір мақсатқа құралған, оқушы танымы мен 
дүниетанымын қалыптастыра отырып, шығармашылыққа баулуы тиіс. Ол үшін мұғалім күнделікті сабаққа жете 
ізденіп,жаңа технологияны шебер пайдаланса,сабақ өз мақсатына жеткен шығармашылыққа бағдарланған, оқушы 
дүниетанмын байытатын бірден-бір сабақ болар еді.Қай сабақ болмасын «мынау оның білімдік жағы,мынау тәрбиелік 
жағы»деп бөліп жаруға болмайды.Себебі білім мен тәрбие-әркез егіз үрдіс. Шебер мұғалім осы екі қасиетті оқушы 
бойына дарыта оқыта отырып ,оқыту әдісін,жаттықтыру жұмысын,қолданылатын көрнекілік түрлерін оқушының жас 
ерекшелігін ескере отырып,қабілеті мен ынтасына қарай таңдай білсе,өзі көздеген мақсатына жетеді. 
Оқушылардың шығармашыл қабілеттерін әр түрлі әдіс тәсілдерін қолдана отырып арттыруға болады. Олар мынадай: 
1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау; 
2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру; 
3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, 
құрастырмалы ойындар, т.б) 
4. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу; 
5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту; 
6. Мәтін кейіпкерлеріне мінездеме беру; 
7. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру; 
8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау. 
Осындай әдіс–тәсілдерді үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін 
ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу – 
оқушыны шығармашылық бағытта дамуына жете мән беруі болып табылады. 
Бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастағы сезім байланысын орнатып, үйлесімділікке қол жеткізуге Ш. 
Амонашвалидің мұғалімдерге берген кеңесін берген кеңесін де басшылыққа алуға болады. Ол:«Педагогикалық 
процесте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңіліндегісін айтуға мұрсат беру тәрбиешіден көп 
шеберлікті талап етеді. Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысымен үйлесім 
тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін 
көруге мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұштасып кетеді. 
Мұндай жағдайда рухани тұтастық папайда болады» - дейді. 
Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, тұғыры биік азамат болып қалыптасады. Ана тілімен қатар 
қазақ тілі сабағы да сөзбен жүргізілетін жұмыс сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға 
көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлауға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, 
шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. 
«Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға, бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда» деп Абай атамыздың сөзімен айтар болсақ, 
шығармашылық қабілеті дамыған баланың көкірегі сезімді, көңілі ояу боларына дау жоқ. 
Бұл жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.Оқушыны шығармашылыққа 
баулу,өз еңбегінің нәтижесін көруге,оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс.Оқушының шығармашылық мүмкіндігі 
оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады.Егер шығарматьшылық оқушының жас кезінде бағалы 
бағдар болып қалыптаспаса онда болашақта да оның қалыптасуы екіталай. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, 
тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің 
барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. 
Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабынан туындайтын қажеттілік. 
Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіндігіне 
байланысты. Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа 
үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, 
мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, 
танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы.


87 
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы қалыптастыруға бағытталған шақтар түрлері төртке бөлінеді: «танымдық, 
коммуникативтік, шығармашылық әдіснамалық». 
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы арттыруда шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы 
зор. 
Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу жұмыстары оқушының шындық белсенділігін арттырып, оқу мен ойлау 
әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін, яғни материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды 
өткен материалмен салыстыру оларды белгілі жүйеге топтастырады және қортындылау жасау сияқты амалдарды 
дайындауға үйренеді. 
Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда оқушының шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп, 
олардың қабілетері, ескерілуі тиіс. Оқушылардың шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды өткізу жоспары мен 
кезеңдерін қарастырамыз. Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау үшін тақырыбы, мақсаты, әрекет 
түрі және нәтижелері бір-біріне жуық байланысты сабақтарды топтастырып, таңдап алуға болады. Жалпы бағдарламада 
көрсетілген пәндік сабақтардың әр тарауында жететін жетістіктері негізінде оқушылар білім алуда нәтижеге жетеді. 
Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім алдына мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, 
олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ 
мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді. 
Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. 
Мұғалім өзіне, оқушыларға мықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды 
қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет. 
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу 
үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады: 
1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну; 
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру; 
3.Ертегіні ұжым болып тыңдау
4.Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру; 
5.Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлмен ойнату; 
6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру. 
Шығармашылық жұмыстарды мынадай тәртіппен орындауға болады: мақсаты жұмыс барысы, алынған нәтижелері 
бойынша өзіндік ұстауы, сондай-ақ оқушылардың пікірлері енгізіледі, таңдаулы жұмыстардың авторларына қорғау 
қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргіземін, жұмыс мектеп көрмесіне қойылады немесе шығармашылық 
жұмыс жинақта жарияланады т.б. 
Шығармашылық жұмысты мына жоспар бойынша көркемдеуге болады: 
1. Тақырып, оқушының және жетекшінің аты – жөні, сыныбы, мектебі, жылы. 
2. Тақырыптың өзектілігі. 
3. Негізгі идеясы, мақсаты. 
4. Жұмыс мазмұны, жоспары. 
5. Жұмыс орындауда туындалған проблемалар, қиындықтар және оның шешілуі. 
6. Жұмыс қорытындысы және оның практикалық мәні. 
7. Жұмысқа өзіндік талдау, өзіндік баға беруі. 
Шығармашылық ай қорытындысы бойынша ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып 
бойынша ғылыми жұмыстар беріледі. 
Осындай шығармашылық жұмыс барысында оқушының бұрыннан білетініне жаңа мәліметтер қосылып, тәжірибесін 
практикада қолдану білігі қалыптасады. 
Сонымен, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық шығармашылық қабілетін дамыта 
оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын, дамыта түседі. Мұғалім өз сабағын 
шығармашылықпен өткізе алса, өзінің білімін сарқып жұмсаса, үнемі ізденіс үстінде болса –білім сапасы қазіргі талапқа 
сай болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет