Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет95/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

Бас әріптер 
1. Үзіліссіз жазылатын бас әріптер: А,Ә,В,Д,Е,З,И,Л,М,Н,О,С,У,Ү,Ц,Ч,Ш,Щ,Ы,І,Ю,Я. 
2. Біз үзіліспен жазылатын екі элементті бас әріптер: Б,Г,Р,Х,К,Қ,Ұ,Ө,Э. 
3. Екі үзіліспен жазылатын бас әріптер: Г,Ж,П,Е,Ф. 
4. Үш үзіліспен жазылатын төрт элементті бас әріп: Т. 
Қорытынды. 
Қоғам мен жалпы білім беретін мектептердің сұранысына сәйкес бастауыш мектеп буында көркем жазу пәнінің мәні 
зор. Оқушылардың жазу дағдысы қалыптастыру оны кейінгі сыныптарда жетілдіру үшін, жазу әрекеті мен 
психофизиологиялық әрекеттерін ескеру жазуға үйренудің әр тәсілдерінен қарулану тек көркем жазу сабағында жүзеге 
асады. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларында графикалық каллеграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыру 
процессінің психологиялық физиологиялық дидактикалық негіздерін ашу керек. 
Сонымен қатар оқушыларды жазу кезінде дыбыс таңбаларын дұрыс қолданып, көркем әрі сауатты жазумен бірге, 
айтылған ойды жылдам жазуға, оқылған тексті есте сақтап жазуға үйрету де өзекті мәселелердің бірі. 
Бір қарағанда алфавиттегі санаулы дыбыс таңбаларын әдемі және жылдам жазуға балаларды үйрету онша көп 
қиындық келтірмейтін сияқты. Шын мәнінде бұл дағдыларды оқушылар бойында қалыптастыру барысында мектептің 
алдында көптеген қиындықтар кездеседі. Жазба жұмыстарын көптеп орындатуға қарамастан, кейбір оқушылар дыбыс 
таңбаларын, олардың бір – бірімен байланысу жолдарын жазу кезінде қолдана біледі. Дыбыс таңбаларын көркем әрі
айқын жазуға дағдыланса да, жылдам жазуға әдеттенбегендіктен, айтылған ойға ілесе алмайды әрі жазу сауаттылығы 
мен анықтығы төмендейді. 
- Көркем жазу көзбен қабылданды да, қолмен іске асады. Жақсы үлгілерді көп қайталап жазудың арқасында көркем 
жазу турады. 
Көркем жазу табиғаты, әрине асықпай жазуды талап етеді. Алайда жазудың өте баяу болуы біздің сабағымызға 
кедергі келтіреді. Сынып жоғарылаған сайын жедел жазу міндеті жүктеледі. 
Әдемі, көркем жазу сендердің мінез-құлықтарының тәрбиелейді. Таза, сұлу, көркем жазылған жазба жұмыстары да 
оңай, тез оқуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар көрер көзге де сүйкімді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет