Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ



Pdf көрінісі
бет82/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ - ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР 
Хасаинова ЛаураМатлкановна 
ШҚО Алтай ауданы Серебрянск қаласы 
Бастауыш сынып мұғалімі 
 
А.Байтұрсыновтың
пайымдауынша, “бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның 
білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, ал жолдан балалар 
қиналмай оңай оқу үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін балаға жұмысты әліне шағындап беру мен 
бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру”, - деп ой тұжырымдауы балаға білімді практикалық жолмен өздігінен 
игерудің тиімділігін, баланың қабілеті мен қабылдау мүмкіндігіне сай, жеке тұлғалық-бағдарлы білім берудің қажеттігін 
көрсетеді. 
Біз ғалымның пікіріне қосыла отырып, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру, 
олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іс-әрекет түрлерін үйлестіре жүргізгенде ғана мүмкін болады деп санаймыз. 
Өйткені, біріншіден, бастауыш сынып оқушылары үшін еңбек шығармашылығы ойында, еңбекте, оқудағы іс-әрекет 
үстінде көрінеді. Осы әрекеттердің қайсысын болса да оқушылар аса жауапкершілікпен орындайды. 
Екіншіден, оқушының өз еңбегіне қанағаттану сезімі оның сабақтағы материалды меңгеруіне байланысты болады. 
Демек, өткен немесе жаңа сабақ бойынша берілген тапсырманы орындауы сапалы болады. 


104 
Үшіншіден, шығармашылықпен еңбек етуге талаптанады. Оған балалардың өз шығармашылығымен еркін 
тақырыпқа құрастырған ертегілерінен, мәтін мазмұнына сәйкес қиялы бойынша салған суреттерінен, өткен тақырыпқа 
ұқсас өлең, тақпақ шығару, логикалық тапсырмаларды орындауынан, анаграмма, ребус құрастыруларынан көруге 
болады. 
Ж.Аймауытов білім тану жолы мен тіл үйрету жолын бірлікте қарастыра отырып, бастауыш сынып мұғалімдеріне 
мынадай әдістемелік ұсыныстар берген. Олар: 
– басқа пәндерден тіл оқуы айырым болмасын, қайта өзге пәндер тіл үйренуге көмек етсін; 
– жан дүниесінде (психологияда) тіл үйрену басты жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге 
таянып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесіп, тыңдасып жазсын, оқысын тілге үйренсін; 
– баланы тілдің әр түріне машықтандырғанда белгілі жүйе қолданылсын. Жазу, оқу, танудан соң келеді, соңғылары 
тәжірибеден соң келеді. Сондықтан әуелі баланы көрген-білгені туралы әңгіме құрып, содан кейін оқуға, жазуға 
үйретілсін; 
– бала әуелі өз бетімен сөйлеуге, жазуға төселіп, сонан кейін үлгілі сөздерге еліктеуге мүмкіндік берілсін; 
– әңгіме үшін берілетін мағлұмат кітаптағы даяр заттар бола бермесін, баланың тәжірибесінен, көрген-білгенінен 
алынсын. Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында 
мына мәселелерге ерекше көңіл аудару керек: баланың өз тілін білуіне барынша көмектесу, олардың бойында дұрыс 
сөйлеу мен жазуға деген қажеттілікті дамыту; тілдік құбылыстарды меңгеруге қажетті негізгі ұғымдарды қалыптастыру; 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес орфографиялық дағдылар қалыптастыру. 
Біздің пікірімізше, ғалымның берген ұсыныстары күні бүгінге дейін бастауыш мектепте ана тілін оқыту 
әдістемесінде басшылыққа алатын қағида іспеттес. Өйткені, қазіргі таңда ана тілі пәнінің алдына қоятын мақсаты – 
оқушыларды дұрыс, таза сөйлеуге, сауатты, көркем жазуға, мәнерлеп, түсініп, дұрыс, тез оқуға, өз ойын жазу тілі 
арқылы да, ауызша сөйлеу тілі арқылы да жүйелі түрде жеткізе білуде, ана тілінің заңдылықтарын сақтауға, тілдің 
қарым-қатынас құралы екені түсіндіріліп, тіл байлығын, сөздік қорын өмірмен байланыстыра отырып дамыту, сөйлеу 
мәдениетін қалыптастыру болып табылады. 
Ж.С.Сардарова тұлғалық әрекеттік тұрғыдан бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын 
қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі ретінде мұғалім мен оқушы арасындағы ашық қарым-қатынас, сенімділік, 
диалог, негізінде оқушылардың шығармашылық әлеуетінің өзіндік ашылуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға жағдай 
жасауды көрсетеді. Автор жеке шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыру өзін-өзі дамыту мен тұлғалық даму механизмін 
іске қоса отырып, ақпараттық сауаттылық қалыптастыру үрдісінде оның ынтасы мен серпінділігін есепке алуды 
болжайды. Бұл бағыт оқу үрдісін ұйымдастыруда әрбір оқушының жеке ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін 
анықтауды, осыған сәйкес оқыту әдістері мен формаларын таңдап, оларды оқушылармен педагогикалық өзара әрекет 
үрдісінде ескеруді талап етеді. Бұдан шығатын қорытынды ақпараттық сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш 
сыныптан оқытудың тиімділігіне көз жеткізген автордың идеясын бүгінгі ақпараттық технологияның қарқынды дамуы 
кезінде информатика пәнін бастауыш сыныптарға енгізуде пайдалану қажет, деп санаймыз. Өйткені, білім беру тұлғаға 
бағдарланса, оның шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруға ықпал етеді. 
Танымдық қызығушылық оқушының өзіндік жұмысында ашыла түседі. А.К.Маркова өзіндік жұмысқа оның мақсаты 
арқылы баға береді. Н.Д.Хмель өзіндік жұмыс оқытудың әдіс тәсілдері ретінде немесе оқытуды ұйымдастыр удың 
формасы ретінде қарастырған. 
Өз бетінше жұмыс істей білу, яғни оқу материалын талдау, жаңадан қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс 
жүзінде қлджана білу, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың алғы шарты болып табылады. 
Ж.Аймауытов бала психикасының дамуы тәрбиешілермен бірге, бұл баланың өзіне де, оның белсенділігіне де 
байланысты екендігін айтқан. “Баланың, - деп жазды ол, - тума серпілуін қозғайтын ешбір шара істемесе, баланы 
мектепке бергенмен, көңілдегі нәрсемізді үйретуге болмайды. Мектепке келгенде алғашқы қадамды бала өзі бастауы 
керек”, дейді. 
Бұл жерде автор баланың, жеке басының белсенділігі, жеке басының қамтылуы, қызығуы, талап-тілегі мен мақсат-
мүддесінің белсенділігінен туатынын айтып отыр. “Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын, әйтеуір бірдеме істеуі 
керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан-дүниесі дұрыс жетілмейді”-деген Ж.Аймауытовтың бұл пікірі белгілі 
психолог А.Н.Леонтьевтің адам психологиясы тек іс-әрекет үстінде дамып отырады дейтін қағидасына жақын тұжырым 
деп есептейміз. 
Бұдан оқытуды тұлғаға бағдарлап, баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырып, онда әрекетті 
баланың өзіне істету, яғни жұмысының нәтижесін көрсетіп, ынталандырып отыруы қажет деп санаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет