Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет79/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
 
 
 


100 
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ – БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУДЫҢ НЕГІЗІ 
 
Қошқарбай Айгүл Сайынқызы
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ноғайты ауылы
Сағыз орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бүгінгі таңда әрбір мұғалімге өзінің шығармашыл әлеуетін дамытып, көзқарасын қалыптастыру маңызды. 
Біліктілікті арттыру бағытында мұғалім жаңашылдықты қабылдай отырып, өзінің тәжірибесіне қорытынды 
жасап оқыту шеберлігін нығайтады. Заманауи оқыту әдістерін, білім технологияларын түсіндіру арқылы 
мұғалімдердің шыңдалуына, тәжірибе алмасуына, серіктестікте кәсібилікті дамыту білім беру жүйесін 
жаңартудың негізі. Қазіргі уақыттағы педагогі әрбір сабақтан кейін "Өз сабағымда неге жеттім? немесе жете 
алмадым", "Не ойдағыдай өтті? немесе өтпеді?", "Неліктен сабақтың бұл қадамы орындалған жоқ?" деген 
сұрақтарды үнемі қойып, рефлексия жасауымыз керек. Рефлексия сөзінің мәнің ашатын болсақ- (латын 
сөзінен "reflexio- өткенге жүгіну") - субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда, оларды қайта ойлап, қорыту 
мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы. Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі: Сананың 
және ойлаудың өзіне жүгіне алу қабілеті, жаңа білім алу мақсатында білімді талдау, сана мен жанның күйін 
өзіндік бақылау. Педагогикада рефлексия сабақтың бір кезеңі ретінде қарастырылады. Өз кезде сабақ 
барысында алынған білім мен сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік 
түсінік пайда болады. Мұғалімнің өзіндік дамуыңда ол "Неліктен осындай жағдай орын алды? немесе 
алмады?", "Кемшіліктерімді қалай жетістікке айналдырамын?", "Келешекте іс-тәжірибемді қалай 
жақсартамын?" деген сұрақтарды үнемі қоя отырып, кәсіби рефлексия жүргізе білуі керек. Біз өз кәсіптік 
деңгейіміз туралы ойлануымыз керек, себебі жаңа уақыт жаңа талап қойып отыр. Бұрыңғы "дәстүрлі" сабақ 
өз күшін жоюда, оқушылар өздеріне керекті мәліметтерді, ақпараттарды интернет жүйесінен алу дәрежесіне 
жетті. Бәрі де ойлай алады, бәрі ойдан басталады. Қазіргі жаңа формация педагогің- "рефлексивті практик" 
деп атауға болады, яғни ондай педагог- өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру 
әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог. Әрбір сабақта әртүрлі жаңа әдіс-тәсілдерді 
қолдана отырып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға үйренеміз. Әрине, жұмысымызда 
қиыншылдықтар да кездеседі, дегенмен оларды өту барысында біз тәжірибе жинақтаймыз, жаттығамыз, 
мақсатқа жетуге ұмтыламыз. 
Мұғалім өзіндік дамуына кәсіби рефлексия жасай отыра, жаңа әдіс-тәсілдерді жетік меңгеруге 
қалыптасады, сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Өз жұмысымызда рефлексия жасап, біз заман 
талабына сай дағдыланамыз, үйренеміз, біз өз әрекетіміз арқылы ғана дамимыз. Біз, мұғалімдер өздеріміздің 
біліміміз бен кәсіби дайындықтарымызға сәйкес, өздеріміздің жұмысымыз туралы толғаныста болуымыз 
керек. Рефлексивті ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, 
идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске 
асыруымыз керек. Осылайша оқытуға ерекше ықпал етіледі. 
Бұл жерде индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның "Рефлексивті практик: 
кәсіпқойлар іс-әрекетте қалайша ойланады?" (1983) деген кітабының ықпалы күшті болды. Мұғалімде сабақ 
үдерісінде "іс-әрекеттегі" толғаныс болуы тиіс, оны кейде "іс барысындағы толғаныс" деп те сипаттайды. 
Бұл біздің тәжірибемізге көзқарасты, біз пайдаланатын эмоциялар мен теорияларды қамтиды, соның 
салдарынан өзгеріп жатқан жағдайда сай әрекет етуге көмектесетін жаңа сезімдер туындайды. Бұл үдерістен 
кейін "іс-әрекеттен кейінгі толғаныс" жүреді, яғни басқаша айтқанда, біз өз сабағымызға талдау жасаймыз, 
ойланамыз, сонымен қатар біз өзіміздің іс- әрекетіміз бен тәжірибемізге қатысты бірқатар ойлар мен 
мәселелерді анықтаймыз. Біз әрқашанда өзіміздің жұмысымызға кәсіби рефлексия жасап, өз-өзімізді 
бағалаймыз. Уақытқа сай жаңа формация педагогі әрбір сабаққа үлкен дайындықпен, жаңаша әдіс-
тәсілдермен, түрлі тапсырмалармен келуі керек деп есептеймін. Болашақ ұрпақтың дамуы біздің 
белсенділігімізге, білім деңгейімізге, шығармашылық іс-әрекетімізге байланысты.
Мұғалімнің өзіндік дамуында кері байланыс, кәсіби рефлексия- манызды екендігі сөзсіз. Қазіргі кезде 
қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру саласында мектеп 
жұмысының дамуының ең басты фактор болып отыр. 
Бүгінгі заман талабы-білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер адам тәрбиелеуді 
қажет етіп отырғандықтан мұғалімнің мақсаты- өз тәжірибесіне өзгеріс енгізу. Өзгеріс енгізу- өз жұмысымыз 
жайлы ойлану, мониторинг жасау, саралау, зерттеу, кәсіби біліктілігімізді арттыру, қысқаша айтқанда біз 
өмір бойы оқуымыз керек, білім алуымыз керек, себебі мұғалім өз оқуың тоқтатаса оның мұғалімдігі де 
жойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет