Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет73/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Жансейтова Куралай Алипбаевна
«Кербұлақ ауданы Аралтөбе орта мектебі» МДШО КММ
бастауыш сынып мұғалімі
 
Бүгінгі күн
талабы жалпы білім беру жүйесіне, оны оқыту әдістеріне үлкен міндеттер жүктеп отыр .«Ұстазға ұлы 
жүрек керек »демекші , мұғалім мамандығын таңдап алған әрбір ұстаз «нағыз ұстаз» атануы үшін парасат-пайымы биік, 
жүрегі ұлы, жаны таза болуы шарт. Өйткені , сен адам ғұмырының ізін жалғар жеміс-ұрпақ бағбанысың. Міне, 
сондықтан да оқытудың соңғы жаңа технологиясын меңгере отырып, адам санасына сәуле түсірем, ұлтына, халқына 
деген сүйіспеншілігін оятам деген , ұрпақ тәрбиесімен айналысуды алдына мақсат етіп қойған әрбір мұғалім қоғам 
алдындағы өз міндетін дұрыс сезінуі тиіс. 
Ұрпақ тәрбиесі – әрқашанда өміршең тақырып. Өйткені ол- адамға, оның болашағына арналған . Болашақ ұрпақты 
тәрбиелеу- бүкіл қоғамдық міндет. Сан ғасырлар бойы болашақ ұрпақты имандылық , адалдық , шыншылдық , 
қарапайымдылық , кішіпейілділік , жалпы адамгершілік сияқты асыл қасиеттерге тәрбиелеудің қалыптасқан халықтық 
мектебі бар. 
Бүгінгі ұстаздың міндеті- ұзақ жылдар бойы халқымыздың асыл мұраларын терең зерттеп, білім беру мен тәрбие 
саласында кеңінен пайдалану . 
Халық педагогикасы-халықтың өткен тарихы , келешек ұрпақ тәлім-тәрбие аларлықтай таусылмайтын қазына бұлақ. 
Сондықтан да халқымыздың түрлі дәстүр- салттарын оқытудың әдістері ретінде тиімді пайдалана отырып, сабақта 
сыныптағы оқушылардың ерекшелігіне сай және білім деңгейіне қарай сабақтың түрін тауып , сол тақырыпты меңгерту-
бүгінгі күннің талабы. 
Кез келген тақырыпты еліміздің тарихымен ұштастыра оқыту, ұлттық салт-дәстүр элементтерін сабақтарда 
пайдалану сабақтың сапасын арттыруға, оны тартымды өткізуге мүмкіндік береді. 


90 
Оқушылардың пәнге қызығушылығын оятатын , олардың ой-өрісінің, шығармашылық қабілетінің дамуына дәнекер 
болатын, өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалптастыратын сыныптан тыс, үйірме, факультатив, қосымша сабақтар . 
Сонымен қатар, ол оқушы білімінің ең жоғарғы сапаға көтерілуіне мүмкіндік туғызатыны да мәлім .Оқушылардың 
танымдық белсенділігін арттырып,олардың физикалық қабілеттерін дамытуда мұғалімдерге қойылатын талаптар 
ерекше .Оқушылардың танымдық қызығушылығын ,пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру үшін мұғалім төмендегідей 
міндеттерді жүзеге асыруы тиіс : 
- Оқушы белсенділігін арттыру, қойылған проблемалық сұрақты жеке шығармашылықпен шешу; 
- оқу еңбегін түрлендіріп ұйымдастыру,қызықты түрде өткізу; 
- шамадан тыс оңай, шамадан тыс күрделі материал қызығушылық туғызбайды, тақырып қиын болғанмен оқушы 
оны қызығып меңгере алатындай оқыту әдісін таба білуі; 
- Оқу материалының түсініктілігі, мұғалімнің сабақты түсіндірудегі сөйлеу мәнері оқушылардың пәнге 
қызығушылығын арттырады; 
Оқушы бойында пәнге деген қызығушылықтың қалыптасуы үшін мұғалімнің өзі пәнді жетік білуі тиіс,өзінің пәнге 
деген сүйіспеншілігін тәрбие құралы ретінде пайдалана отырып,қоршаған ортаны, жаратылысты танудағы физиканың 
шексіз көп мүмкіндігін, ролін ашып көрсетуі керек. Оқушылардың қызығушылығын белсендіру проблемасы көне 
замандардан бастау алған. Мысала Сократ оқушылардың танымдық қызығушылығын арнайы басқарып отыру 
қажеттігін айтса,кейінгі Рим философтары бұл идеяларды ілгері дамытты. Кейіннен Я.А.Коменскийдің, 
И.Г.Пестолоццидің, А.Дистервегтің және т.б. еңбектерінде одан әрі дамытылды, И.Ф.Талызинаның ,Т.И.Шамованың 
зерттеулерінде бұл тақырыпқа ерекше назар аударылды.Ғылымныңтарихымен таныстыра білу пәннің беделін 
көтереді,оқушыда қандай да бір жаңалықты мен де ашсам деген талап пайда болады.Оқушыға берілетін информация 
әрі жаңа әрі ескі бұрыннан белгілі мағлұматтар болғанда ғана олардың қызығушылығын туғызады.Себебі оқушы ескі 
мен жаңаны салыстыра отырып ,нәтижеге жетуге тырысады. Мұғалімнің міндеті-оқушыны бұрыннан белгілі 
құбылыстың өзіне қызыға қарайтындай етіп үйретуі тиіс. Сабақты түсіндіруде қандай да бір зерттеуді жүргізіп
жатқандай , қандай да бір жаңалық ашып отырғандай әсер қалдыратындай етіп жүзеге асыру қажет.
Пәнаралық байланысты пайдалана отырып, бұрыннан таныс ұғымға оқушыларды қалай қызықтыруға болады? 
Мысалы: бәйгеге шапқан шабандоз баланың жылдамдығы атпен салыстырғанда 0 км/сағ,айналасындағы заттармен 
салыстырғанда 40 км/сағ, жердің күнмен салыстырғандағы жылдамдығына байланысты 30 км/сағ тең болады деп 
түсіндірсек, ол оқушының қызығушылығын туғызады.
Сабақты қорыту оқушы үшін жаңалық болуы тиіс. Жүргізген зерттеу немесе ашқан жаңалықтарын қорытындылай 
отырып, әр балаға өз ойын жеткізе білуге, ортаға салып талдай білуге үйрету керек . 
Сонымен, қорыта айтқанда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мен қалыптастыру туралы ұғым – 
оқыту процесінің тиімділігін көтеру мен жетілдірудегі негізгі мәселе. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет