Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет105/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
Дуйсебаева Рысалды Жакыпбековна 
С. Босқынбаев атындағы негізгі мектеп КММ 
Бастауыш сынып мұғалімі 
 
Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың, әсіресе диктанттың маңызы зор. Тек диктант 
түрлері грамматикалық ережелерді әр оқушының қалай меңгергенін және нелерді шала білетінін байқатады. Сондықтан 
диктант қай сыныпта болмасын, неғұрлым жиі алынса, оқушылардың сауаты соғұрлым табысты болмақ. 
Диктанттар мына түрде болады: әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту, шығармашылық, көру, өздік, суретті, терме, 
графикалық, есту, бақылау диктанттары.Мақсатына қарай оларды өткізудің де тәсілдері түрлі-түрлі. 
Оқушыны қатесіз жазуға үйрету үшін мұғалім олардың жіберген қателерін дер кезінде көріп, онымен нақты, 
тиянақты жұмыс істеуі тиіс. Дұрыс сауатты жазуға төселдіру үлкен шеберлікті қажет етеді. 
Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережелерге сай жүргізіледі. Ең алдымен ережені түсіндіріп алып, содан 
кейін ережеге сай келетін сөйлемдер айтып, оқушыларға жаздыру керек. Бұл түсіндірме диктант есту арқылы болады 
және көру арқылы жазатын түрлері де бар. Ол былай жүргізіледі, алдымен кітаптан бір үзінді алып, оны оқытып, 
оқығаннан кейін жатқа жаздыру, олардың қаншалықты дұрыс жазылғанын тексеру қажет немесе тақтаға тақырыпқа 
байланысты сөздер жазып, оны көшіріп, қайта дәптерге жаздыру. Бұл балалардың сауатты жазуын, сабаққа деген 
қызығушылығын арттырады. 
Диктант түрлері: 
1. 
Шығармашылық диктант 
2. 
Өзіндік диктант 
3. 
Бақылау диктанты 
4. 
Еркін диктант 
5. 
Шолу диктант 
Суретті диктант. Бұл диктантты түрлендіріп өткізуге болады. Мысалы, суреттегі заттың атын ататып, ондағы сөзде 
неше дыбыс болса, сонша тор көз сыздыру. Немесе суреттегі заттарды атап, дауысты дауыссыз дыбыстарды көк не 
қызыл дөңгелекпен белгілеу, суреттегі заттарды буынға бөлгізіп жаздыру. Айтып отырып жазу әдісін қолдану. 
Шығармашылық диктанты. Үйрету диктанттар ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі 
оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын білім деңгейімен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру 
көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем 
құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктер болады. Мысалы: 
1. Ауамен, біз, дем, аламыз. 
2. Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы, өте. 
3. Үйдің, таза, ауасын, әр уақытта, сақтаңдар 
4. Жиі, терезені, тұрыңдар, ашып 
Бұл жерде сөзді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрап жазу керек. 
Терме диктант. Бұл диктант түрі белгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде 
жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқыр алдында қандай ережеге көңіл аудару керек екендігін ескертеді. Оқушылар 
мәтінді дұрыс жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздермен сөз 
тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады. Мысалы, оқушыларды үш топқа бөліп деңгейлеп тапсырма беру. 
І топ: заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жазу. 
ІІ топ: тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жазу. 
ІІІ топ: жіктелген сөздерді теріп жазу. 
Өздік диктант. Бұрыннан белгілі мәтінді жазу үшін қолданылады. Бұл сын жұмысын жазу оқушылардың логикалық 
ойлау қабілетін дамытады. 
Еркін диктант. Оқыған текстің мазмұнын оқушылардың өз беттерімен жазу үшін беріледі. Сын жұмысының бұл түрі 
оқушылардың тілін байытады, дұрыс, қатесіз жазуға төселдіреді. Оқушыларға тексті бір рет оқып беріп, біреуіне 
мазмұнын айтқызып, содан кейін еркін диктантты жаздыру керек. Еркін диктант жаздыру шығарма, мазмұндама 
жаздыруға үйретеді. 
Шолу диктанты. Бұрын оқып кеткен тақырыптарды пысықтау үшін қолданылады. 
Бақылау диктанты. Орфография мен пунктуациясын және грамматикасын, оқушылардың білімін сынау үшін, 
олардың қандай дәрежеде сауатты екенін білу үшін жүргізіледі. Сын жұмысының тексті балалардың білім дәрежесіне 
сай болуы керек. 
Бастауыш сыныптардағы жазба жұмыстарының тағы бір түрі – мазмұндама. 
1. 
Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Бұл мазмұндама алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жазылады. 


138 
2. 
Сурет бойынша мазмұндама. Мұндай мазмұндаманы жазу балаларға сурет мазмұнын үйретеді. Мақсаты: 
бірізділікке баулу, оқиға желісін ауыстырмай, ретімен жазу. Суретті мазмұндама оқушы шығармашылығын дамытуды 
жетілдірер бір құрал. 
3. 
Кино, диафильм бойынша мазмұндама. Кино, диафильм оқушының оқу-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы 
ең күшті құрал. Өйткені жүз рет естігеннен, бір рет көрген абзал. Сонымен бірге, есту, көру, есте сақтау қабілетін 
дамытуға да әсерін тигізеді. 
Оқушылардың жазба тілін дамытудың тағы бір түрі – шығарма.Шығарма белгілі бір тақырып бойынша өз ойын 
жоспар арқылы баяндау. Бастауыш сыныптарда балалардың жазатын шығармаларын мынадай топқа бөлуге болады: 
1. Экскурсия бойынша 
2. Оқушылардың естіген, оқыған әңгімесіне байланысты. 
3. Өнер саласына байланысты. 
4. Суретке қарап жазу. 
Шығарма жұмыстарын магнитофон арқылы жүргізуге болады. Магнитофон арқылы жүргізілген шығарма 
оқушыларды ізденгіштікке ұмтылдырады. Ой -өрісі, ұғымын кеңейтеді, байқампаздығын дамытады, құбылыстарды 
шынайы бағалай білуге үйретеді, және де оқушылардың толық фантазиялық еркіндігін қалыптастырады. Үнтаспадағы 
естіген дыбыстарына байланысты сөздерді тауып жазатын шығармаларын барынша әсерлі жеткізулеріне талап қою 
керек. 
Сондай-ақ шығарма мен мазмұндамаға қойылатын әдістемелік талаптардың орындалуын мұқият бақылауға алу 
керек. Ол талаптардың негізгілері мынандай: 
– берілген тақырыпты мазмұнын ашып көрсете білу, оқушы өзіне жинаған материалын берілген тақырыптағы негізгі 
ойды анықтайтындай етіп іріктеуі қажет. 
– Шығарма ұсынылған материалдың идеялық мазмұнын белгілі бір ретпен жүйелі түрде баяндауға тиіс. 
– Артық сөз, қыстырма сөз қолдану, бір сөзді бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы 
жасалуға тиіс. 
– Жазба жұмыстарының орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық қателерін оқушы мұқият қарап тексеріп 
шығуы тиіс. 
Бастауыш сыныптарда оқушыларға мазмұндама, шығарма жаздыру барысында оқушылардың өз жазғандарын 
өздеріне тексерту, түзеттіру жұмыстары жүргізіледі. 
Шығармалардың көлемі: 
• 
ІІ сыныпта 20-30 сөз,
• 
ІІІ сыныпта 30-60 сөз,
• 
ІV сыныпта 60-130 дейін барады.
Шығарма жазуға дайындық түрлері: 
1. Бірлесе отырып шағын мәтін құрастыру;
2. Дайын сұрақтар бойынша өз ойларын жазбаша түрде қағаз бетіне түсіре білу;
3. Дұрыс сөйлем құрастыра білу. Сөйлемді бас әріппен бастап,аяқтай білу.
4. Өз ойын бейнелеу үшін сөзді дәл әрі нақты таба білу.
Оқушының сөйлеу тілінің
• 
- мазмұндылығын;
• 
- дәлдігін;
• 
- анықтығын;
• 
- дұрыстығын;
• 
- шығармашылықтығын;
• 
- көркемдігін анықтау керек
Әдебиеттік оқу сабағында жүргізілетін жұмыстар: 
• 
Мәтіннен ,әңгімеден көркем сөзді таба білу;
• 
- Шығармадан оқушылар түсінбеген сөзді табу,мағынасын ашу;
• 
- Берілген бейне бойынша көркем сөздерді пайдалана отырып сипаттау;
• 
- Түсінік айту барысында таныс көркем сөздерді пайдалану;
Шығарма жазуды меңгеру үшін жүргізілетін жұмыстар: 
• 
-сөйлем құрастыру;
• 
-сурет бойынша орны ауысқан сөйлемдерді қалпына келтіру;
• 
Сюжетті суреттер бойынша мәтін құрастыру;
• 
Оқыған мәтінді әңгімелеу.
3-4 сыныптарда жүргізілетін жұмыстар: 
• 
1.Көрген ,бақылаған заттар мен құбылыстар туралы шағын әңгіме құрастыру.
• 
2.Өз өмірінде болған жағдаяттар туралы әңгіме жазу.
• 
3.Көрген кинофильмдері туралы әңгіме жазу.
• 
4. Оқушының өз іс-әрекетіне (ойын, еңбек) байланысты тақырыптар. 
• 
5. Хат жазу.


139 
Бастауыш сыныптардағы жазба жұмыстарының тағы бір түрі – мазмұндама. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама.Бұл 
мазмұндама алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жазылады. Сурет бойынша мазмұндама. Мұндай мазмұндаманы 
жазу балаларға сурет мазмұнын үйретеді.
Мақсаты: бірізділікке баулу, оқиға желісін ауыстырмай, ретімен жазу.
Кино, диафильм бойынша мазмұндама. Кино, диафильм оқушының оқу-тәрбие жұмысын
жақсарту жолындағы ең күшті құрал. Өйткені жүз рет естігеннен, бір рет көрген абзал.
Сонымен бірге, есту, көру, есте сақтау қабілетін дамытуға да әсерін тигізеді.
Қорыта келе:
Тәрбиенің сан –саласы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы 
баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш сынып. Олай болса, 
байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғарғы сыныпқа көшкенде 
шығармашылық жұмыстың қай түрін болса да меңгеруге бейім болады. Олар жаңа идеялы проблемаларды өздігінен 
шешуге тырысады. Оқушының шығармашылыққа даму бағытын жан-жақты арттыру үшін мұғалімнің қолданатын әдісі 
орасан зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет