98
қуанышты жағдайын көрсетеді. Айтқым келіп отырғаны негізгі мақсат танымдық іс - әрекет қана емес, жеке қасиеттерін
қалыптастырып ауызша жауап беру арқылы тілін дамыту.
Ойын терапияны алғаш қолданған ағылшын психологы Анна Фрейд екінші дүние жүзілік соғыста Лондондағы
бомбылауда зардап шеккен балалармен жұмысында көрсетті. Егер бала ойын кезінде өзінің уайымын көрсете, сөзбен
жеткізе білсе..ол..қорқыныштан,.уайымнан.арылады.
Ойын - балалар үшін тек сөз емес, ол - тіл, сондықтан балаға дер кезінде көңіл бөле білу керек.
Ойнап отырған
жалғыз бала және ойнап жүрген балалар тобы педагогикалық тұрғыдан қарағанда екі түрлі жайт. Ойын балалар үшін
айналадағыны танып білу тәсілі. Ойынның негізгі ерекшелігі. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз
болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым –қатынасы үлкен рөл атқарады.
Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін
дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың
алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру,
ерікті зейін қою, ережені ой
елегінен өткізе білу т.б. Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға,
білімді меңгеруге көмектеседі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен..ойын..құралдары.
Үстел үсті ойындары - лото, домино, тапқырлық ойындар, пазылдар, леголар қимыл белсенділіктерін, ептілікті талап
ететін ойындар, мозайка типтес ойындар жатады.
Қимыл ойындар балалардың қозғалысын жүгіру, секіру өрмелеу т.б қимылдарға
жаттығуына және жетілдіруге
мүмкіндік береді. Қимыл ойындары барлық жүйке - психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының
қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелерді ұйымдастырушы рөл атқарады, олар ойынның барысын,
жүйелілігін, ойнаушылырдың қарым-қатынасын, баланың мінез – құлқын анықтайды. Сол сияқты ойындар да топта жас
ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанның
өзінде де ойын үстінде болады.
«Ойын - негізгі тәжірибе мен терең ойлаудың көпірі» - деп педагог С.Пинжи айтқандай, ойын - ақпарат алмастыру
құралы, өмірлік проблемаларды жеңе білуді үйрену. Баланың өмірдегі түсінігі, еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде
көрініс табады.
Қорыта...келгенде,.оқушылардың...білімділік..шеберлік- терінің жан - жақты дамуына, қалыптасуына, сөз
іскерліктерін меңгеруіне ойын көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар
белсенділікке,
өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Ал сабақ тақырыбына қарай ойынды
таңдау, оны қызықты етіп тиімді пайдалану – бұл білім берушінің шеберлігі деп ойлаймын.
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі не одан да көп бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын
арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық
ойындардың негізгі ерекшеліктері. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1.
Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен
ұйымдастырылады.
2.
Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино», т.б.
3.
Сөздік дидактикалық ойындар.
«Сиқырлы қоржын» ойыны
Сиқырлы қоржында ай аттары бар қағаздар жатады. Балалар сол қағаздарды алып шығады да, ай аттарын оқиды.
Мысалы: наурыз, сәуір, мамыр – деген ай аттарын алып шықса, тақтада ілініп тұрған төрт жыл мезгілінің қайсысына
сәйкес екенін тауып, сол жыл мезгілінің қасына іліп қоюы керек.
«Кері сана» ойыны.
Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау.
Барысы: Мұғалім көлемдегі санды көрсетеді де, бір баланың атын атап: «Әрі қарай кері сана» - дейді. Ол : «Тоғыз,
сегіз, жеті» деп санай бастайды. Мұғалім балалардың біреуіне қарап, доп лақтырады. «Жеті» - дейді. Допты тосып алған
бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады.
«Тез ойла» ойыны.
Мақсаты: 1.Балалардың заттарды
салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту.
2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету.
3. Ойын арқылы шапшаңдыққа, тез ойлауға баулу. Мұғалім балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер
тұрғанын айтқызу.
«Нешінші?» ойыны.
Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру.
Барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтардың суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады.
Балалар қатардан нешінші затты алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді.
Ойыншықтың атын атау
керек.
Ойын
барысында...«нешінші?».деген..ұғымды..қалыптастыру.
Балалардың
сөздік
қорын
дамыту,
қызығушылығын арттыру.