Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет87/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


111 
ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ 
 
Умутбаева Гулнар Мухатаевна 
Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылы 
«Береке орта мектебі» КММ 
Бастауыш сынып мұғалімі 
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор 
ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас 
ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып 
орындайтын болады. 
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында 
балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. 
Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. 
Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы 
анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кеңқарастырылуда. Ойын 
технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. 
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен 
тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының 
қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалықнәтижесіне сай анықталады. 
Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыруқұралы ретінде ойын әдістері мен 
жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойынәдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі 
бағыттарда жүргізіледі: 
Мәтін арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту 
Орыс сыныптарында қазақ тілі оқытудың ең негізгі мақсаты – тілді үйрету, яғни оқушы белгілі дәрежеде қазақ 
тілінде сөйлеу керек, басқаны түсіну керек, оқыған шығарманың мазмүнын түсіну керек, өз ойын басқа адамға жеткізе 
білу керек. Бұл ушін сабақ барысыдна мәтіндер қолданылады. 
Мәтіндерді қолдану мақсаты – балалардың сөздік қорын дамыту, мәтінді талдай білу, сонымен бірге ауыз және жазба 
тілінің дағдаларын қалыптастыру. 
Баланың тілін дамытуда мәтін үлкен орын алады, мәтін балаға білім береді, тілі мен ой-өрісін дамытады және 
тәрбиелейді. 
Мысалы, ауызша да, жазбаша да біз өз ойымызды сөз арқылы емес, негізінде мәтін арқылы жеткіземіз. 
Мәтін талдаған кезде келесі талаптарға назар аудару қажет: 
1. Мәтінде тәрбиелік мақсаты болу керек; 
2. Мәтіндерде оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін қазақ халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері, ұлт 
мейрамдары туралы мағлүмат көбірек болуы тиіс; 
3. Жеңілден қиынға деген дидактиқалық принципіне сәйкес мәтіндер сабақтан сабаққа, сыныптан сыныпқа 
күрделену тиіс. 
Мәтінмен жұмыс 5 түрге бөлінеді: 
1. Мәтінмен танысу (тұсаукесер) 
2. Мәтін негізінде тапсырмалар мен жаттығуларды орындау 
3. Сұхбат құрастыру 
4. Монолог 
5. Бақылау 
1.Мәтінмен танысу - мәтінді оқу, жаңа сөздермен танысу, мәтінді аудару, мазмұнымен танысу. 
2.Мәтінмен жұмыс істеген кезде мынадай грамматиқалык тапсырмаларды орындауға болады: сөйлемді толықтыру, 
сөйлемнің мағынасын сақтай отырып сөйлемді жаңадан кұрастыру, сөйлемді кеңейту және қысқарту, антоним мен 
синонимдерді табу, сөйлемдерге синтаксистіқ талдау жасау. 
Мәтінмен жұмыс жасаған кезде инновациялық технологияларын қолданамын, мысалы – интенция. Интенция 
дегеніміз - сұхбат немесе монолог барысында ситуативтік, эммционалық сөздерді қолдану. 
Енді осы бес кезеңге, бес мәселеге нақты тоқталайық, 
1. Көркем шығарманы талдаудың алғашқы қадамы-ондғы оқиғаны, оның талдау желісін таныстырудан, 
ұғымдырудан басталады. Шығармадағы оқиғаны, онық мазмұнын, сюжетін, шығарманың көркемдік ерекшелгін, тілдік 
шеберлігін, кейіпкерлер бойындағы адамгершілік, сана мен рухани байлығын білмеген, түсінбеген оқушы шығарманы 
әрі қарай талдауға кірісе алмайды. 
Ол үшін мынадай жұмыс істелу қажет: 
А)Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен және тірек сөздермен жаттығу жұмыстарын өткізу; 
Ә)Мәтіннің мазмұнымен таныстыру (оқушылар өз бетінше оқып, мазмұнымен танысып келеді). 
2) Мұғалімнің арнайы тапсырмасындағы мәтінге байланысты жаттығуларды орындау. 
А)Сөйлемдерді толықтыру. 
Ә) Сөйлемдердің мазмұнын сақтай отырып басқаша құрастыру. 
Б) Сұрақтарға жауап беру. 


112 
В) Қате сөйлем беріледі. Мәтіннен дұрыс нұсқасын табу. 
Г) Мәтінді жоспарлау. 
Д) Сөйлемдерді ықшамдау. Сөйлемдерді кеңейту. 
Е) Шығармада кездесетін фразеологизімдермен, мақал-мәтелдермен, нақыл сөздермен, омоним, синоним, 
антонимдермен жұмыс істеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет