126
Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы болып есептеледі. Себебі,
бұл жұмыс
түрлерін барлық сабақта мұғалім мүмкіндігінше қолдана алады. Коммуникативтік дағдыны дамыту үшін тәжірибемізде
жүргізілетін жұмыс түрлері:
- оқушылардың қатысым және жазылым қарым – қатынасын қалыптастыруға;
- сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге;
- жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады. Сол әдістер
арқылы біз сабақта оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, тілдік дағдыларын дамытамыз. Қолданылып жүрген
кейбір әдістерді атап өтсем, мыналар:
1. «Шығармашылық үй тапсырмасы»
Мысалы, «Қазақ отбасының дәстүрі» атты сабағымда оқушылардың ой – өрісін дамыту үшін «Суреттер» блиц
ойынын ұйымдастырдым. Онда әр оқушы өз отбасының суретін салады, оны сыныптастарына таныстырады.
2. «Ешнәрсеге ұқсамайтын қарапайымдылық»
Тақтаға әріптері түсіп қалған сөздер жазылады, оқушылар осы әріптерді орнына қоюы керек. Сосын оқушылармен
бірлесе отырып, әріптерден сөз құрастырылады, «ертегі» деген сөз шықты. Енді сол сөзден қазақ тілі ережесіне
байланысты ертегі құрастыруды тапсырамын. Өтілген әдістемелер бойынша дұрыс таңдап алынған әдіс балалардың
сабаққа деген қызығушылығын арттырады деген қорытынды жасалды. Біз таңдаған әдістеме бойынша балалар үй
тапсырмасын қызығушылықпен оқи отырып және жаңа нәрсені тани отырып орындады.
Оқушыларының оқу мотивін дамыту және сақтау үшін, жұмбақтарды, ребустарды, әдеби кейіпкерлер мен ертегі
қаһармандарын мақсат ретінде қолданамыз. Белсенді әдістерді пайдалану оқу мотивациясын бекітеді және оқушының
жақсы жақтарын дамытады. Бұл әдістерді төмендегі сұраққа жауап іздемейінше қолдануға болмайды: біз оларды не
үшін пайдаланамыз және оның нәтижесінде қандай салдарлар болуы мүмкін (мұғалім үшін де, оқушы үшін де). Барлық
әдістерді бір сабақта
қолдану міндетті емес,әрине.
3. Ойын әдісі. Жиі қолданып жүрген әдістердің бірі-ойын әдісі. Ойын оқушының сабаққа қызығушылығын
арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, алуан мәлімет, дағды меңгереді. Көбіне қайталау, қорытынды
сабақтарда қолдануға тиімді
Достарыңызбен бөлісу: