Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК



Pdf көрінісі
бет77/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 
 
Аубакирова Айнагуль Аманжоловна 
Астана қаласы
№5 гимназия КММ 
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
 
Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтар, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі 
ойын рөлін жоғары бағалаған. Психологтар мен педагогтар ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек 
ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді. Ойын технологиясы - оқу-тәрбие міндеттерін шешуге 
бағытталған әртүрлі ойындар түрлерін қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.
Ойын технологиясының міндеттері:
- ойын арқылы баланың сөздік қорын дамыту
- жаңа сөздерді меңгерту.
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру.
- ептілікке, ұқыптылыққа, төзімділікке үйрету.
- ақыл-ой, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту. 
Ойын технологиясы арқылы оқушылар келесі қасиеттерді меңгереді.
1. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып, қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
2. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
3. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
4. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
5. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
6. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
7. Оқушылар үшін қауіпсіз.
8. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
9. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек. 
10. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
11. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге 
балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей 
білуге үйренеді.
Ойын - мәдениет феномені. Ол – оқытады, тәрбиелейді, дамытады, ойын-сауық, демалыс уақыттарын сыйлайды. 
Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да педагогтар мен психологтардың негізгі мақсаты-ойын 
процесінде баланың жан – жақты дамуы, танымдық қызығушылығын арттыру, тілін дамыту т.б. Ойын әрдайым оқыту 
мен тәрбиелеудің мазмұнына сәйкес таңдалынады. Бұл классификацияға төмендегі ойын түрлерін жатқызамыз:
сөздік ойындар.
дидактикалық ойындар.
үстел-үсті ойындары.
сюжетті –рөлді ойындар.
диалог-ойындар.
қимылды ойындар.т.б
Сабақ өткізгенде ойын тәсілінің мына негізгі принціптерін ескеру тиіс:
• Ұжымды, яғни балалар ұжымын біріңғай топтастыру.
• Жеке және топтық тапсырмаларды қарсыластарынан бұрын шешу арқылы уақытты үнемдеу және достарына үлгі 
болу.
• Әр ойынның мазмұнында жаңа элементтер болуы тиіс.
• Балаларға ойынның пайдасын айтпау керек.
• Ойын - ол сабақ емес, ол жаңа тақырыпқа балаларды қатыстыратын ойын әдісі.
• Тәрбиешінің эмоциясы сол іс-әрекетті қалай сезінуіне байланысты болуы керек.
• Ойын - ол диогностика құралы, бала ойын кезінде барлық жағымды , жағымсыз қасиеттерін көрсете алады.
Ойын кезінде баланы мәжбүрлеуге, ойынды бұзған балаларды бұл жерде жазалауға болмайды. Ойын соңында талдау 
жасап кім өзін қалай ұстағанын айтады. Баланың тілін дамытуда ойын мен ертегінің бала жүрегінің сабақта өте 


98 
қуанышты жағдайын көрсетеді. Айтқым келіп отырғаны негізгі мақсат танымдық іс - әрекет қана емес, жеке қасиеттерін 
қалыптастырып ауызша жауап беру арқылы тілін дамыту. 
Ойын терапияны алғаш қолданған ағылшын психологы Анна Фрейд екінші дүние жүзілік соғыста Лондондағы 
бомбылауда зардап шеккен балалармен жұмысында көрсетті. Егер бала ойын кезінде өзінің уайымын көрсете, сөзбен 
жеткізе білсе..ол..қорқыныштан,.уайымнан.арылады.
Ойын - балалар үшін тек сөз емес, ол - тіл, сондықтан балаға дер кезінде көңіл бөле білу керек. Ойнап отырған 
жалғыз бала және ойнап жүрген балалар тобы педагогикалық тұрғыдан қарағанда екі түрлі жайт. Ойын балалар үшін 
айналадағыны танып білу тәсілі. Ойынның негізгі ерекшелігі. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз 
болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым –қатынасы үлкен рөл атқарады.
Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін 
дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың 
алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережені ой 
елегінен өткізе білу т.б. Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, 
білімді меңгеруге көмектеседі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен..ойын..құралдары.
Үстел үсті ойындары - лото, домино, тапқырлық ойындар, пазылдар, леголар қимыл белсенділіктерін, ептілікті талап 
ететін ойындар, мозайка типтес ойындар жатады. 
Қимыл ойындар балалардың қозғалысын жүгіру, секіру өрмелеу т.б қимылдарға жаттығуына және жетілдіруге 
мүмкіндік береді. Қимыл ойындары барлық жүйке - психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының 
қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелерді ұйымдастырушы рөл атқарады, олар ойынның барысын, 
жүйелілігін, ойнаушылырдың қарым-қатынасын, баланың мінез – құлқын анықтайды. Сол сияқты ойындар да топта жас 
ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанның 
өзінде де ойын үстінде болады.
«Ойын - негізгі тәжірибе мен терең ойлаудың көпірі» - деп педагог С.Пинжи айтқандай, ойын - ақпарат алмастыру 
құралы, өмірлік проблемаларды жеңе білуді үйрену. Баланың өмірдегі түсінігі, еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде 
көрініс табады. 
Қорыта...келгенде,.оқушылардың...білімділік..шеберлік- терінің жан - жақты дамуына, қалыптасуына, сөз 
іскерліктерін меңгеруіне ойын көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар 
белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Ал сабақ тақырыбына қарай ойынды 
таңдау, оны қызықты етіп тиімді пайдалану – бұл білім берушінің шеберлігі деп ойлаймын. 
Дидактикалық ойындар 
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі не одан да көп бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын 
арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық 
ойындардың негізгі ерекшеліктері. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. 
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді: 
1.
Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен 
ұйымдастырылады. 
2.
Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино», т.б. 
3.
Сөздік дидактикалық ойындар. 
«Сиқырлы қоржын» ойыны 
Сиқырлы қоржында ай аттары бар қағаздар жатады. Балалар сол қағаздарды алып шығады да, ай аттарын оқиды. 
Мысалы: наурыз, сәуір, мамыр – деген ай аттарын алып шықса, тақтада ілініп тұрған төрт жыл мезгілінің қайсысына 
сәйкес екенін тауып, сол жыл мезгілінің қасына іліп қоюы керек. 
«Кері сана» ойыны. 
Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау.
Барысы: Мұғалім көлемдегі санды көрсетеді де, бір баланың атын атап: «Әрі қарай кері сана» - дейді. Ол : «Тоғыз, 
сегіз, жеті» деп санай бастайды. Мұғалім балалардың біреуіне қарап, доп лақтырады. «Жеті» - дейді. Допты тосып алған 
бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады.
«Тез ойла» ойыны. 
Мақсаты: 1.Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту. 
2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 
3. Ойын арқылы шапшаңдыққа, тез ойлауға баулу. Мұғалім балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер 
тұрғанын айтқызу. 
«Нешінші?» ойыны. 
Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру.
Барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтардың суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. 
Балалар қатардан нешінші затты алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау 
керек. 
Ойын 
барысында...«нешінші?».деген..ұғымды..қалыптастыру. 
Балалардың 
сөздік 
қорын 
дамыту, 
қызығушылығын арттыру. 


99 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет