84
түрінде өткізіледі. Балалардың логикалық ақыл-ойын, эмоциялық еркін, зейінін, ынтасын
дидактикалық ойындар
арқылы арттыру барысында ойындарды түрлендіріп, күрделендіріп отыруға болады. Ойынның әр түріне уақыт саналы
түрде бөлінуі қажет. Бұл – сабақтың тартымды, қызықты болуының шарты, әрі балалар ондай сабақты зейін қоя тез
ұғып алады. Ойындар грамматикалық, фонетикалық, лексикалық, орфографиялық болады. Олардың барлығы тілдік
дағдының қалыптасуына әсер етеді.
«Сөз жарысы» ойынын кез келген тақырыпты өткен кезде, нәтиже сабақта ойнатуға болады. Мысалы, «Азық түлік»
тақырыбын өткен кезде үш оқушы тақтаға шығып сөздер жазады. Бір оқушы сүт тағамдарын жазады, екінші оқушы
азық түліктерді жазады, үшінші оқушы ет тағамдарын жазады, кім бірінші болып жазып бітірсе, сол оқушы жеңімпаз
болады. Бұл ойын оқушыларға өте ұнайды, оқушылар белсене қатысады.
«Үй жануарлары» тақырыбын өткен кезде жаңа сабақты бекіту кезеңінде «Кім тез?» ойынын жүргіземін.
«Кім тез?» жарыс ойыны. Сыныпты топқа бөліп, жарыстыру. Үй жануарлардың атауларын атап шығу. Әр топтан
тез, дұрыс айтқан оқушылардың ұпайын санап, жеңімпаз топты анықтау.
«Буынның түрлерін» өткен кезде жаңа сабақты бекіту үшін «Телеграф» ойынын жүргіземін.
Ойын мақсаты – сөздік қорын молайту, буынға бөлуге үйрету.
Ойынның шарты: Балалар, біз телеграф ойынын ойнаймыз. Менің айтқан сөзімді сендер телеграф арқылы басқа
қалаға жеткізесіңдер, ал мен буын санына қарай қол шапалақтаймын.
«Азық-түлік» тақырыбын өткен кезде жаңа сабақты бекіту кезеңінде «Азық-түлік дүкенінде» ойынын жүргіземін.
Бұл ойын топтық тапсырманы шешуге, жаңа тақырыпты игеруге, материалды бекітуге, шығармашылық бейімділікті
дамытуда жалпы оқулық материалын оқушыға әртүрлі жолмен түсіндіріп, оқуына жағдай туғызады.
«Шешуін тап» ойындарында қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгеріп алғаннан кейін, оларды әбден бекіту мақсатында
жұмбақтар, жаңылтпаштар, олардың сипаттамасын жатқа айтқызамын. Ойынын түрлері өте көп. Ойынның тағы бір түрі
– Тілдік ойын. Тілдік ойындарға ситуациялық, рөлдік, іскерлік ойындар жатады. Бұл ойындарды «Азық түлік»,
«Отбасы», «Киім», «Тамақ», «Дүкенде» тақырыптарын өткен кезде ойнатуға болады. Бұл ойындар оқушылардың
сөйлеу
дағдыларын дамытады, оқушылардың қызығушылықтары арттады. Мысалы, «Дүкенде» тақырыбын алатын
болсақ, бала мен бала, сатушы мен сатып алушы арасындағы әңгімелесу болады. Ойын әдісінің тиімділігі тілді үйренуде
сөйлеу тыңдау және көру іс-әрекетінің маңызды екендігін байқатады. Тіл үйренуді ойын түрінде жүргізу оқу
мотивациясын арттырады; оқушының кейіпкер сөзін, іс- әрекетін қабілетіне қарай қайталап (рөлдерде ойнап) қарым-
қатынасқа түсу әсері жоғары болады. Оқушының түсіну және түсіндіру қабілеті дамиды. Рөлдік ойын лексикалық
материалды бекіту мен жандандыру үшін пайдалы. Ең бірінші сөйлеу іс-әрекетінің тыңдау – сөйлеу түрлері негізге
алынады. Оқушының танымдық белсенділігі, ойын жүйелі
жеткізу дағдысы, яғни білімге деген жан-жақты терең
қызығушылығын, дербес белсенділігін туғызады. Айта кету керек, ойын әдісінің өте тартымды әрі тиімділігіне
қарамастан, сезімді шектей білу керек, әйтпесе ойын оқушыларды жалықтырып жіберуі
және эмоционалды әсерді
жоғалтуы мүмкін. Сонымен қатар, сергіту ойындарын пайдаланамын. Сабақта балалар шаршады-ау деген мезетте
сергіту, бой жазу жаттығуларын жүргіземін. Жалпы мектепте балалар сабақта аса зор ынтамен ойнайды, олар ешқашан
шаршамайды, тіпті уақыттың қалай өткенін де байқамай қалады.
Қорыта келе, ойын оқушының жеке ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді, мысалы, өзара көмек, бірін-бірі
қолдау, жолдастық сезім, сондай-ақ бірқатар психикалық үдерістердің есте сақтау, ойлау, көңіл бөлу, сөйлеу, пайымдау
т.б. дамуына әсер етеді. Ойын төменгі сынып оқушыларының топта жұмыс істеу арқылы ұжымдасуына көп көмегін
тигізеді. Егер ойын
сабақтың басында өткізілсе, балалар қалған уақытта тамаша жұмыс істейді, нашар оқушылар
жеткілікті дәрежеде белсенділік танытады, сабақтың ортасында да, соңында да сабаққа қызығушылығы артып, назар
аударуы жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: