101
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ ҮШІН ТЫНЫМСЫЗ ІЗДЕНІС ҚАЖЕТ
Кемалова Айгуль Сагинаевна
Ақтөбе қаласы
№59 ЖББ орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де
жойылады, – К. Д. Ушинский. Адам баласы қандай мамандық иесі болмасын, қандай да бір жерде жұмыс атқармасын
өзінің кәсібінің майталманы болуы керек, ал маманының майталманы болу үшін не керек? Әуелі, еңбек керек, ізденіс
керек, өзін- өзі жан жақты адам ретінде, тұлға ретінде дамытуға деген талпыныс керек.
Мектептің жаны, мектептің жүрегі – мұғалім деп айтып та, естіп те жатамыз. Ахмет Байтұрсыновтың «Мектептің
жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар
көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар,
жақсы оқыта білетін мұғалім» деген сөзінде қаншама ой, қаншама түйін жатыр. Расымен де, өмірдегі сан түрлі
мамандықтардың ішінде білімділікті, кәсібилікті, тәрбиелілік пен шеберлікті аса қажет ететін мамандықтың бірден-бірі
– мұғалім мамандығы.
Қоғамымыздың болашағы, дұрыс бағытта дамуы жас ұрпақтың іс-әрекетіне, тәлім–тәрбиесіне, сана–сезіміне,
дүниетанымына тікелей байланысты. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі кезек күттірмейтін, егеменді
еліміздің болашағын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтың еншісінде. Олай
болса, қоғам педагогқа үлкен үміт артып, ел тағдырын сеніп тапсырып отыр және одан жоғары жауапкершілікті талап
етеді. Осындай күрделі мәселенің шешімін табу жолында педагогика ғылымының көптеген ғалымдары талмай ізденіп,
зерттеулер жүргізіп, өз кезегінде білім беру саласына жаңалықтар мен өзгерістер енгізуде. Ал
педагогтар болса, өз
педагог-калық іс-әрекетінде сол жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, әдіс–тәсілдерді жете ұғынып,
тәжірибеде ұтымды қолдана білулері керек.
Кәсібилік
–
ұстаздың
психолого-педагогикалық,
ғылыми-пәндік
білім-біліктің
мәдени-адамгершілік
ұстанымдарыммен үйлесудің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік – өз бетінше және жауапты әрекет жасауға мүмкіндік
беретін белгілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және арнайы эрудицияның болуы, ғылыми-кәсіби
дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс-әрекетте міндеттерді шешу үшін еңбек субъектісінің
кәсіби дайындығы
және қабілеті. Ал мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде,
тіпті қоғам жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді. Міне, сондықтан да, қазіргі педагог білім беру үрдісін
ұйымдастырудың көпқырлылығы туралы білуі шарт.
Яғни, педагог өз қызметіне қатысты инновацияларды, технологияларды, өзгерістерді жақсы меңгерген болуы қажет.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мұғалімге деген дәстүрлі көзқарастар өзгерді. Кез келген педагог кәсіби және тұлғалық
өсудің бірден бір жолы – кәсіби өзін–өзі жетілдіру екенін түсінгені дұрыс. Ұстаздың жеке тұлғалық қасиеттері
педагогикалық іс-әрекеттің ішкі мазмұнын құрап, шебер-ұстаз болып қалыптасуға аса қажет. Қазіргі таңдағы көптеген
педагогтар өзінің кәсіби жетілуіне көп мән бермейді. Оны әртүрлі жағдайлармен байланыстырып жатады. Дегенмен,
жоғарыда айтып кеткен қоғамымыздағы шешімін күтіп тұрған мәселелер ешқандай сын көтермейді.
Егер педагог өзінің жалпы педагогикалық біліміндегі, өзі оқытатын ғылым негізі бойынша біліміндегі кемшілік
тұстарын байқамаса, өз педагогикалық құралының жеткіліксіздігін көрмесе, оның кәсіби өзін–өзі жетілдіруі мен өзін–
өзі тәрбиелеуі тіптен мүмкін емес деп айтуға болады. Өзін–өзі кәсіби жетілдіру мен дамытуға кіріспес бұрын, педагог
өз іс-әрекетінің қандай да бір өткен кезеңіне талдау қорытындыларын жасап отыруы керек. Сонымен қатар өз іс–
әрекетін жақсартуға байланысты жасалған қызметтес адамдардың нұсқауларын ескеруі қажет.
Кәсіби іс-әрекетінде
нақты жетістіктерге жете білген педагогтардың тәжірибесіне сүйенсек, кәсіби өзін–өзі жетілдіруді өзінің педагогикалық
іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің себеп–салдарларын терең талдаудан бастау қажет екендігіне көзіміз
жетеді. Өз әрекетінің үрдісі мен нәтижелерін талдай отырып, оқытушы рефлексия жасайды. Рефлексия (лат. сөзінен
аударғанда reflexio – өткенге сүйену) – толғану, өз–өзін байқау, өзін–өзі тану. Кәсіби сана–сезім өзін–өзі тану негізінде
қалыптасады. Осының нәтижесінде педагог білім беру үрдісінің заңдылықтарын түсініп, педагогикалық шеберлікке бір
адым болса да жақындай түседі.
Он тоғызыншы ғасырдың ұлы неміс ғалымы, педагог Адольф Дистервег педагогтардың білімі мен тәрбиесіне үлкен
мән берген. Оның осы мәселе бойынша жарық көрген еңбектері де бар. Ол: «Педагог өз тәрбиесі мен білімін жетілдіру
бойынша жұмыс жасап жүрген кезде ғана басқаларды шынайы тәрбиелейді және білімдендіреді» деп салмақты ой
тастаған еді. Үйренбейтін, оқымайтын, ғылыми жетістіктерді күнделікті біліп отырмайтын педагог артта қалады деу аз
болады: ол артқа тартып, оқу мекемесінің алдында тұрған міндеттерді шешуді қиындатады, педагогикалық ұжымның
жалпы қозғалысына кедергі келтіреді. Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич
Ушинский мұғалімдердің
педагогикалық іс-әрекетін жан–жақты зерттегендердің бірі.
Ол былай деген еді: «Мұғалім өзі үйреніп, оқып жүргенде ғана өмір сүреді». Бұдан өз кәсібилігін жетілдіру
мақсатында үнемі оқып, үйреніп отыратын мұғалім ғана өз іс-әрекетінен ләззат алып, өмір сүре алады дегенді ұғынуға
болады. Егер кәсіби сана–сезім іске деген жағымды эмоционалды қарым-қатынаспен, өз еңбек саласына деген
мақтаныш сезімімен ажарланса, бұл іс үшін де, адамның өзі үшін де оңтайлы болады. Осындай ой тастаған ғалымдардың
бірі Д.С. Лихачев: «Оқып, үйрену әрқашан керек. Барлық ұлы ғалымдар өмірлерінің соңына дейін оқытып ғана қойған
102
жоқ, өздері де оқыды. Оқуды тоқтатсаң – басқаларды оқыта алмайсың. Білім күннен күнге өседі және қиындай береді»
деп бекер айтпаған.
Педагогтың өзін-өзі бағалауын қалыптастырудың басты тәсілі – ол, өзінің нәтижелерін тұлға және педагог әрекетінің
идеалымен салыстыра өлшеу. Мұндай жұмысты ерте, әу бастан бастаған дұрыс. Кәсіби идеалды қалыптастырудың ең
жеңіл, әрі тиімді тәсілі өзін-өзі білімдендіретін арнайы әдебиеттерді оқу, өзінің идеал педагогын табу мақсатында ұлы
педагогтардың өмірімен және шығармашылықтарымен танысу. Бұл – оның өзін–өзі тәрбиелеудің тиімділігінің басты
шарты. Бұл орайда үлгі боларлық идеал образын тапқан дұрыс. Л.Н.Толстой мынандай ережелерді орындау өте
маңызды деп санаған: «Белгіленгенді, ешқандай сылтаусыз міндетті түрде орындау.
Орындаған екенсің, оны жақсы
деңгейде орында. Кітапқа түртіп қоюдың орнына өзің жадыңда сақта, еске түсір, сөйтіп, ақыл–есіңді үнемі
мүмкіндігінше жаттықтырып отыр».
Өзін–өзі тәрбиелеу үрдісінің сыртқы факторының біріне педагогикалық ұжымды жатқызуға болады. Егер педагог
қызметтестері шығармашылық ізденіске жоғары назар аударып, оның тапқырлығына,
жаңалықтарына шынайы
қуанатын, педагогтың кәсіби жоғарылауын қалайтын педагогикалық ортаға түссе, кәсіби идеалдың талаптарына
сәйкестенуге тырысады. Ал керісінше, педагогтар арасында ұжымшылдық жоқ болса, шығармашылық ізденіске
немқұрайлы қараса, өзін–өзі жетілдіруге деген қажеттілік жоғалады.
Осындай құбылыс оқу орнының жетекшілеріне де байланысты. Педагогтың өзін–өзі білімденуі мен өзін–өзі
жетілдіруіне деген қажеттіліктің болуы тікелей басшылыққа қатысты. Егер басшылар педагогтың жеткен жетістіктеріне
шынайы қуанып,
оны қолдап, ынталандырса, педагог тағы өзін–өзі тәрбиелеу қажеттілігі арта түседі. Келесі бір
маңызды фактор – ол, уақыт. Ол педагогқа көркем әдебиетті, аралық басылымдарды оқу,
мұражайларға, театр мен
көрмелерге бару, танымдық фильмдер мен телебағдарламаларды көру және арнайы, психологиялық–педагогикалық
әдебиеттерді оқу үшін қажет. Ол фактордың тиімді жүзеге асуы тікелей педагогтың өзіне байланысты. Егер педагог күн
тәртібін ұтымды жоспарлай білсе, уақытты үнемді пайдаланса, өзін–өзі білімдендіру үрдісін дамыта алады.
Сондықтан да, педагог өз жұмысын, өзінің нәтижелерін талдай отырып, педагогикалық жетістіктерін жалпылай және
жүйелеп, өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалап және қиыншылықтарды жеңу тәсілдерін көре білуі керек, сонымен қатар
одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тырысуы қажет. Өз-өзімізді кәсіби дамыту да, тәрбиелеп жетілдіру де өз
қолымызда. Алдымызда қол жеткізетін – мақсат, іске асыра алатын – мүмкіндік те, жағдай да бар. Тек осыны дұрыс
жолға салып, биік шыңдардан көрініп, жетістіктерге жеткізетін жастарымыз көбейе берсін.
Достарыңызбен бөлісу: